16 жарым жылдық өмірім!!!іштеріңізді пыстырмауға тырысамын!

1.Атым Алия, Тегім Наурызалина,Атымды Әлия дегеннен гөрі Алия деп жазғанды жөн көрем
2.Ақтөбе қаласында 16.07.95 жылы туылғанмын.
3.Қазіргі таңда 5 жасымнан бастап Ақтөбеден 2 сағаттық Хромтау деген қалада тұрамын.
4.Мектепке 2002де барыппын.
5.2009 жылы Президентіміздің «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасымен салынған гимназияға көштім.
6.Ата-анам 5 жасымда болғанда ажырасып кеткен.Қазір шүкір анаммен тұрып жатырмын.
7.Әкем бір әйел үшін тастап кетті бізді.Оның қазір 3 баласы бар, бірақ оған еш өкпем жоқ.Шүкірмін ғой.
8.Анам осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шықты қазір 1 жарым жасар тамаша сіңлім бар Нұрсая деген.
9.Оның атын алғашқы махаббатым қойған еді…
10.Алғашқы махаббатым Нұржан.
11.Қазір басым бос.
12.10 сыныпта оқып жатырмын.
13.Өзім сүйегім ірі қызбын.
14.Достарым мені толықтығыма қарап кемсітетін.Мен оған жылайтынмын…
15.Писсимист адамдарға қатты жыным келеді.
16.«Шешесіне қарап қызын ал» деген мақалға қарсымын.
17.Оған келтірер дәлелім де бар, мысалы мен анама мүлдем ұқсамаймын.
18.Рокты өте сүйіп тыңдаймын.
19.Ұнатқан өлеңімді біраз тыңдап жүремін де біраздан соң жалықтырып жібереді.Сосын 1 жыл өтсе де сол өлең есіме түсіп кетіп бәрін шулатып сол әнді іздейтін әдетім бар.
20.Мектеп бітіргеннен кейін оны сағынбаймын деп ойлаймын.
21.Арманым қазіргі-жеке куәлік алу,істете алмай жүргеніме біраз болды, жолым қатты болғыш қой)))
22.Үлкен арманым депутат болу!!!
23.Сапалы әзілдерді ұнатамын.Әсіресе саясатқа қатысты.Өткен жолғы квнде, өзіміздің Ақтөбенің жігіттері «экспресс»квн командасының әзілдері өте қатты ұнады.
24.24 пунктке де жеттім)))
25.Болашақ жарым мені тәрбиелеп отыратын қатал болса екен деймін.
26.Алғаш рет жігітпен 8 сыныпта жүріппін.
27.Шаш сәндегенді мықты жақсы көремін.
28.Мені көшеден кенет көріп қалатын таныстарым менімен ешқашан амандаспайды, олардың айтуынша, менің көңіл күйім жоқ сияқты болып келе жатам да, сосын олар менімен амандасса,ұрысып жіберетін сияқты көрінеді екем.
29.Қазірде сол көшеде жүргенде түріме контроль жасап үйреніп жүрмін))
30.Адамдар маған бір көргеннен назар аударатындай емеспін.
31.Мені былай сыртымнан көріп, сосын сөйлесе бастасам мүлдем басқа Әлияны көресіздер)
32.Қазірде ең үлкен жетістігім, Республикалық дәрежеде лауреат атануым фантастикалық шығарма жазып,шығармам жазбаларымның ішінде бар.
33.Басқалар сияқты кофтасын бірінші киіп соын барып шалбарымды кимеймін, керісінше, бірінші шалбарымды киіп аламын.
34.Біреуді ренжітіп алсам соны біразға дейін ойлап жүремін.
35.Донор болғым келеді қатты, біреуге қанымды беріп немесе басқалай көмек бергім келеді.
36.Өлгенімнен кейін денем сау қалып жатса органдарымды басқа адамдарға беруге рұқсат беремін
.
37.Анаммен жиі келіспей қаламын.
38.Анамды түсінбеймін, басқалардың аналарына қызығамын.
39.Мен де Жаңылай сияқты «ақша жоқ»деген сөзге жыным келеді!
