Мен туралы 100 факт! (Sabions)

Жеке өмірімде
1. Менің есімім — Ақылбек
2. т.а.к — 05.04.1994
3. Руым — Есенғұл (Кіші Жүз)
4. 3 ағайындымыз
Мектеп өмірінде
5. 7 жасымда мектепке оқушы боп жұмысқа келдім
6. сол жұмыста 11 жылдық стажым бар
7. 6-шы сыныпқа шейін озат оқушы, 10шы сыныпқа шейін обычный оқушы болдым
8. Мектептің КВН командасының құрамындамын
9. Мектептің Вице-президентімін
10. Салмақты оқушымын (мұғалімдердің көзімен)


Денсаулық жағынан факт
11. Темекі шекпейм,ішпейм
12. Спортпен айналысамын
13. бірақ, военкоматтан өте алмадым

Интернет және мен
14. Инетке қызығушылығым 8-ші сыныпта басталды
15. Инеттегі "әліппем" — Массаған.ком сайты
16. Басқа да… Софтзон Жастар порталы
17. Ұстаздарым — Х-Мырза, А-Ербол, SaboniS
18. Алғашқы сайттарым: idhost.kz-тен ашылған барлық сайтарым
19. Қазір қолымдағы сайт Пайдалы заттар порталы (жарнама емес)
20. Биылдыққа инеттен ешқандай қызығарлық нәрсе байқамадым… бәрі әшейін көрінеді

Компьютер және мен
21. Орысша айтқанда любовь с первого взгляда
22. Өз компымнан артық жақсы комп жоқ (мен үшін)
23. Контр ойынын анда-санда ойнап тұрамын, басқа ойын установкасымен жоқ
24. Күніне компь алдында 5-6 сағаттан кем отырмаймын

Адамдармен қарым-қатынас
25. Еркін араласып, тіл табысып кете аламын
26. Әзілдеу үшін өтірік айтамын
27. Әркімге қол ұшымды беруге дайын тұрамын, мүмкіншілігіме қарамай
28. Бір көрген адамды ұмытпаймын
29. Кейбір адамдарды сағынып тұрамын
30. Өзіме ұнамайтын адамдардан алыс жүрем
31. Өзімді ұнатпайтындардың пікірін өзгертуге тырысамын

Махаббат...
32. 2рет ғашық болдым (жауапсыз)
33. Қазір сүйгенім бар
34. Сөз салған қыздардың бетін қайтарғам
35. Сүйгеніммен отбасын құрсам ба деймін, но 23-24 жасымда Алла бұйртса
36. Виртуальді махаббатты ұнатпаймын
37. Романтиктер құсап ойланып кетемін, но романтический еш нәрсе жасамаймын
38. Аңдардан қасқырды ұнатамын ( ")) махаббатқа жатпаса да, сүйіспеншілік "))

Кино, кітап, техника
39. Көбіне боевик киноны көремін (ужастан қорықпаймын, шошып кетем, случайно атып шыққанда ") )
40. Кітапты бала кезімде көп оқығам
41. Ұялы телефонға қызығушылығым аз, ішінде 1-2 телефон ғана ұнайды
42. Кез келген техниканың тілін аз уақытта меңгеріп аламын

Транспорт
43. Автокөлікті жүргізе аламын
44. Ұшақпен ұшып көрдім
44. Поезьд, тік ұшаққа отырып/мініп көрмегем
45. Көлікті жөндей алмаймын
46. Жүргізушілік куәлігім бұйртса болады

