Жұрттың бәрі өздері жайлы жазып жатыр екен, мен де жаза салайыншы!

1.Мен дүниеге келгенде, әжем қолына алып отырып: «Әй… жазған бала-ай..»,- деп күрсініпті (ол сөзді не үшін айтқаны, не мағына беретінін әлі күнге дейін түсіне алмай келе жатырмын, талай сөздікті ақтарып қарадым).

2. Шамасы, менің әр нәрсені ойлап бас қатыра беретінімді болжап айтқан-ау деп ойлап жүрмін, соңғы кезде…

3. Өзім туралы пост жазғанымды көріп Абылай мәз болып қалатын болды-ау (осы сайттағы, СЖ-дағы Абылай дағы, мен туралы ақпарат жинап жүрген көрінеді)

4.Шын атым Манас (бірақ қырғыз емеспін, таза қазақпын). Осы сайтта тағы да бір аттасым бар екен және ол да Атыраулық көрінеді, manas.aitaber.kz/profile/ Аттасым әрі жерлесім болғанына қуанып қалдым, бірақ шатастыра көрмеңіздер, ол мен емес (шатастырсаңдар тіпті жақсы, жазған постары күшті екен, мен жазған екен деп ойлаааап жүре берсеңіздерш)

5. Бала кезден келе жатқан жалғыз-ақ арманым бар, оны 7-шіде айтармын (ұмытып кетпеңдер)

6. Туған қалам Атыраудың балшығы мен масасын ештеңеге айырбастамаймын (не айтып отырғанымды Атыраулықтар мен онда болып көргендер түсінеді)

7. Сонымен, бала кезден арманым Түйеқұс асырау (Страус) иә… иә… кәдімгі Африкалық тұйеқұс, 5 жасымнан бері армандааааап келем… (Тіпті тұйеқұстың орынжайын да салып қойғам)
8.Сериалдарды мүлдем қарамаймын, бастан-аяқ қарап шыққан жалғыз-ақ сериал «Ай-Карли» (iCarly) сериалы (екі-үш рет қарадым-ау деймін), сүйікті кейіпкерім де сол сериалдағы Сэм.

9.Поэзияны өте жақсы көрем, бірақ өзім өлең жазбаймын, себебі талантым жоқ («Жаман ақыннан, жақсы етікші артық» деген принципті ұстанам). Өзіме ұнамаған шығарманы өлең деп есептемеймін (осы сайттан өзіме ұнаған жалғыз-ақ өлең оқыдым (поэзия блогындағын айтам), қалғанын өлең деп санамаймын)
9,5. Кейде тіке айтып салатыным бар, оған ренжімеңдер, ия сосын өте қырсық мінезім бар

10. Сосын ең жаман қасиетім көзбен көрмей еш нәрсеге сенбеймін, білем ол үшін көп адам менімен
келіспейтінін, сол үшін өзімді де жек көрем, ешқандай сенім жоқ менде (дінге де ғылымға да, тіпті… махаббатқа да… деп қояйыншы ұят болар)
10,5.Содан болар әр нәрсені ойлап қуып кетейін деп жүргенім!!!
11.Айтпақшы үйленбеген, басым бос. Менің көркім мен ақылыма тең келетін қызды әлі кездестірмеппін (жәй айтып жатырғаным ғой, шындығында қыздар қарамайды)
12.Ең жек көретінім саясат (политика), араласқым келмейді (мектепте Саясат деген апай болып еді (қанды ішетін) мүмкін содан болар)

13.Жақша қойғанды өте жақсы көретін сияқтымын жазғанымды оқып отырсам (мә… бәлен жақша қойыппын ғой (әр сөйлемде бар, ұят-ай!!! (өзім байқамаппын) шынымен ұялып отырмын (жақша қоя бергенімді айтам), кешіріңіздер! (кешірмесеңіздер де көп қиналмаймын) ((((((((((()))))))))))))

14.Жұмысым бар, бір мекеменің компьютерлерін қарау, 7-8 болар, өзім де ұмытып қалыппын, Бір компьютер бар жұмыста, сол үшін «ойбай компьютер жасамай қалды» деп шақыртады, төбесінен бір қоям да жүре берем (себебі, куллері дұрыс айналмайды, сосын зависит етіп қалады, процессордың төбесінен бір ұрсаң айналып кетеді). Сосын не істегеніңді айтып кет деп жалынады, мен айтам компьютерді сабаңдар деп, әзілдеп тұр деп ойлайды (сендіре алмай-ақ қойдым).

