Өзім туралы бір ауыз сөз

Менің Аты — жөнім Шаухаев Кәрлен Қаржаубайұлы. Маңғыстау өңірінде тұрамын. Руым — жары, жарының бектемісі, бектемістің байжігіті, байжігіттің сығайымын.

Анамның айтуы бойынша қыстың күні далада шаңғыдан түсіп қалыппын. Анам сол кезде тауып алыпты.
Анамның аты «мама» шын атын айтып көрген жоқпын ұмытып қалдым.
Әкемнің айтуы бойынша арақ ішіп мас болып келіп, табаққа құсқанда шығыппын.
Әкемнің аты жоғарғы аты-жөнімде жазылған.

Осы әке — шешемнің айтқанына сенетінмін. Өзім өзгелерден өзгеше екенмін деп ойладым. Барлығы «раддом»-да туса, мен табақта туыппын. Сол оның өтірік екенің үйленгенде барып, бір-ақ білдім. Қәзір екі балам бар. Екі бала деппін ғой. Біріншісі Ата-әжесінікі екен ғой аты Амалбек 14.03.10-да дүние келді. Содан кейінгісі қызбала аты Асем 11.11.11-де дүниеге келді. Келіншегімнің аты Ақбөбек.

Өзім жайында айтарым осы ғана! Аз болса да, көптей көрің! Уақыт бөліп оқып танысқандарыңызға алғыс білдіремін.

16 пікір

Korkem
)))) бір күлдірдіңіз. Отбасылы деп ойламаппын. Бақытты әке екенсіз…
pari
иә шыныменде қызық екен,өзіңіз приколчик емессіз бе?
Karlen
Жок приколчик емеспін. Тек кенеттен ойға келген аз — маз өтірігі мен шындығы бар әңгіме ғой.
ardak1996
Сәлеметсізбе жерлес ағай) Менің де руым — Жары, Жарнының Шотаны) Менің ағам болдыңыз!
Karlen
ҚАйда барсақта ағайын табатын қазақпыз ғой. Бұл жерденде қарындасымды тапқаныма қуаныштымын!
ardak1996
ИЯ) менде қуаныштымын)
bakytzhan_06
Мында жерлестерде бар екен-ау
Moldir_96
Ардақты әке, сүйікті жар екенсіз! Балаларыңыздың қызығын көріңіз!
Abylai
«Жары көп па?, тары көп па?» демекші, ооо НАҒАШЕКЕЕЕ ))) қалай жағдайың? мәә екі бала? оооо құтты болсын, бауы берік болсын. қош келдің. жақсы жақсы.
ardak1996
Жары көп… Шукір)
Karlen
ООО жиен! Аман шүкір болады. Рахмет!
mairosh
ахахах табақта туылсаңыз. мен каропкадан шыққанмын)))))))+++
kuka097
Ұнағаны бір ауыз сөз деп жүз ауыз сөз жазып кетіпсіз.)
Zhassiko
Ахахах..) Бір күліп алдым.)
Маған да әжем айтып отырады, «уақ, дегенді аузымнан шығып кеткенсің» деп, есіме бір түсіп, қуанып қалдым..))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.