Қорқа жарияладым...

1. есімім – Сая
2. -просто Саясың ба?- деген сұрақ жиі қойылады,қазір спокойно қабылдайтын болдым
3. айтпақшы, спокойствие мен покойник деген сөздердің жақындығы неге екен деп ойлап қоям кейде,
4. өмірім тыныыыыыш деп қуанатындарды түсінбеймін,
5. итім, мысығым, балығым, тышқаным опшм жануарым болған емес
6. болашақ психологпын
7. осыған дейін блогқа тіркеліп, жазып, плюстеп көрмеппін
8. агентте көп отыратынымнан құтылғым келіп жүр
9. сол агентте әдетте айтатынымды салем,қалайсың дегендерсіз бастап кете беремін, -сәлем, Сая, мен жақсымын деп созып алғанда жыным келеді
10. телефонды, номерді жиі ауыстырып тұрғанды жақсы көрем
11. білезіктерді жақсы көремін
12. жастықсыз ұйықтағанды сосын
13. бірақ дәрігерім тиым салды
14. сондықтан қазір жастық салып, өзім басымды бір жаққа қарай қисайтып алам да, бәрібір жастықсыз жатам,
15. жұлдыз-жорамалда бәрі өтірік деп ойламаймын
16. кітап алғанды, оқығанды, сыйлағанды жақсы көремін
17. соңғы рет «Унесенные ветром» сыйладым
18. мамаға алған «Карғын» есептелмейтін шығар, өз ақшасына алдым ғой
19. қазір «Лабиринт» деген кітапты бастадым
20. бастап қойғасын ғана,әрі кругозор кеңейсін деп оқымасам,қызықмес болып кетті
21. телефоннан оқитын кітабым мен кәдімгі кітап параллель жүре береді,
22. біріншісін тез аяқтап қоямын үнемі
23. ең ұзақ оқып, созып алған кітабым «Анна Каренина»
24. мектебімді сағынышпен еске алмаймын
25. 10 сыныпты оқымағанмын
26. Орнына медициналық колледжде 1 жыл оқыдым
27. Чатта жалқы есім кішкене әріппен жазылып кеткеннен еш сөкеттік көрмеймін
28. Көретіндерді щепетильный адам деп есептеймін,
29. Кейде оқу процесім тек орысшадан қазақшаға аударудан тұратындай болып көрінеді
30. 2011 жылы қателеспесем срогы өткен жас тілші куәлігім бар
31. Қайда екен ол??!!!
32. Өмір бойы дене шынықтыруға жөнді қатыспағанмын
33. Мектепте белсенділігім үшін,
34. Мұнда анықтамамен қойдырып аламын
35. Газсыз су ішкенді (дұрыс) жақсы көргенмен,
36. Спрайтты сағынып кетем көбіне
37. Бірінші тауық па әлде жұмыртқа ма деген сұрақты жек көремін
38. Айтарлықтай тез тере алатын сияқтымын пернетақтада
39. Уйде бір бала болғанның кемшілігін айтатындарды ұнатпаймын
40. Әсіресе, менің біреу екенімді білгеннен кейін
41. Мен бәрібір артықшылығын көбірек таба аламын
42. Жаяу жүргенді кейде жақсы көремін
43. Кейде жоқ
44. Көбіне жоқ
45. Биік өкше аяқ киім кие алмаймын
46. Бірақ олар сондай әдемі көрінеді дүкенде
47. Балеткиден артық аяқ киім жоқ мен үшін бәрібір
48. Футболды түсінбеймін
49. Бір матчты басынан аяғына дейін тамашаладым
50. Бәрібір түсінбедім
51. Жүргізуші куәлігім бар
52. Куәлігі бар болу мен машина жүргізе алу екі нәрсе екенін скромно жасырып қалайын
53. Машина айдап үйреніп жүргенімде бір бұрылыстан қорқатынмын
54. Бірақ ұмытып қалдым қайсысы екенін
55. Тіл үйренуге бейімділігім бар деп санаймын
56. Ағылшынды толыққанды меңгермей жүргеніме көп болды
57. Бірақ ол бейімділігім бар екеніне түк әсер етпейді)))
58. Көбіне «оойй,қойшы» деп еріншек болып кететін сияқтымын
59. Осылай деп қоймасам тек пиар болып кетті
60. 58 қара пиар емес)))
61. Әзілді түсінетіндерді керемет жақсы көремін
62. Мен көп анекдот білемін айтпақшы,
63. Тек жағдайға қатысты еске түсіремін,
64. Адамдар табиғаты тек жақсылықтан тұрмайтынын білем
65. Бірақ бұл оларға сенуіме кедергі емес
66. Маған психологияға қатысты сұрақтарыңыз болса,қуана жауап беремін,
67. Жалпы сұрақтарыңызға қуана жауап берем
68. Кейде мақал-провокацияларымды айтып жүрем,
69. «Тірі гүлді қалай жұлуға боладыыы»- деп айтқанмен сыйланған гүлге мәз болып қоя берем
70. Папамнан алған ең үлкен сабақ – адамды жақсы, жаман деп бөлмеу,
71. Айтпақшы мені мамаға қарағанда папа көбірек бағыпты
72. Бір, екі жаман нәрсе жазу керек сияқты болып отырғаны несі,
73. Көбінесе таныс адамдарымды байқамай,өтіп кетемін
74. Конфликттен жиі қашамын
75. Біреу білетін анекдотымды айтып жатса бөлмеймін
76. Кино өнерін жақсы көремін
77. Тамаққа привередливая (кірпияз??) емеспін
78. Көшіріп жазғанды,үтіктегенді, бос сөйлегенді, шемішкі шаққанды жақсы көрмеймін
79. Кинотеартдан екі киноны екі рет көрдім: «Мы купили зоопарк», «1+1»
80. Жүзуді үйреніп жүрмін
81. Қазір жақсы музыка тыңдауға деген қажеттілігім қатты артып жүр
82. Рокты жақсы көре бастадым сосын
83. Оны жақсы көрмейтін адам оны әлі түсінбеген деген оймен келісем енді
84. Менің еркелететін аттарым тыыым көөөп)))
85. Осы жерден бір –бірлеп жазсам 100 ге жетеді))
86. 3,5,9 сандарын жақсы көремін
87. Өмірімде көп нәрселер осылармен қатысты
88. Иіссуларды ажырата алмайды екенмін
89. Қызыл түсті жақсы көремін
90. Қара киімді сирек аламын
91. Кішкентайымда ұша алатыныма сенімді болдым
92. Аяз атаға сенбесем де
93. Жануарлардың тілін білсем деген ой келмепті
94. Бірақ құмырсқаның илеуінің ішін көру арманым еді
95. BBC деректі фильмдерін қатты жақсы көремін
96. Құмырсқаларға қатысты қазіргі арманым — уйде прозрачный қалыпта илеу болса екен!
97. Бастапқыда ұялшақ көрінуім мүмкін
98. Алғашқы әсер алдамайды негізі
99. Біреу мұның бәрін оқыса,қуанышты болар едім,
100. Көөөөөп дос тапқым келеді мұнда!!!

