Өзге емес өзім айтам-2 немесе мен қалай ақын болдым

Балалық шаққа саяхат
«Балалық шаққа саяхат». Әйгілі шығарманы білмейтін жан, оның авторы Бердібек Соқпақбаетың аты аталса да құлағы елеңдемейтін адам кемде кем. «Не жазды екен? Қандай қызық бар екен?» деп, оқырманды өзіне баурап алатын тақырып екені де сөзсіз. Құрметтім бірақ әңгіме мүлде бұл турасында емес.
Қаладағы облыстық интернатта оқығандықтан мен бір сенбі нағашымның үйіне, бір сенбі ауылға баратынмын. Қыстың іші болатын. Нақты қай сыныбымда екенін ұмытыппын. Е, алғаш бесінші сыныбымда болған кеште ауылдас Бекжан деген оныншы сыныптың баласына күзге арнатып өлең жаздырып алып, сахнаға шыққанда өзімнің атымнан оқып жібергенмін. Содан бері мені сыныптастарым ақын деп танитын. Әуелі бір жолы мектебімізге басқа қаланың мұғілімі сабақ беруге келіп, соңғы ұйқастарын тақтаға жазып, бір шумақ өлең құраңдар дегенде жұрттың бәрі Бағашар құрасын деп, маған аудара салған. Мен бір қызарып, бір бозарып әрең отырғанда Серік деген бала құрап мені құтқарып кеткен. Содан бастап сыныптағылар менің ақын екеніме күмәндана бастаған. Мен болсам намысыма тырысып, ақын атымды қорғап алмақ боп жүрдім. Сөйтіп, бір нәрселерді жазам, жыртам. Арасында өзіме ұнағандарды қойып қоям. Нағашымның үйіне барғанда да, жазу үстеліне отырып бір параққа өлең жазып, әдейі тастап кетем. Ондағым нағашым оқыса екен деген ой. Бұл әрекетім талай рет іске аспай жүрген, бір жолы түпкі бөлмеде ұйықтап жатып, нағашымның кіріп шыққан жүрісінен оянып кеттім. Жазу үстелі тұрған бөлмеге кірді. Оп, ойладым: қазір өлеңімді оқыса екен деп. Есік жабық болған. Мен өтірік ұйықтаған боп жатырмын. Бір кезде менің жазғанымды нағашекем де дауыстап оқи бастады. Осыған дейінгі қаншама тастап кеткен шатпақтарымды көріп, менің ішкі тілегімді түсінген нағашым да әдейі «оқыдым жазғаныңды» дегендей маған естірте оқыған шығар мүмкін. Мен де сол күні «менің ақын екенімді білдіңдер ғой» дегендей танауымды көтеріп жүрген шығармын. Кім білсін…

2 пікір

mairosh
)))) Керемет тапқыр екенсің. Ақындығын рас қой рас +
Bagashar
kaidam… jaksy olen jaza almaim jurmin goi
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.