Қазіргі кездегі ең қызықты блогқауымдастыққа мен де өзім туралы факттарды жаза кетейін.

Мен де қарап отпай өзім туралы біраз факттерді жаза кетейін. :) Осы қауымдастықты оқып отырып қызығып кеттім.
  1. Есімім-Ербол. Амантайдың үлкен ұлымын. Анам Ақеркенің-Қара баласымын. Ұйдегілер мені Қара Бала деп еркелетеді.
  2. Анамның: «Болашақта осы Қара Балам мені асырайды!»-деген жігерлендіретін сөзі маған күш береді. Анамның үмітін ақтауға тырысып жатырмын.
  3. Ауылда есекке мініп өскен баламын.
  4. Хе-хе-хе почеркім әдемі болғандықтан мектепте кейде сынып жетекшім журнал толтыртқызатын кездер болған.
  5. Алғаш интернет деген нәрсені 8 сынып оқып жүргенде көрдім.
  6. Мектеп оқып жүргенде алғаш кірген сайттарым: Казах.ру, Іргетас.ком, Рамблер.ру
  7. 5 жыл бойы музыка мектебіне барып баянға қатысқанмын.
  8. 2 жыл бойы домбыраға. Бірақ екеуінен де түк шықпады, себебі тартуға деген ниет болмады.
  9. Үйдің крышасына шығып алып, шипырда жатып алып Радиоприемникпен радио тындайтын едім. Себебі антена сол жерде ғана ұстайтын. :)
  10. Ағарғанна ештеңке ішпеймін. Сүт, Айран, Қымыз ешқайсысы жақпайды. Тек құрт қана жеймін.
  11. Алма жей алмаймын. Алма жесем жүрегім айныйды. Бірақ қарап тұрып қызығып кетемін.
  12. Ауылда жүргенде талай мәрте сыныптастарыммен түнде қарбыз ұрлыққа барғанмын. :) Оның өзі бір үлкен қызыққа толы оқиға.
  13. Ауылда жүріп қой баққанмын. Қозысын үйінде алып қалып, қойын жайлауға жіберілген қойлар ой қаныңды ішеді :) ауылға қарай қозысын іздеп қашқанда.......
  14. Шахмат ойнаған ұнайды. Бірақ қатты ойнай алмаймын.
  15. СЖ админімін. СЖ тез арада бұлай көп қолданушы жиналатын сайт болады деп ойламадым.
  16. СЖ өте пайдалы, қажетті мәліметі көп үлкен сайт қылу басты жоспарларымның бірі.
  17. Айтабер.кз сайтының қолданушылары ұнайды. Өте бауырмашыл, шеттерінен білгір мейірбан жандар. Білгенімен бөлісуге дайын туратын болғандықтан.
  18. Жаным жабырқағанда бір адам аяғы баспаған аралға кетіп қалғым келеді.
  19. Ербол аты көп кездессе де маған осы есім ұнайды.
  20. Интернетте нигім yerbol89
  21. Темекі тартпаймын, ішімдікке әуес емеспін.
  22. Шырайлы ордамыз Шымкент қаласы ұнайды. Әсіресе кешкісін құлаққа наушник тагып алып, әсем әуен тыңдап, қаланы туатуар арқылы серуендеген.
  23. Edward Maya-ның әндері ұнайды. Стерио лов әніне кезінде қайта қайта тыңдайтынмын.
  24. Қазіргі арманым Samsung Galaxy S2 ұялы телефоны
  25. Таныстарымның логинді сайт дегені ұнамайды. Оны естісе жыным келіп, логин деп айтшы деп ұрысып беремін.
  26. Мектеп кезінде бір де бір қызбен жүрмеген екенмін. ))) Және сөз де салмаппын. Тым ынжықтау едім. Хе-хе-хе
  27. Қазіргі ағаларымммен тұрып жатқан үйде ең кіші бала мен болғандықтан үй жинайтын да, аспазшы да өзім. Тиісінше ыдыс-аяқты Феримен көпіршітіп тұрып мен жуамын!
  28. Жақсы істей алатын тағамдарым: Картоп қуыру, макаронды қуыру(менің ең жақсы көретін тағамым), күріш сорпа, және қарапайым картоп сорпа ))))
  29. Кино көргенді қатты ұанатамын. Кинопойск сайтындағы Топ 250- киноның біраз көріп шыққанмын.
  30. Менің атым — Кхан киносын қатты құрметтеймін. Осы киноның арқасында Шахрухты қатты сыйлаймын!
  31. Интернетте виртуал болса да бір қыз сырттай қатты ұнайды! :)
  32. Жатар алдында Ютуб сайтынан соңғы шығып жатқан жаңа кинолардын бірнеше терейлерін көріп барып жатамын!
  33. Сүйікті футбол командам ол Ордабасы мен Барселона.
  34. Пакеттегі балмұздақтан, құйылмалы балмұздақ ұнайды.
  35. Астана қаласы ұнады. Болашақта сонда тұрып жұмыс істегім келеді. (мүмкін болашақта парламентте отыратыншығармын :)))) )
  36. Мен нағашы атамның жас кезіндегі копиясы екенмін. Нағашы апам мен барғанда маған қарап оууууйййй деп қояды! Хе-хе-хе
  37. Марқұм апамның есімі ұнайды. Ханшайым — осы есім мен үшін өте ерекше. Кішкене кезімде алдына отырып алып ертегі оқып бер деп көп еркелейтінмін.
  38. Универде алғаш қыздармен танысқанда 89 жылғымын десем ой сенбейтін еді. 91-92 жылгысын деп! )))
  39. айта берсем көп екен осымен доғардым! )))))))