26 пікір

qyrmyzy
жұлдыз-жорамалда бәрі өтірік деп ойламаймын
кітап алғанды, оқығанды, сыйлағанды жақсы көремін
ұқсас
45. Биік өкше аяқ киім кие алмаймын
46. Бірақ олар сондай әдемі көрінеді дүкенде
47. Балеткиден артық аяқ киім жоқ мен үшін бәрібір

толық келісем!
Жүзуді қайдан үйреніп жүрсіз? Қайдан/қай жылғы екеніңізді жазбапсыз…
pana
спорт мектебінде үйреніп жүрмін инструктормен, солай аталады меніңше, олимпиадаға резерв дайындай ма))шевченконың бойында,
шынымен де...қазір оны профильдің инфосына қосамын, жауап беру дегенді пікір жазумен шатастырдым жаңа, шәйнекпісің деген))
qyrmyzy
Ештеңе етпейді. Алматыдасыз ба? Жүзуге бірге барайық! Бірақ мен басқа жақа барып жүрмін:)
pana
онда аквапаркке барайық жазға жақын)))
qyrmyzy
жақсы, келістік)
qyrmyzy
Айтқандай, қош келдіңіз! Жақсы-жақсы достар табуыңызға тілектеспін! Қатарымызға қосылуыңызбен!
pana
рахмеееттт)))айтқаныңыз келсін!
sandibek
Сайтқа қош келдіңіз. Мына постығызға қарағанда сіздің қолыңыздан жақсы посттар күтеміз шығатын сияқты, пікір жазбасам да, плюстеп тұруға уәде берейін…

18. мамаға алған «Карғын» есептелмейтін шығар, өз ақшасына алдым ғой
19. қазір «Лабиринт» деген кітапты бастадым
21. телефоннан оқитын кітабым мен кәдімгі кітап параллель жүре береді,
26. Орнына медициналық колледжде 1 жыл оқыдым
осыларды толығырақ білгім келеді.