40.Ақтөбелік екеніме мақтанамын!
41.Оқу бітірген соң алыыыыс жаққа оқуға кеткім келеді шетел асып емес енді.
42.Шымкенттің жігіттері ұнай бастады жақында.
43.Осы сайттың қолданушысы Көркемге қызығамын, ақылына көркі сай!
44.Адаммен бір-екі рет сөйлескеннен кейін былай, оның қандай екенін айтып бере аламын.әрине 1-2 рет қателескенім бар.
45.Көркем осылай өзі туралы жазғанын қалаймын.Қызық, оның осал тұсы қандай екен?!
46.Ашуым тез жетіп келеді.Бірақ тез қайтады.
47.Диетаны қанша ұстаймын десем да шыдай алмай қаламын,әзірге нан жемеуді ғана ұстап жүрмін
48.Жігіттен сыйлық алғанда ыңғайсызданамын
49.Жігітімнің «диета ұста»дегенін қаламас едім
50.Манадан диета, толықтық жайлы айтып кеттім, мен негізі онша қатты семіз емеспін.
51.Міне жартысына да жеттім.
52.Тойларға барып қыдырғанды ұнатамын.
53.Ән айтқанды жақсы көремін,құдайға шүкір слухым бар.
54.Кішкентайым асқан суретшілік дарыным болды,қазір соның бәрі көкке ұшты…
55.Солақаймын.
56.Бетке айтқанды жақсы көрем.
57.Жасыма қарағанда үлкен көрінемін.
58.Ашылып әңгіме айтқанды жақсы көрем,онсызда байқап отқан шығарсыздар))
59.Комикстерді оқығанды жақсы көремін.
60.3 сыныптан 7 сыныпқа дейін 5 ке оқыдым ,кейін бәрі қалды.
61.Әдемі киінгенді ұнатам.
62.Адамның көзі-айнасы деген қағидамен келісемін.
63.11 оқып жүріп ЕНТдан бас тартып «экзамен тапсырамын, бәрібір өтпей қаламын, бәрәбәр колледжге барамын»деген адамдарды вообще түсінбеймін.попытка не пытка деген бар емес пе
64.Ең сүйікті кином -«Меня зовут Кхан»
65.Қайрат Нұртасқа жыным келеді.
66.Осы үшін талай адаммен қырылғанмын))
67.«Сенің көзім әдемі» деп жиі айтады маған.
68.Көңілшекпін,әсерлі киноларда тез жылап қалам.
69.Анамның көзінше жылауға ұяламын.
70.Жұрттың не дейтіні мен үшін маңызды емес.
71.Менің жауым «жұрттың балдары».
72.Қараңғыдан қорықпаймын.
73.Жер үйде жалғыз өзім қалуға қорқамын.
74.Ең үлкен фобиям-биіктік.
75.Нағашы әжемді жақсы көрмеймін.
76.Шашым ұзын болғанын қалаймын.
77.Жұрттарға қызығам да жүрем.
78.Сүйікті пәнім география.
79.Қатты күлсем түрім әбіржіп кетеді.
80.Маған ешқашан ер адам қолын көтеріп көрген емес.
81.Көңіліме алғышпын.
82.Даладан шаршап үйге кіріп қалған кезінде үйден біреу «тұра тұр шешінбе шешінбе бар нан алып кел»дегенге жыным келеді.
83.Кейде ойын түсінбей қалатын кездерім болады.
84.Агентте неше түрлі орысша ,өзі да түсінбейтін фразалар жазатын қыздарға жыным келеді.
85.Жыным келеді деп көп айтып кеттім иә, байқап отырмын өзім де.
86.Әркім өзінің шаруасымен жүргенін қалаймын.
87.Кішкентай кезімде мықты ақымақ болғанмын.
88.Әр түрлі адамдармен араласқанды жақсы көремін.
89.Орыстардың қасында 1 минутта тұра алмаймын үстерінің иісінен
90.Шошқа етін жек көрем .фууууууууу
91.«Рафаелланы»жақсы көрем(жейтін).
92.Темекі тартатын балдарды ұнатпаймын.
93.Ұзақ ойланғанды жақсы көремін.
