Өзге емес өзім айтам...

Өзім жайлы
Уа, ассаламуалейкум, айт десе, ек елі аузына ешкім де қақпақ бола алмайтын айтаберліктер! Бүгінгі ешкімге ешкім амандаспайтын, амандасса да, марғау ғана бас изеп, ерінін салбыратып өте шығатын заманда мен сендерге екі қолымды жарыстыра созып, амандасам. Бұл менің сендерге деген құрметім ғой аздаған. Өзім жайла жүз фактіні қай қырдан іздеп, қай сайды шарлайын. Қырқа мен қыратқа шықсам да жүзін жинай алмаспын, тәйірі. Оданша жай әңгімелеп берсем қалай? Бола ма? Сендер болмайды десеңдер де, жандарыңды қоймай, ұйықтап қалсаңдар да жандарыңда отырып ап айтуға бармын. Бұл мен туралы алғашқы факті деп ойлай беріңіздер. Ауылда, апасының етегіне оралып өскен, ертегі жақсы көретін бала едім. Шал мен кемпірдің қолында өскендіктен әкеге онша жақын бола қоймадым. Әзірдің өзінде амандықтан басқа артық әзіл сөз айта алмай қиналып жүрмін. Әзілдесетін басқа адам таппағандай, дәл әкеме барып әзілдегім келетін өзім де түсінбей дел-сал боп жүрмін. Бесінші сыныпты бітіргенше апамның қасында жаттым. Атам дәу сары кісі болса да, мені арқалағаны есімде жоқ. Үнемі кішкентай апамның арқасында жатып ап, ауыл кезіп жүретін едім. Қазіргі қыдыратын әдетім содан қалған шығар. Жатып алып кітап оқығанды ұнатымын. Оны да қай бір жетісіп оқып жүр дейсіз, тез ұйықтап қалғанды ұнатам ғой. Футбол ойнағанды жек көрем, себебі баскетбол жақсы ойнаймын. Волейболды да қатырам. Кейде доп ала алмайтыным болмаса. Сабақты өте жақсыдан жоғары оқимын. Себебі, қызылға бітіріп жатқан қыздар менен кеп сабақ сұрайды. Мектепті көк атестатқа бітіргем. Қызылға бітірейін десем, кеңес өкіметі еске түсіп кете беретін болғандықтан, өзіміздің көк байрақтың астында көк атестатты құшақтап ап жүрген артық деп ойладым. Төртінші билікте қызмет еткім келеді. Шын билікте жүрмесек те, халық айтқан биліктің айналасында жүрсек те жаман болмаспыз деп ойлаймын. Ал онда амандықта жүзіміз жарқан боп, кездесіп, тамақ іщіп жүрейік, ағайын!

23 пікір

pari
ыыы неғо жазбаны реттік сандар арқылы жазғандаааааа
Bagashar
реттік?қалай сонда?
pari
сен шамасы блогты қарамағансың-аууууу
pari
өзім жайлы 100 факт!-блогына кір.сосын басқа адамдар қалай жазды екен қара, сосын сенде фактты жазу ережесін біліп аласың ок?
Bagashar
қарадым. олай жазғым келмеді. ол форма қызық емес қой. жүз факті соңына таман өтірік боп кетеді ғой. оданша әңгімеу арқылы қысқа ғып, бірнеше рет салған дұрыс деп ойладым. өзім солай істегім келеді.
Daka_sss
не істейміз? формаға сәйкес болмағаны үшін өшіреміз бе?))
VVVWWW
Неғыл дейді, өшіргені несі, мұндай тамаша жазбаны… Форма дейді, ол қандай форма, оны кім белгілепті… Ақын ғой, Ақындар ешқандай формаңды қақпайпайды, өте жақсы әңгіме!!!
Өз басым оқып отырып бір рахаттанып қалдым
Umit-Umit
Өте керемет маған ұнады… Бірақ аз екен тез бітіп қалды тағыда жаза түспедіңіз бе?
Bagashar
rahmet.ia kyskalau boldy.jalgasy bar. serial goi ozim turaly
Umit-Umit
ия әр адамның өмірі киноғой…
akil_kalta01
Өзің жайлы аз-кем мәлімет алдым! Әңгеме десе баскетболды да, валейболды да шетке ысырып қойып,әңгімені еркін ағысқа қоя беретін жансың-ау деп, жобаладым! :) Айтатын сөз болса Айтабер ендеше :)))
calendula
Әңгімені күшті айтып қояды екенсіз!
іщіп
жарқан
Қателерді қате дегенде қате емес, қате басылған айтқаныма ренжімессіз))))
VVVWWW
Жағынба, сенің ондайың жоқ еді ғой!!!
calendula
Сізге қатысты нәрсе жоқ бұл жерде. Менің қандай екенімді білетін адамдай сөйлеудің қажеті жоқ!
VVVWWW
Сені өте жақсы білем ғой, тап осылай жауап беретініңді де біліп отырғам
calendula
Муахахаха, біліп отыруын
Bagashar
kaita kuanywtymyn aitkanyna katemdi, osylai tuzep otyr
calendula
ЕнД жалықпаймын ғой айтудан, өзін айтсаң болды))))
Korkem
Муахахах, ырза болдым саған)))) куЧті кетті!
Bagashar
неге ырза болғаныңды білсем бола ма?
Korkem
тамаша жазыпсың да қуасың))))
Bagashar
қуған жаман ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.