Және де qyrmyzy айтқандай:
Қайдан/қай жылғы екеніңізді жазбапсыз
pana
рахмет сеніміңізге))
18 Дулат Исабеков, мама өткен жолы беріп жібер деген, бірақ оны сыйлық жасадым деп санамаймын,мен студентпін
19 Дэвид Маккалау, «Вечная тайна лабиринта»,өзі де қара кітап, жер жердегі лабиринт ерекшелігі,құпиясы жайлы
21 «шын кітапты» отырып, ал телефонда сақталған екінші кітапты отырып, жатып, кезекте тұрып та оқи беремін, сосын шығар тез аяқтайтыным,
26 тоғызыншы сыныптан кейін түбі дәрігер болам, оған дейін колледж оқып аламын деп түсіп едім, шыны керек ҰБТ-дан қорықтым ау дейм бар болғаны, кейін бұлай болмайды екен деп 11 ді бітірдім))
Арал қаласынан,92 жылғымын, досым маааа қырықтың жартысына келесің ба не деп жүр, эхх
sandibek
маладес, мен де кітапты телефоннан оқимын, бірақ өте ыңғайсыз, шын кітапқа жетпейді екен мүмкін телефоным кітап оқуға ыңғайсыз шығар, ал сіздің телефоныңыздың моделі қандай?.
pana
шын кітаптың артықшылығы көөөп қой, ең бастысы бейнелер пайда болатыны мида, байқадыңыз ба, телефон, компта оқылған кітаптан алынған әсер бай, образдар мол бола бермейді, телефоным самсунг галакси, сізде қандай?
sandibek
ия оны байқап жүрмін, нокиа е5 қой моделі, экраны галаксилерге карағанда тым кішкентай, сол үшін де ауыстырғым келіп жүрген еді. енді сіздің пікіріңізден кейін шын кітап алып оқуға дағдыланған дұрыс па деп ойлап отырмын.
кітап оқып бастағаныма көп болған жоқ, 1 шын кітапты оқып бітірдім, ал қалғандары — электронды кітаптар, жартылай оқып аяқтамай қойғанмын. олардан ешқандай әсер ала алмадым. ал шын кітапты оқыған блоггерлердің жазбаларынан да әсерлі болады екен)
MSHERIMBEK
Саяяяяяяяяяяяяяяя:) Жаннееееееееееее сол:) Қош келдің:) Өте қуаныштымын:) Сен жазбағанда кім жазсын блогты:)
pana
Садыыыыыққ))(менің даусыммен оқы) рахмет! мен де қуаныштымын! сенің жазбаларыңа қызығып келдім))
mairosh
8. агентте көп отыратынымнан құтылғым келіп жүр
осы сайтқа кіргелі бері агент дегеннен сәл де болса бас тарттым. ))
12. жастықсыз ұйықтағанды сосын
өзімсің ғой))
42. Жаяу жүргенді кейде жақсы көремін
 43. Кейде жоқ
мынауды маған ұқсап кетіпте))
66. Маған психологияға қатысты сұрақтарыңыз болса,қуана жауап беремін,
мен сізден көмек сұраймын, қысылған кезде))
Жақсы жазыпсыз
pana
баууееерыымм)))рахмет!!! сұраңыз, бірақ жоқ, сұрамаңыз, қысылмаңыз дегенім
VVVWWW
91. Кішкентайымда ұша алатыныма сенімді болдым
Тамаша жақсы жазыпсыз
99. Біреу мұның бәрін оқыса,қуанышты болар едім,
неге оқымайық қайта-қайта оқуға тұрады екен
pana
сіздікі де тамаша, жаңа ғана оқып шықтым!
alikona
73. Көбінесе таныс адамдарымды байқамай,өтіп кетемін
мен де))
91. Кішкентайымда ұша алатыныма сенімді болдым
ай бір күлдірттіңіз ғой))
98. Алғашқы әсер алдамайды негізі
неге? керісінше емес пе??
pana
98.ұялшақ көрінсем, солай болғаны дегенімғо, алғашқы әсер алдамайды деген адамның өзі сол әсерден ұзақ уақыт шыға алмайтынына қарап айтылған сияқты, сонысын басшылық етіп алады сосын, сіздіңше бірінші эффект алдамшы ма?
AKA
Қорқа жарияладым...
Не себепті? Алматыда оқисыз, бірақ отбасыңыз Аралда деп ұқтым, солай ма? Егер солай болса, мүбәрак жүзіңізді көру бақыты бұйырып қалар, иншАллаһ.
pana
дебютім болғасын))) хехе)) я, Алматыда, КазМ(Г)Уда,қуанышты болар едім жүздессек!
Daka_sss
менде егізім болса, саған ұқсайды екен ғой ))
kz_aidar
Жақсы жазыпсың!)) Тұтас бір өзіңмен танысып шыққандай болдым!!!))
42. Жаяу жүргенді кейде жақсы көремін
Менде, әсіресе кешкі салқынменн
16. кітап алғанды, оқығанды, сыйлағанды жақсы көремін
кітап оқитының жақсы екен
53. Машина айдап үйреніп жүргенімде бір бұрылыстан қорқатынмын
54. Бірақ ұмытып қалдым қайсысы екенін
Үйреніп жүргенде мендеде сондай болған, менде ұмытып қалдым.
Сымбатты, сұлу екенсің!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.