Өзім жайымда

1. Мен БҚО, Шыңғырлау ауданында туылғам.
2. Ақсай қаласында мектепті бітірдім.
3. Қазір Ақтөбеде тұрып жатырмын.
4. Нигім барлық жерде – Дельфина.
5. Тамақ дайындағанды жақсы көремін. Бір аптада 7 күн болса 7 түрлі тамақ дайындаймын.
6. Құймақ пісіргенді жақсы көремін.
7. Сосын соғымның майларын шұжық қылып қуырғанды, ыссылай күйінде жегенді
8. Тоң маймен тамақ пісінгенді ұнатамын.
9. Мал майымен тамақ пісірсен мықты боласың дидқо))
10. Мысықтарды жек көремін. Алыстан көрсем –ақ айналып кетемін))
11. Иттерді де ұнатпаймын. Тістеп алар деп алыс жүремін. \
12. Лақ жақсы бәріненде))) Қозыда))
13. Сүтті шелектеп ішемін Димаш сияқты))
14. Айран, құрт,ірімшік жақсы көремін.
15. Бетіме қиярдан маска жасаған ұнайды. Жаңа туған сәбидей болып қаласың.
16. Кішкентай кезімде дүкенші боламын деп армандағам
17. Мектепте оқығанда тентек болғам… 2 мұғалімнің менің үстімнен жазған арыздар әлі сақтаулы.
18. Осы күнге дейін әкемнің еркесімін)))
19. 5 баланың ортасында өстім.
20. 1 ағам, 1 апам, 1 інім, 1 сіңлім бар. Тфә-тфә.
21. Әкем де шешемде мұғалім.
22. Сонда да тентек болдым)))
23. Өзіме біреу тиіссе соны жылатпай көңілім орнына түспиді.
24. Ешкімге бастап тиіспеймін)) деп ойлаймын
25. Бірақ адамдардың жүйкесіне тигенді жақсы көремін.
26. Көп нәрсеге мән бермей өткізіп жіберемін. Әрине маған қатысты болса.
27. Тырнағымды тек қана алқызыл лакпен бояймын))
28. Шашым ұзын.
29. Студент болған кезде, түнімен шашымды бұйралап, танертең ерте тұрып оны дұрыстап жүретінмін.
30. Шашымды қазір тек түйіп қоямын.
31. Суретке түскен ұнамайды.
32. Бірақ түскен суреттерімді жинаған ұнайды))
33. Кітап көөөп оқимын. Кітапханадан алған марапат қағазым бар.
34. Томпақ жігіттер ұнайды. Рахатқо)))
35. Арықтар онша емес)))
36. Адамдармен жақсы тіл табысамын, бір көңілім суып қалса сөйлеспей қоямын.
37. Ренжеген кезімде 24 мектептін паркінен табыламын.
38. Ақ түс
39. Көк түс ұнайды.
40. Арзан киінген адамдарға жыным келеді.
41. форточкадан бере салатын, сұрауы жоқ сыйлықтарды ұнатамын)))
42. Гүлді жақсы көремін, егер букетімен берсе…
43. Лаванда сияқты менің де жұлдызым егіздер.
44. Егіздерге махаббат ойыншық дейді, распа Лаванда?
45. Шаңғы тептен ұнайды
46. Мұрыннан шаңшылып жұмыс жасаған ұнайды, бос отырғаннан гөрі
47. Почтама (мой мирге )келген хаттарды өшірмеймін. Дәл қазір 12273 хат тұр. Қаншаға дейін барад екен деп жүрмін.
48. Біреу айтып еді 1000 хатқа көбейіп кетсе ашылмай қалады деп,өтірік.
49. Екі дипломым бар. Бірі көк, бірі қызыл.
50. Мамандығым техник-прогаммист.
51. Маман бойынша жұмыс жасап жатырмын.
52. Мектепте қайта оқығым келіп жүр.
53. Қайта оқысам тентек болмаймын деп ойлайм))
54. Тойда билегенді жақсы көремін. Вечерларда емес.
55. Мықты сезімталмын. Бірақ өлсемде білдіртпеймін.
56. Құмырсқаны өлтірген адамдарға жыным келеді.
57. Уақытты босқа өткізбеуге тырысамын.
58. Әр сағатта не істедім, не жасадым деп ойланамын.
59. Папамды сағындым)))
60. Бойым-167, салмағым 50 болмайды.
61. Көзім қара.
62. Құлшынсам тас жарамын, тас жарғым келмесе қағазда жыртпаймын. )))
63. Руым – 12 ата Байұлыда Шеркеш.
64. Суда жүзгенді, сүңгігенді, шалқалап жүзгенді ұнатамын.
65. Су салқын болмаса бопты))
66. Биге әлі де қатысқым келеді. Бишілер мықты ұнайды.
67. Ақын емеспін, анда санда, шабыт болғанда, қозғанда өлең шығаратыным бар.
68. Алмұртты жақсы көремін.
69. Қызанақ шырыны ұнайды, болмаса томатты суға езіп жіберіп, бір шымшым тұз салып ішіп жіберсен, рахаттың рахаты)))
70. Жаным сол, сендерді жақсы көремін ғой
71. уааау, 70 ке келгенде қандай әже боламын екен деп ойлап кеттім ғой.