94.Көпшік құшақтап жатқанды жақсы көремін.
95.Ерте жатсам кеш тұрамын, кеш жатсам ерте тұрамын.
96.Үйулі жатқан төсекке барып секіріп құлап жатып ұйықтап қалғанды жақсы көремін!
97.Мәә осыны 1 сағат болды жазып отқаныма.
98.Ерболдың клавиатуралары менікіндей екен,алдында бір видеодан байқадым

99.99 ға да жетіп қалыппын…
100.Бұл әлі біткен жоқ алда тағы да жазатын боламын.Өзің туралы айтқан қызық екен)

57 пікір

qyrmyzy
Адамның көзі-айнасы деген қағидамен келісемін
Ұжыс, бір құрбым ұйқыдан енді тұрдың ба көзің ісіп кетіпті дейді кешкі 5те, жоқ ауырып жүрмін десем сенбейді. Қызық, келісем!
Алғаш рет жігітпен 8 сыныпта жүріппін
8-сыныпта әке-шешемді, ауылды, достарымды сағынып, жылаудан көз ашпаппын:) Бұндай бақыт қашан бұйырады екен??!!!

Менің жауым «жұрттың балдары»
Бәріміздің жауымыз — жұрттың балалары, осы жұрттың балалары не жейді дим дә кейде
Тізіп жаза берсең көп! Шынайы жазғаныңа ризамеееен!
qyrmyzy
Анаңды көп ренжітпеуге тырыс, келіспей қалған жағдайда өзіңді анаңның орнына қойып көр. «Мейірімділік танытпаған, мейірімге бөленбейді» делінген бір хадисте. Айналаңда, ортаңда мейірімді болуға тырыс. Былай кучт қыз екенсің, маддис!
alikona
тырысамын… тағы да рахмет!
qyrmyzy
мяяяя, бір сағатта 100 факт жазғаныңа таң қалудамын. Рекорд! біз апталап жазғанбыз бұндайды
kema
Әсіресе мен ғой, тұра 1апта жазғам))))))
alikona
айттымғо мен әркімге қызыға берем деп, сол әркімнің осындай жазбаларын оқып қызығып кеткенмін ғой))))
Daka_sss
рекорд менде, деп айта салайнш)))
alikona
солай болса бола қойсын!
kema
33.Басқалар сияқты кофтасын бірінші киіп соын барып шалбарымды кимеймін, керісінше бірінші шалбарымды киіп аламын
кім осылай киінеді екен? хехехе)))
Кееерремет резюм шығыпты. Көрініп тұр шын көңілмен жазғаныңыз
qyrmyzy
кофтамды бірінші киемін көп жағдайда
alikona
qyrmyzy
жақсы пост кен, қыз екенімді есіме түсіріп алдым.мяяяя, қарбалас өмір басталды, ыхыхыы, шаршадым
kema
65.Қайрат Нұртасқа жыным келеді
ой айтпа, менде ұнатпайм. Зарлай береді де жүреді өзі)))))
alikona
иә бәрінен бұрын өзінше Мейрамбек сияқты жүрекпен айтқысы келеді, бірақ онысынан түк шықпайды!
qyrmyzy
таңертең сабақ емес пе? Ұйқташиш, Кема тамақ ішватыр, мен ұйқыдан тұрып, жұмысқа кірісейін деп отырмын. Ну енд біз отыр екен деп отыра берме дегенім ғой
alikona
))))))менің табаныма үлкееен мазоль шықты сол енді ауыртып бастырмай жүр так што ертен сабак жооок!!!ұйқым ашылып кетті!))Кема ас болсын! Саған сәттілік!әзір отыра берем мен да если чо жаза беріңдер)
qyrmyzy
ееее, мазольді біреулер сияқты тесіп жүрме! Өзі қайтады. Сосын біз мейлруыңдыыыыыссста отырмыз, мында көп жазбайтын шығармыз
qyrmyzy
кей әндерін тыңдаймын
qyrmyzy
25.Болашақ жарым мені тәрбиелеп отыратын қатал болса екен деймін.