15. Жұмысым тек қана компьютер сабау деп ойлап қалмаңдар, бізде де көптеген программалар бар. Лотус-Нотес жалғап қойды істеген жұмысыңды қадағалап отырады.

16.Сұрақ-Жауап қолданушылары туралы «ең, ең..» пост жазам деп уәде беріп едім, соны орындай алмай жүрмін (Абылай ең әзілқой қолданушы..., Ардақ ең ақкөңіл..., Көркем… деп бастап келе жатыр едім), қол тимей кетті, сосын қызанақты (помидор) піскесін жазбасам…

17.Жауынды жақсы көрем, жаңбыр құйып тұрғанда Жайықтың жағасына барып суға тамған тамшыларды қарап отыру мен үшін бір ғажайып (сол кезде өткен өмірің көз алдыңа келіп, болашағыңды армандап отырғаның). Сол әр тамшыларда өзіңнің бақытың бардай сезініп, қеремет күй кешесің…

18.Еркін бауырым, туған күніңмен, бақытты бол! (Еркіннің кім екенін танымаймын, бірақ біреу агентте құттықтап жатыр екен, сосын жаза салдым)

19.Осы көбі сайттағы атыңды неге vvvwww қойғансың деп сұрайды. Оның ешқандай құпиясы жоқ, есте сақтау қабілетім (память) өте шамалы (шамамен 500-600 мб-дай болса керек, әйтеуір 1 Гб-ға жетпейтін сияқты), сосын кез келген сайтқа тіркелгенде осы атты қолданам, тіпті майл.рудағы логинім де сондай.

20.Агенттегі (майл.ру агентті айтамын дағы) достарымның көбі Айтабер мен Сұрақ жауап қолданушылары екен (сол сайттар пәле болды тіпті, кірмесең тұра алмайсың), өте жақсы достар таптым десем өтірік айтқаным емес
21. Жаңа бір досымнан басқа не жазайын деп ақыл сұрасам, қандай өнерің бар соныда қосып жібер дейді, ешқандай өнерім жоқ сияқты (ән айтпаймын, билемеймін, тіпті өткенде 3 сыныпта оқитын көрші балаға сурет салып берсем, мұғалімі қайтарып жіберіпті дұрыстап салып алып кел деп) басқа қандай өнерім бар еді… ойланыыыыып отырмын

22. Осы кезге дейін еш затымды ұрлатып көрмеппін, тек бір қызық жағдай болған, автобусқа отырарда қалтамда тұтас 2000 теңге бар, уақтату пәле болды ғой деп келе жатырсам (сдача қайтаруды айтам), мә… түсерде қарасам жалғыз ақ 45 теңге тиын (жаңағы тұтас ақшамды ұрлап алып, орнына жолақылық тиын тастап кетіпті (бізде за проезд 45 теңге) түскесін өлгенше күлдім…

23. Шынымен аяғына дейін оқып шықтыңыз ба? Әй онша сенбей отырмын-ау, мына шатпақты ерінбей-жалықпай оқып шыққаныңызға. Негізі жазам деген ойым болған жоқ еді, амал жоқ бастап қойғасын.

24.Басқа не жазарымды білмей отырмын… бірдеңе қызықтырса өздерің сұрап аларсыңдар, менікі бітті…

57 пікір

AL-ASTER
Baribir zhumbaq adam bolyp kala bermeksing.
mairosh
Манас мен оқып щықтым аяғына дейін. Рахмет сен туралы біліп алдым. Жалпы білем ғой, бірақ әзілқой екеніңді білмеппін)))))))) Маған ұнады. Керемет, супер +
kuka097
Мен сені қызба деп жүрсем…
pari
ық ық менде қызба деп жүрсем)))))))
monti_1990
ия мен де))))))))))))))))))
VVVWWW
Неге қыз деп ойлайтындарыңызды түсінбедім, не үшін, пікірлеріме қарап па
monti_1990
суретіңе қарап
Abylai
бұқақақа «Әй… жазған бала-ай..» қыз деп жүр ма? (:
ardak1996
Ризамын.Абылай ағам мәз болатын болды!
VVVWWW
Сізден кішкене ашығырақ пікір күтіп едім, бірақ рахмет
Korkem
Мяяяя бүгін Майра келген күн екен ғой)) ық-ық мынаның қай жерінен керегін табар екен Абылай?)))