Әзірге осы.

60 пікір

Korkem
Ох, мен күткен пост!
Delfina
Өткендеееееее жазып қойып едім, салуға уақыт болмай жүрген бір. Ештен кеш жақсы деген бүгін ыңғайы келді ғой.
Jako
\
Томпақ жігіттер ұнайды. Рахатқо)))
Кетші, несі рахат болып тұр.
Korkem
Ұнады))) Ұнағанда қандай, сұмдық ұнады)) Осы жұрт 100 факт жазса "өләә бір-бірімізге жаман ұқсайды екеміз" деееп отырады ғой. Міне, енді мен сізге тартыппын, ық-ық
Delfina
Қай жеріміз тартқан Көркемка, айта отыр, мүмкін тума))))
Korkem
17. Мектепте оқығанда тентек болғам… 2 мұғалімнің менің үстімнен жазған арыздар әлі сақтаулы
23. Өзіме біреу тиіссе соны жылатпай көңілім орнына түспиді.
ық-ық очым осы сиятылар бұқақақ
Delfina
Дұрыс бәрі уақытымен, тентек болып есте қалу керек жұрттардың )))))))
Jako
Да, бұныңа енді әңгіме жоқ.
banzaika1990
Қыз боп туған соң — қыз боп қалмасқа амал жоқ
— мына жазбаңыздан сізден мұндай қылықтар шығады деп ойламаған едім)))))))))))))))))
Korkem
біз де бала болғанбыз)))
Zhassiko
12273 хат тұр
ойбу-у-уююююю, қазір сіздің почтаңызға хат жазып жіберсем, ответ жазбайтын сияқтысыз ғоо…
38. Ақ түс
мынау факт емес ғо.
Abylai
Ақты ақ деу керек қо енд =D
Delfina
Почтама келген хаттар шыныменде оқылынбайды, почта арқылы достық жібергендер сол күйлерінде кеткен болар))))
Abylai
Ұнады, ұнадыңыз ))) Қазір бір қазақшылыққа салынып жіберейін
Руым – 12 ата Байұлыда Шеркеш.
ощм менің әкемнің әкесінің әкесінің әйелі (мегің атамның әжесі) Шеркеш болған, сонда сіз маған? іммм тәәәк кәрі кәрі кәрі нағачэээм болсасыз ба?
Delfina
Абылааааай өлтірдің мені)))))))))))))
Manas
1 ағам, 1 апам, 1 інім, 1 сіңлім бар.
ооо, мынау ерекше факт екен
Chimaq
2. Ақсай қаласында мектепті бітірдім. Mende aqsai degen jerde turam,suretin koreinchi Qazaqstandaghy aqsaidyng....)))
Delfina
менде жылдамдық нашар болып тұр. Қыздар, жігіттер осы жерге ақсайдың суретін тауып салындаршы, өтініш.
dimash
13. Сүтті шелектеп ішемін Димаш сияқты))

Жарысу керек екен деп па))

20. 1 ағам, 1 апам, 1 інім, 1 сіңлім бар. Тфә-тфә.

Тура өз кезегіңізде туылыпсыз ғой)

