Тағы да өзім жайлы

Сәлем достар!
Бүгін тағы да өзім жайлы бірер факт жазбақпын өткен жолғы «100ге жеткізіп көрейін» атты постыма қосымша болсын. Соңғы кезде өзімнің мінезімнен түрлі өзгерістерді байқап жүрмін. Әрине, бұған қуаныштымын. Өйткені жаман мінездің барлығын тастап, жақсы жаққа бет бұрғанға кім қуанбасын? Сабырлы болып барамын барған сайын. Не нәрсеге болмасын шыдап, не нәрсе болмасын төзіп. Ал, кезінде «Сап, сап көңілім» деп, өзімді әрең басушы едім. Әрең, әрең. Ал, қазір бәрі керісінше. Ооо, тіпті бұрындары менімен жаңадан танысқан адам ашық екенсің деп көӨөп айтатын. Ал, қазір (кеше ғана) көршіміздің үйіне қарындасы келіпті қонаққа сол айтады: «Сыртыңнан қарасақ СЕРЬЕЗНЫЙ болып көрінеді екенсің деп». Кешке ойға шомып жатып, өзіме-өзім күлдім. Бұрындары құрбыларым маған тәнті болатын «Кішкентай баланың қылығындай қылықтарың. Ешкімнен қорықпайсың, айтасың бәрін. Бәрімізді қуантасың да жүресің әр қашан сен қасымызда болсаң езуіміз жиылмайды» дейтін, әрине бұл өткен құзырында қалды. Жаңа ғана кездестім құрбыларыммен, барлығы ренжіп жатыр маған: "Қайда сол баяғы Жания қайда?" деп, хе-хе деп күліп қойдым. Бірақ, өзімнен басқасының барлығы байқап жүр «сиырдан-серьезный, бұқадан-блотной болып кетіпсің ғой тегі» деп. Өзгердім осылайша білмеймін қалай. Ересектердің қатарына қосылуға маған әлі ерте. Тек шыдай тұрайын. Мен де бір күні өз ойым-өзіммен болармын. Бірақ, бала-шағымды да қимаймын.

1 пікір

Zhassiko
«сиырдан-серьезный, бұқадан-блотной
меніңше, серьезный болудың да еш артықшылығы жоқ, өзіңізге жарасса, өзіңізге ұнаса, неге жүрмеске? Маған сіз секілді серьезный қыздар ұнайды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.