Абылай ең әзілқой қолданушы..., Ардақ ең ақкөңіл..., Көркем…
толығырақ, толығырақ…
VVVWWW
ия жазам, жазам. Көркем ең… неғылдеп айтсам екен, бірдеңе табам ғой
сосын Майраның не қатысы бар
Korkem
осы соңғы кезде СЖ.ға кірсем нағыз соғыс орнайтын бопты, соған қарап нағыз ұрысқақ десеңші)) ық-ық былш еткіз)))
VVVWWW
Негізі ең "әділ" деп жазып қойып едім… бірақ өзіңдікі де жақсы екен ұрысқақ деп жазармын, жақсы болды, рахмет, көп-көп
Korkem
ық-ық, әділ дейді)))
calendula
Ал мен үшін жұмбақ адам емессіз. Мен үшін әлі күнге дейін Мейіржан жұмбақ адам.
Abylai
мектептің компына Лотус Нотус қондырып қойды дегенге мені сендірмекшісің ба? әй пәле ау бір мұнайдың айналасында істейтін сияқтысың осы сен. 9 компым бар акиматта жұсмыс жасаймын деп едің бір сөзіңде?

толығырақ жаз, мынадан түк пайда жоқ. Сосын қай жылғылардан бір жас кіші екеніңді де жаза кетсең жақсы болар еді) біліп жүрейік )
VVVWWW
Жоқ мектеп емес, ия әкімшілікте, Лотус Нотусты білетін бе едің, жақсы білсең онда саған хабарласам, мен өзім жаңа көріп жүрмін, сосын канцеляриядан бастап бәрін өзім жасауыма тура келіп жүр, қызық өзім жіберіп, өзіп қабылдап, өзім тіркеймін
Abylai
не ма Лотус Нотусты білмеймін )) документобаротқа автоматизацияға арналған екенін білем тек)) лицензиясы қымбат, тек үлкен мекемелер қондырады деп естідім )) біздің мекеме сол лотус нотустың не ма андай диллері ма сондай сосын айтқаным ғо білгіштенім ))
Abylai
Жұмысым бар, бір мекеменің компьютерлерін қарау
дегенді
Жұмысым бар, бір МЕКТЕПТІҢ компьютерлерін қарау
деп қате оқып қалыппын айып етпе
VVVWWW
Ия негізі қызықты программа, бірақ компьютерге өте көп салмақ түсіреді (мекеменің комптарын білесің ғой), бір документ жіберіп, тіркеу үшін 15-20 минут уақытың кетеді
Бір документ келсе оны бірінші тіркейсің, сосын орындалысын жібересің әкімге (ол басқа компьютерде) сосын кері жоғары жаққа жібересің, обшым уақытыңды көөөп алады, орындамаған документтерің көрініп тұрады барлығына, блогтағы жазбалар сияқты елестетем
Togzhan
45 теңге қалдырып кеткеніне де шүкір))))
Қызықты жазылған екен!
Korkem
пункттер: 9. 9,5. 10. 10,5
Manas
оо, аттас анкетан қызықты екен!
Туған қалам Атыраудың балшығы мен масасын ештеңеге айырбастамаймын (не айтып отырғанымды Атыраулықтар мен онда болып көргендер түсінеді)
Әрине, оны түсінемізғо, масасын айтшиш шіркінннн
Erzhan
2011ж. жазда барғанымда маса деген өтее көп болды. Бұрын маса шағып көрмегесің, ісіп кететіні бар. масасы мүлдем ұнамайды, кешке далада отыра да алмайсың...:) масақана сау болсын.
Manas
иа, маса көп болады енді.Бірақ бізді шақпайды.Келісім шарт жасап қойғанбыз масалармен.
Moldir_96
Хехе) Атыраудың масалары Астананікіндей емес шығар) Біздің масалар шыбын сияқты)) Үлкееен)))
VVVWWW
Астананыкіндей Үлкееен болмағанмен біздің масалар өте шустрый, ұстатпайды, сендердікі былшыраған бірдеңе ғой
Moldir_96
Хехе)) Мүмкін солай шығар...)
korwinin_kyzy
Біздің масалар шыбын сияқты)) Үлкееен)))
Шыбындарын туралы айтпай ақ қой)))
qyrmyzy
76 факт қарызсың!
VVVWWW
Ертең сұрайды дейді, өмірде алажақ-бережағың жоқ па деп, сонда қиын болатын болды-ау, қатты қиналып отырмын, қарыз болып кеткеніме, айып етпесеңіз кешіре салаңызшы, өтінем!!!
Abylai
бұл енді кешірілмейтін қарыз))
qyrmyzy
менікі қалжың! Ескертейін, мен үшін РОБОТсың
qyrmyzy
VVVWWW мен үшін робот адам!
yerbol89
22 оқиғаң қызық екен! :) Хе-хе-хе