27 пікір

Korkem
Қап, тоймай қалдым((( сәл ұзағырақ жазбаған екенсіз))))
yerbol89
Мммм ертен жумыста отырып толықтырамын! :) Бір 50-ден асырайын.
Korkem
айтылған сөз — атылған оқ )))
qazaquly
Нан жеп отыруға болады, негізі
Daka_sss
иа, нан жеп толықтауға болады)))
qyrmyzy
ертең 100факт оқимыз деген үмітпен ұйықтайық
yerbol89
Сәл сәл толықтырулар енгіздім. Әлі де енгізетін боламын. Барлығын енгізсем қызық болмай қалады. Сондықтан күнде есіме түскенін толықтырып отырамын! :)
AL-ASTER
Айтабердің дәу балығы қолданушысы (Дерек көзі: Блогқұрылтай 2012 видеосынан)
О, баян мен домбырада ойнайм де, Алла жазса, келер блогқұрылтайда баян тартып домбыра ойнайтын бір адам шықты…

Пост қызықты. Амиго, жалғасын күтеміз!
yerbol89
Домбыраны енді тарта алмаймын. Ал Баянды бірденке қылып ың-ғық-ғық ың-ғық-ғық деп амалдап көреміз! ))))
qyrmyzy
ық ық, сайтымның паролін өзгертіп берші
AL-ASTER
Akesh, men-ak ozgertip berein… )))
qyrmyzy
«рахмет үлкен, сен болмасаң....» деп кетеді әңгімелері
MSHERIMBEK
муахаха, мамадес амиго:))) тааааззза екенсің ғо:)
yerbol89
Хе-хе-хе айтпа Бро!
dimash
12. )))) қауын-қарбыз аламыз деп барып қалай қызанақ, қиярда да алғанымызды байқамай қаламыз деп қойсай))) ыыыыыыы сағынып кеттім сол кездерді…

Шым қалада оқып жүрген бір досым да «сайт» деп айтатын еді, «сенің қанша сайтың бар?» дегенде баста түсініспеушілік болған))) сөйтсем логинді айтқан екен ғой)
Сіздің маған шыдамды мінезіңіз ұнайды, кейде тіпті таң қалып жатамын…

16. Сол жоспарыңыз орындалуына тілектеспіз!
AKA
Қазіргі кездегі ең қызықты блогқауымдастыққа мен мен өзім туралы факттарды жаза кетейін.
Тақырыпта қате бар сынды, жазба ішінде де бар… Тіпті нигіңіз де қате жазылып кетіпті. Көріп тұрып, айтпай кетсем болмас. Пөшіркіңіздің әдемілігіне куә болдық, жақсы.
yerbol89
Рахмет өңдеп қойдым. ))
Madi
9.Баяғыда 1-курста семейный общагаға группалас балалармен тұруға келгем ғой.Сонда таңертең ерте тұрып Қазақ радиосын қосып("Әуе толқынында қазақ радиосы" дегенін) айғайлатып қойып қойғаным есіме түссе, күлкім келеді.Сонда балалар ұйықтап жатқан ұйқыларынан оянып, ойбай, өшірші анауыңды деп бір айғайлағаны бар.
Turekhan
Таныстарымның логинді сайт дегені ұнамайды.
Оны пошта деп жөндесең бәрібір ғой дейтіндер де аз емес)(.
pari
Интернетте виртуал болса да бір қыз сырттай қатты ұнайды! :)
кім екенін айта аласыз ба?
qyrmyzy
толығырақ, толығырақ…
Korkem
39. айта берсем көп екен осымен доғардым! )))))))
100.ге жеткізерсіз деп үміттенем)))
ardak1996
маған ұнады, барлығын бүкпесіз жазыпсыз.Ризамын!
alikona
15.Айналайын Ербол аға Сұрақ Жауап деген сайтыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін! Керегіміздің бәрі алдымызда)Рахмет!
alikona
27.Мен де фэйри болмаса ыдыс-аяқ жуа алмаймын, солай дағдыланып кетіппін))Жарайсыз, сізге тек қызығуға болады)
rauan
Таныстарымның логинді сайт дегені ұнамайды. Оны естісе жыным келіп, логин деп айтшы деп ұрысып беремін.
Сүйікті футбол командам ол Ордабасы мен Барселона.
Браааааааат...өзім екенсің
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.