44. Егіздерге махаббат ойыншық дейді, распа Лаванда?
Рас секілді, ол қазір көрінбей кетті ғой. Номері де ауысып кетіпті))
Delfina
Бұл факттарды сол Лаванда жазған кезде жазып қойған болатынмын)) содан бері жолы болмай жүр еді))
Korkem
8. Тоң маймен тамақ пісінгенді ұнатамын.
ооо жоқ, иісі бар ғой ыыыы ұнамайды, елестете алмаймын((
Delfina
Мен керісінше сол шұжықтың иісін жақсы көремін))))
AKA
14. Айран, құрт,ірімшік жақсы көремін.
Мен де, әсіресе құрт :))
Delfina
Былтырдан қалған құрт бар АКА )))) салып жіберейінбе? Дәмі ерекше. Мұздатқышта сақталған құрт.
Jako
Баяғы аялдамада қалтаңа түскен баладан қалып кеткен құрт па?
Korkem
бұқақақақ, Дельфи маған салыңыз)))
Delfina
Сен оданда Ақтөбеге кел, саған сақтап ала тұрайын.
Delfina
хе хе ))) ағасы-ау, соны әлі ұмытқан жоқсызба? Ол бала сыпырып алып қалды ғой))) құрт деген соңда да запаста(қазақшасын есіме түсіре алмадым) бар.
qyrmyzy
маған дааааааааааа
alikona
8. Тоң маймен тамақ пісінгенді ұнатамын.
суып қалғаннан кейін ерніне жабысып қалады ғой...
17. Мектепте оқығанда тентек болғам… 2 мұғалімнің менің үстімнен жазған арыздар әлі сақтаулы.
18. Осы күнге дейін әкемнің еркесімін)))
19. 5 баланың ортасында өстім.
20. 1 ағам, 1 апам, 1 інім, 1 сіңлім бар. Тфә-тфә.
21. Әкем де шешемде мұғалім.
22. Сонда да тентек болдым)))
23. Өзіме біреу тиіссе соны жылатпай көңілім орнына түспиді.
24. Ешкімге бастап тиіспеймін)) деп ойлаймын
25. Бірақ адамдардың жүйкесіне тигенді жақсы көремін.
тентектігін туралы көп айтып кеттің, мақтанғандай болп қалдынбаааа…
35. Арықтар онша емес)))
39. Көк түс ұнайды
маған да)))
40. Арзан киінген адамдарға жыным келеді.
неге? себеп? олардың не жазығы бар?
42. Гүлді жақсы көремін, егер букетімен берсе…
кім жек көреді екен?! хахаха)))
Лаванда
ол кім???
47. Почтама (мой мирге )келген хаттарды өшірмеймін. Дәл қазір 12273 хат тұр. Қаншаға дейін барад екен деп жүрмін.
«скучный»адам сияқтысын…
63. Руым – 12 ата Байұлыда Шеркеш.
Байұлы Төртқарадан тараған емес па еді?
alikona
а иа, бірақ ерінге де жабысады
alikona
сіздің не елестетіватқаныңызды біліватрм…
alikona
сіздің тіліңізді түсінбедім???
alikona
ммм… басқа әңгіме айт)))))
alikona
мммм… мен да солай деп отқан… солааай дее…
Delfina
суып қалғаннан кейін ерніне жабысып қалады ғой...
тамақты суытып жемеуге тырыс.
тентектігін туралы көп айтып кеттің, мақтанғандай болп қалдынбаааа…
бұл жерден ешқандай мақтануды көріп тұрғам жоқ. Барын жаздым.
alikona
тамақты суытып жемеуге тырыс.
енді немене тамақты ыстық күйінде бас салайын ба әй-жайға қарамай?!
сонымен
40. Арзан киінген адамдарға жыным келеді.
неге? себеп?
Delfina
Арзанның суы татымас деген. Түрінен ақ көрініп тұрады емеспе түтігіп?
Korkem
суып қалғаннан кейін ерніне жабысып қалады ғой...
соған қарағанда жейсің деген сөз ғой, ыыыыы
yerbol89
50. Мамандығым техник-прогаммист.
Нақтылай кетсеңіз! :) Сіздің программист ханым екеніңізді білмеппін! :)
Delfina
Солай. Типа программист болып жұмыс жасап жатырмызғой)))
Abylai
Толығырақ толығырақ, мен де білмеппін техник программист екеніңізді. «Мамандас» екенбіз ғо )))
Delfina
47. Почтама (мой мирге )келген хаттарды өшірмеймін. Дәл қазір 12273 хат тұр. Қаншаға дейін барад екен деп жүрмін.

«скучный»адам сияқтысын…
агентке шық көрсетейін сізге скучный адамды)))))
Korkem
Дельфина, жасыңызды, жылыңызды көрсете кетсеңіз екен.))) Шамасы, сізді 15.де деп ойлап отырса керек))))
Delfina
Көркемка ешкімді қорқытпай ақ жүре тұрайыншы )))егер рұқсат болса.
Jako
Скучный, ха-ха-ха.
Delfina
Қайта мені скучный деп ойлайтындар бар екен деп бір марқайып қалдым. Бұлда жақсы жаңалық))))))
pana
59. Папамды сағындым)))
кеше сағынышымды бастым, сізге де тілейм!
Togzhan
Томпақ жігіттер ұнайды. Рахатқо)))

Бәсе, менен томпақ жігіттер жөнінде сұрауыңыз тегін емес, өзіңізге ұнайды екен ғой)))
Delfina
ува ха ха, түшшшшш, айтпасайшы ондайды)))))
qyrmyzy
күлкіңіз әдемі екен:)
qyrmyzy
Тпа, тпа,
. 1 ағам, 1 апам, 1 інім, 1 сіңлім бар.
сізде бәрі бар екен:) Маған аға жетпейді:(
banzaika1990
маған да аға жетпейді. Бірақ әкемнің ағасының 7ұлы бар сол ағаларымның арасында алысып, арпалысып, еркелеп, есіріп өстім ғой. Сағыныыыып кеттім бәрін.
qyrmyzy
хехе, күшті. Әкем жалғыз ұл
m170785
маған іні жетпейді
mairosh
20. 1 ағам, 1 апам, 1 інім, 1 сіңлім бар. Тфә-тфә.
Сіз бақыттысыз ғой бәрі бар))
29. Студент болған кезде, түнімен шашымды бұйралап, танертең ерте тұрып оны дұрыстап жүретінмін.
хехе менде
47. Почтама (мой мирге )келген хаттарды өшірмеймін. Дәл қазір 12273 хат тұр. Қаншаға дейін барад екен деп жүрмін.
ал қазір қанша болды?))
Дельфина керемет жазыпсыз)) Сайтқа көп кірмей кетіп едіңіз ғой. ))
Delfina

Қазір осындай хат тұр екен.14655 екен)))
korwinin_kyzy
Хаттарды жинай берме Компын куып кетет бир куни
Сразым делететпцса
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.