Осы күндері маған қатал адам өттеееее қажет боп тұр. Ну енд «дипломдық жұмысыңның қанша бетін жаздың? Кеше мынаншы бет жазамын деп уәде етіп ең ғой? Анау жұмыс бітті ма? Мынау не болды? Анаған қашан барасың?»… ұджыыс, бітіретін жұмыс көөөп екен ғой, қой кеттім!
ardak1996
78.сүйікті пәнім география менің де)))
Керемет, ақжарқын қыз секілдісің, екеуміз қарама- қарсы адамдар екенбіз)
alikona
ахахахах неге?))))))
ardak1996
Білмеймін) бұл жақсы маған қарама-қарсы болған)
Дос болайықта
alikona
ааа сен осы СЖ сайтындағы Самая Умнаясын ғой иә?
ardak1996
Жоға) Жұмбақ қызбын)
alikona
әәә енді есіме түстін! Дос болсақ дос болайық!!! менің майл ру адресім, бәрі профилімде тұр маған дружба жібер)
ardak1996
аха) неғо 8сыныпта қалай жігітке қарап жүрсің
alikona
есіме түссе күлкім келеді, телефонмен танысып жүргенге мәзбізғо онда
dimash
ОоОо сайттас подругамның 100 фактысы жарық көріпті ғо)
64.ең сүйікті кином -«Меня зовут Кхан» иә, Шакрукх Кханның актерлік өнеріне тәнті болдым. Қандай роль болмасын, керемет сомдап шығады.
77.Жұрттарға қызығам да жүрем. Мен де… Сол қызығушылығымнан солар жүрген жолмен жүріп, солар оқыған кітапты мен де оқуға тырысамын. Бәрін үйренгім келеді, бірақ көбіне қолымнан келмей жататыны тағы бар…
88.Әр түрлі адамдармен араласқанды жақсы көремін. ))) тағы сәйкестік))) Себебі кез келген адамнан үйренер нәрсе табылады, мейлі ол жаман оқитын болсын, бәрібір басқа жағынан бір нрсені артық білетін болып шығады.
Мен 100 фактымды 2 күн жаздым, сол кезде көңіл күйім сан құбылды))) Бастапқысын серьезно жазып келе жатып, ертеңіне жақсы көңіл күймен бастап артық қоспалар қосып, аяқтап қалдым ау дегенде көңіл-күім сыртқы факторлардың әсерінен бұзылып ашуланып аяқтағам)))
Мылжынмын ба деп қаламын кейде...
alikona
Рахмет достым пікірлеріне!!!қазір дереу сенікін оқымасам)))
alikona
Димаш-ау әлі жазбағанбысын сенікін таба алмадым ғой?!
dimash
Менің жазбамды өшіріп тастаса керек, өзім де таба алмадым…
Хорошо что өзімде сақтаулы, алдымен вордқа жазып барып сайтқа салғанмын))
Togzhan
Ең үлкен фобиям-биіктік---менің де, баспалдақтан, иа болмаса көпірден төменге қарай алмаймын, құлап кететін секілдімін.))
Тамаша екен, барлығы ашық жазылған)
alikona
рахмееет!Қуаныштымын)
banzaika1990
28.Мені көшеден кенет көріп қалатын таныстарым менімен ешқашан амандаспайды, олардың айтуынша менің көңіл күйім жоқ сияқты болып келе жатам да сосын олар менімен амандасса ұрысып жіберетін сияқты көрінеді екем. — менде де ондай жағдайлар болады, бірақ мен керісінше жалғыз келе жатқанда көңілді, қызық сәттерді ойлап келе жатам да амалсыз жимиып жүрем, сосын балалар «мәз боп кімді ойлап келесің» деп ұялтатындары да бар. Сосын менде 29да айтылғандай істеуге тырысып жүрмін.
55.Солақаймын — менде солақаймын.))))