Қалған-құтқан, енді есіме түсіп жатырған фактілер
47. Фокустің құпиясын ашуға тырысамын
48. Циркті ұнатпаймын
49. Кішкентай баланың жылағанын ұнатпаймын
50. 49 фактіні ойланбастан жаздым
51. Ақшаға қызықпаймын, просто қажет маған
52. Кинодан ляп тапқанды ұнатамын
53. Мамандық: архитектор, компьютерлік дизайнер н/е программист
54. Егер мультфильм шығаратын болсам, джынды жоспар дайындап қойдым, но орындалуы қиын
55. Жаңбырдың астына тұрып, таза ауаны иіскегенді ұнатам
56. Көктем мезгілі ерекше
57. Суда жүзе алмаймын
58. Шет елге шығып көргенім жоқ
59. Сөйлесіп тұрған адамның ойын алдын-ала оқып қоямын (Қарасақал айтқандай менде әруақ бар шығар ") )
60. Адамдарға сыйлық таңдай алмаймын
61. 100 ойланып, 2 рет шешім қабылдаймын
62. Мінезім көбіне ақ көңілмін, ашулансам қатал болып кетемін
63. Ренішімнің "өмірі" 20-30 секунд
64. Көбіне өз дегенімді жасаймын ( кейде ұнамайды осы қылығым)
65. Телефон номерімді ауыстырып көрген емеспін… көбіне менде болатын бірлік 0-15 аралығы…
66. Телефонмен сөйлескенді ұнатпаймын
67. Компь бос болмаған жағдайда Тв қараймын, басқа уақытта ТВге уақыт жоқ
68. Қазақ-орыс тілін білемін, французша үйреніп жүрмін
69. Спамды ұнатпаймын
70. Кумирім жоқ
71. Тамақты таңдап ішемін
72. Салаттарды жемеймін деуге болады (ауыз тию үшін болмаса)
73. Жалғыз тамақтанғанды ұнатпаймын
74. Киімді таңдап киемін
75. Үш арсыз нәрседен ұялмаймын
76. Шпорды жасырған кезде алдыма жан салмайм (қақ алдымда қарап отырған мұғалімнің өзі байқамайды)
77. Менің ұнататым күнім Дүйсенбі, ұнамайтыны Сенбі…
78. Гороскопқа көп сене бермейм.но кей кездері дәл келеді
79. Майл.ру поштасын бұзамын деп шаршамаймын,, мүмкін емес нәрсе болғандықтан
80. Қызықты сөздер естігенді, оқығанды, айтқанды жақсы көрем
81. Әсіресе, адаммен сөйлесіп отырған кезде сөзден шатастырған кезді ұнатамын
82. «Айна сұлулықты алады» деген сөзге сеніп келемін
83. Бір идеяға, сөзге қарсы пікір айтамын… (бір мәселені талқылаған кезде)
84. Сүйікті радиом Европа плюс
85. Мойным ауырды, ұйқым келді
86. Әлемдегі ең мықты боец үнді киносындағы любой басты кейіпкер жігіт пенен оның қарсыластары… соққылары тимей жатып адамды құлатады… солардың соққыларын реально сезінсем сенер едім
87. Солақай болғым келеді
88. Фотошоппен қызықты сурет жасағым келеді
89. Денсаулық үшін арақ ішетіндерге күлкім келеді
90. Мені күлдірту қиын (жымыю өзге нәрсе)
91. Мысық пенен иттен итті таңдар едім
92. Кола ішпейм, жылытылған тамақты жемеймін
93. Биді джынды көрем…
94. Бір нәрсені күтіп тұрғанды ұнатпаймын.
95. Ұнамайтын іс болса, тез арада тастап кетемін
96. Кино түсіргім келіп кетеді кейде… өзгеше бір жанрда
97. Аяғымның тырнағын 3-4 аптадан соң алып тастаймын, қолдыкін 2 аптада бір рет… жай өседі
98. Бір нәрсені жоспарлап жүремін алдын-ала
99. «98 фактінің бәрі өтірік» деген сөз өтірік
100. Үф деп дем алдым

16 пікір

Sabions
мдаа алғашқы постым Айтабер беттерінде жарық көрді
SaboniS
неге "+" қоймасқа? маған уқсайтын әдеттері, қылықтары көп екен )) себебі менің інім ))
MSHERIMBEK
Ерекше жазылыпты:) Керемет:) "+" імді аттым:)
Sabions
рахмет, ерекше етіп жазуға тырыстым… пікірің үмітімді ақтады ғой
Ais_97
керемет дайындапсыз!
ardak1996
ғажап! ойындағы жеткізе білген екен*
Baha_07
Ерекше жанрда кино түсіріп қазақ атын шығарып жатсаң қуанамыз ғой бауырым… арманыңа жет!
Sabions
Рахмет! Орындалмайтын арманды армандағаннан зиян жоқ… қайта соған жетемін деп біраз нәрсенің биігіне шығып кетерміз…
Baha_07
Талаптыға нұр жауар демей ме…
rauan
Менің ұнататым күнім Дүйсенбі, ұнамайтыны Сенбі…

Менікі керсінші ұнататын күнім Сенбі ұнатпайтын күнім Дүйсенбі
Но пост базар жоқ екен 70-75% пайызы тұра менікіндей екен анау мультфильм, кино сияқты фантазияларың менікінен аумайды екен.
akmaral
бәрекелді жақсы жазылған!
hunter94
85. Мойным ауырды, ұйқым келді дәл осы менде де бар шамасы мойныма тұз жиналған сияқты астехандроз дейдіғо ұйқыны жаным сүйет
Madi
87.неге солақай болғың келеді? М?Қызық.
Sabions
екі қолмен қатар жазсам дейм… лекция жазған кезде, оң қолым шаршаған кезде сол қолмен жалғастырып… өнерлі болғанның артығы жоқ қой ")
calendula
31. Өзімді ұнатпайтындардың пікірін өзгертуге тырысамын
Одан да қолды бір сілтеп неге кете бермеске??????
Sabions
33. Қазір сүйгенім бар
Белгілі бір себептермен бұл пункт өзгертілсін!
33. Қазір сүйгенім жоқ, басы бос деп оқылсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.