Сосын айтайын дегенім. Артық айтсам кешірерсің менікі жай кеңес: Жазбаң тамаша шыққан. Тек тартымды болу үшін жазбаңның ішінде кейбір кілттік сөздерді қарайтып жирный қылып қойсаң жазба оқуға тартымды, әрі қызықты болады.
VVVWWW
Рахмет, келесіде ескеріп жүрермін
dimash
2000 теңгені алып, за проезд тастап… қалай байқамағансыз))
Moldir_96
18, 21, 22))))) Бір күліп алдым ғой)) Әзілқой Абылай емес, Сіз сияқтысыз))
Постыңыз ұнады! Жақсы, әрі қызық қылып жазыпсыз(кейбір нәрселерді ұмытып кеткеніңіз болмаса)
25. Ақкөңіл жансыз (маған көп көмегіңіз тиген) Сол үшін көп-көп РАХМЕТ!
VVVWWW
Ренжімесеңіз ашығын айтсаңыз, қанадй нәрселерді ұмытып кетіппін
Moldir_96
Ренжімеймін) Ашығын айтайын) Мысалы, жасыңыз… т.б))
Auyldan
Нағыз романтик жігіттің жазбасы екен. Енді прагматик қыз кездессін делік.
VVVWWW
Прогматик қыз тауып беріңдер!!!
Moldir_96
Көркем деп па?!)))
qyrmyzy
оххх, маддис!
Moldir_96
Раха!) Көркем ханымнан сөз естімесем болды))))
VVVWWW
Әйййй, ойййй қойыңдар-ей, не айтып кеттіңдер, мен түсіне алмай жатырмын
Moldir_96
Түсінбегеніңіз жақсы болар)) "Қ" ғой))
qyrmyzy
түү, несіне түсінбейсің? Жазылып тұр ғой
calendula
Өтірік түсінбейді, бәрін біледі ол, әшейін ақымақ бола салатын әдеті бар)
Korkem
үйбәй, бір ауылдың өсекші қатындарынша пыш-пыштауын, үшеулеп алып! Жасыратын не бар, мен оны жақсы көрем)))
AKA
Маған жұмыртқаны қуырғаныңыз ұнаған, сосын әлгі… «Анасы мен қызы» жайлы жазба.
Басқа не жазарымды білмей отырмын… бірдеңе қызықтырса өздерің сұрап аларсыңдар, менікі бітті…
Негізі өз қалауыңызбен жаздыңыз, сондықтан мынадай сөздерді жазудың қажеті жоқ сияқты. Жалпы, эстафета таяқшасы QaraSaqal мырзаға беріліп еді… Тым-тырыс…
Uleke
таңертеңгі жағымсыз хабардан соң ештемеге зауқым соқпай мазасыз отырғанымда досымның айтканы есіме түсіп, осы сайтқа тіркелген ем, шын күлдіріп, көңілімді көтерген тек осы жазба болды! жақсы!
pana
(«Жаман ақыннан, жақсы етікші артық» деген принципті ұстанам).
мен де остіп ойлап сия құртпауға тырысамын))))
(жақша)))
12,14,21-ге ерекше күлдім! рахмет!!!
alikona
сүйікті кейіпкерім де сол сериалдағы Сэм.
менің де менің де!!!!!!!!өте приколды қыз евангелие от Коркем
geofizik_001
1 жыл бұрынғы материал болса да мен енді оқып отырмын(көп болған жоқ тіркелгеніме енді сайтқа), сонда да пікір қалдырайыншы. Масаларыңыз туралы)))Былайша айтқанда базар жоқ Атыраудың масасына,3курстан соң производственная практикаға барып мұнай іздеп емес, масаға таланып қайтқаным бар. 1 айға жіберген практиканың 10 ақ күніне шыдадым не керек. Негізгі себеп маса емес ерте кетуімнің бірақ олардың, сосын ауа райларыңыздың да үлесі бар.
korwinin_kyzy
көзбен көрмей еш нәрсеге сенбеймін
ақылын көзіне көрінеме? жок! значит сенде ,,,,,,,,,,,, жоқ))))))))))))))))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.