95.Ерте жатсам кеш тұрамын, кеш жатсам ерте тұрамын.------------ менде))))))))))
alikona
рахмет пікіріңізге! біраз ұқсастықтарымыз бар екен)))
Korkem
Тамаша жазыпсың! Тек сені қандай екеніңді елестете алмай жатырмын)))) не деген ашықтық, не деген шынайылық, ризамын!
alikona
Рахмет Көркем! Кезінде көресін ғой)))
Abylai
Керемет жазылған. оқып отырып «мен де» деп біразына: жымидым:
19. мен де )) Өлеңдер қатты әсер етеді (өлеңді естіп барып содан кейін барып сол өлең хит болған кездегі оқиғаларым еріксіз есіме түседі).
20. мен сағыныштан сарғайып кеткен едім. сағынғышпын
79. =D
89. мен жаман иіс шықса бірден фуу орыстың иісі шығып кетті деп айтам ықық ұжс
92. Бідішшшшшшшш
93. +
94. + (=
96. менің үйімде үнемі солай )) төсектер жиналмайды
alikona
Рахмет,қуаныштымын! Осы темекінді қоюға ниетін бар ма өзі?
mairosh
19.Ұнатқан өлеңімді біраз тыңдап жүремін де біраздан соң жалықтырып жібереді.Сосын 1 жыл өтсе де сол өлең есіме түсіп кетіп бәрін шулатып сол әнді іздейтін әдетім бар.
33.Басқалар сияқты кофтасын бірінші киіп соын барып шалбарымды кимеймін, керісінше бірінші шалбарымды киіп аламын
34.Біреуді ренжітіп алсам соны біразға дейін ойлааап жүремін
62.Адамның көзі-айнасы деген қағидамен келісемін
65.Қайрат Нұртасқа жыным келеді.
67.«сенің көзім әдемі» деп жиі айтады маған.
68.Көңілшекпін,әсерлі киноларда тез жылап қалам.
мяя біздің ұқсастықтарымызды қара ))
alikona
мяяяя! біраз екен ғой!қызық…
AKA
Профиліңізде
Туылған күні:16 шілде 1993
… қай ақпарат дұрыс? Жазбада қате көп, бір сөйлемде бас әріппен, келесісі кіші әріппен басталған. Ең алдымен сол көзге ұрып тұр, қалғанын да тізе беруге болады. Жалпы, тексеріп жазған дұрыс.
alikona
негізі 1995 жылғымын!қатемді дереу дұрыстаймын! ааа сосын 101 факт: Біреудің міндегенін ұнатпаймын! туа бергі мінезім сондай!
AKA
Кешірерсіз, Сіз сияқты мен де…
56.бетке айтқанды жақсы көрем
AKA
Осы сайттың қолданушысы Көркемге қызығамын, ақылына көркі сай!
Түүүһ, не деген сөздер десиш!
Адаммен бір-екі рет сөйлескеннен кейін былай, оның қандай екенін айтып бере аламын.
Виртуалда сөйлескенде ма, реалда ма?
Karakulov
14. Ал мені арықсың деп кемсітетін: бірде досым салмағың қанша? деп сұрады 8 класста, 31 дегім келмей "қырық" десем, "өтірік соқпа, сен жасың қырыққа толғанда ғана қырық кг-ға жетесің"-деп қойыпқалған))
47.Диетаны қанша ұстаймын десем да шыдай алмай қаламын
енше маған беріп тұр бүкіл тамағыңды же пқоюдан қорықсаң, менің асқазаным тамақ ішпесем қағазы бітіп қалған принтердің дыбысын салады:)
74.Ең үлкен фобиям-биіктік.
ұқсамайды екенбіз. Мен еш биіктен қорықпаймын.
93.Ұзақ ойланғанды жақсы көремін.
тағы қайшылық… мен тым асығыс шешім қабылдаймын
100. о-О, дывай-дывай, күтем, норм сияқты, бірақ + / — қоймадым әзірге
Karakulov
Ондай да бар ма? Қанша уақыт ішінде үлгеруіміз керек жалпы?
Karakulov
дауысыңыз есептелді деп шықты ғой +12????
Karakulov
ұқпадым, + басқызу үшін әдейі алдадыңыз ба?
Abylai
Мәссаған мен алдандым ©
MSHERIMBEK
Джынннннннннннннды факттар:) Ашық, боямасыз:)
18.Рокты өте сүйіп тыңдаймын.
Rammstein руллз:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.