Өзім жайлы! Guka

Енді менің кезегім келген сияқты. Айтаберде алғашқы жазбам болайын деп тұр! Ал енді өзім жайлы мәліметтер мынандай:

1.Менің атым Гүлмира.
2.1992 жылы, қыркүйектің 26-да дүниеге келіппін.
3.Ақтауда.
4.Жұлдызым — Таразы.
5.Астрологияға қатты емес, бірақ сенемін.
6.Кіші жүз — Адаймын!
7.Мектепте өте жақсы оқушы болдым.
8.Бірақ өте тұйық болыппын.
9.Ал қазір аузым жабылмайтын болып кеткен)))
10.Тамақ талғамаймын.
11.Салмағым 45 кг.
12.Бойым 163 см.
13.Елден ерекше боп жүргенді ұнатамын.
14.Отбасында жалғыз қызбын.
15.3 ағам бар.
16.Бәрі қызығады (3 ағаң бар ғой деп)
17.Жақсы ғой болғаны…
18.Бірақ ҚАТАҢ!!!
19.Жаңбырдың астында жүрген ұнайды.
20.Дәрігерлерді жақсы көремін.
21.Әсіресе стаматологтарды.
22.Әлде маған жақсысы кездесті ма…
23.Достарымның айтуынша сабырлы адам екенмін
24.Ашуым тез қайтады.
25.Бірақ көңіліме қатты тисе…
26.Кешіруім қиын!
27.Оқыған әдеби кітаптарым коп.
28.Кітапты құшақтап ұйқтаймын десем де болады.
29.Оқығың келмей, көзің талса да оқисын…
30.Өйткені, бөлмемнің бір жары кітаптан көрінбейді)))
31.Соны жинаған ата-анама таң қаламын.
32.Ақтауымның теңізін жақсы көремін.
33.Әсіресе, құлағыңды бітеп алып, қарааап отыра берсең.
34.Қиялшылмын.
35.Жанұямызды туыстарымыз көшпенділер дейді.
36.Өйткені, әкемнің жұмысына байланысты әр жерге көшуімізге тура келді.
37.17 жасыма дейін бимен айналыстым.
38.Кейін керек емес екенің түсіндім.
39.Мамандығым — «Эколог».
40.2011 жылы колледжді аяқтадым.
41.Әлі оқудамын.
42.Әскери жанұя болған соң, мен де мамандығым соған жақын болғанын қаладым…
43.Бірақ оған анам қарсы болды.
44.Осы уақытка дейін ғашық боп көрмеппін.
45.Болғым да келмейді.
46.Қорқамын…
47.Жүректі қинауға.
48.Аспазшымын (мақтаныыыып деп ойлап қалмаңыздар)
49.Мерекеде бәрі қыдырса мен ас үйде жүремін.
50.Сол үшін ашуым келеді.
51.Бірақ бәрін тез аяқтап, үлгеруге тырысамын.
52.Арасында қате болса кечірім сұраймын.
53.Қолөнер жағына жақынмын.
54.Әсіресе, моншақтармен (бисер)
55.Тек жасаған заттарым, тез тарап кетеді.
56.Менің сеніміме кіру өте қиын.
57.Екінші мамандығым — Фотограф.
58.Бұрын тойға шығатынмын.
59.Қазір қойдым оны да.
60.Біртүрлі сияқты…
61.Еркемін, бірақ қатты емес.
62.Бір көргеннен ғашық болу деген өтірік әңгіме.
63.Әзілдескен жақсы, бірақ орнымен.
64.Проблема көбейген кезде қашып кеткім келеді.
65.Қайда екенін өзім де білмеймін.
66.Сыртымнан көргендер адам менсінбейді, өзінше (гордая) деп ойлайды.
67.Бірақ олай емес!
68.Ұялшақпын.
69.Осы уақытқа дейін номерімді 5-рет ауыстырыппын.
70.Қолым ашық.
71.Турашылмын.
72.Шындықты бетке айтқаныма ренжіп жатады кейде…
73.Арманым көп.
74.Соның 70%-зы болсын орындалса екен деймін.
75.Тарихта атым қалмаса да, Қазақстанға пайдамның тигенін қалаймын.
76.Экологияға қатысты жобаларым көп.
77.Бірақ ол орындала ма екен…
78.Тырнаққа сурет салған ұнайды.
79.16 жасымнан бастап жұмыс жасадым.
80.Фотосалон «Гүлмирада»
81.Бір жерге шығуымның өзі соғыс.
82.Тергеуге алынып, зоооорға шығасың)))
83.Бір істі бастап, соны соңына дейін жеткізген ұнайды.
84.Өзім сондаймын да!
85.Осы менің болашақ жарым деген адамның ғана қолынан ұстап жүргім келеді.
86.Басқасына жолағым келмейді.
87.Шашым бұйра.
88.Бір жерге баратын болсам ең бірінші проблема ШАШ!
89.Ұстап қалатын қырсық мінезім бар.
90.Жатсам, тұрсам тілерім — әке, шешемнің амандығы.
91.Ақ пен қара түсті ұнатамын.
92.Компьютерде күніне 1-2 сағат отырамын.
93.Жаяу жүрген ұнайды.
94.Жалғыз өзім болса тіпті жақсы.
95.Өзім туралы жазуға ұзақ уақыт кетті.
96.Неге екенін білмеймін…
97.Бізбен бірге паралель өмір сүретін тылсым күштердің барына сенемін.
98.Көзім жеткендіктен болар.
99.Жақындаааап қалдым…
100.Осымен бітті!!!

51 пікір

Guka
Пікірлеріңізді күтемін!
Abylai
маған ұқсайды ма екен деп қалдым ))

мен де ақтаулықпын, мен де фотосалонда жұмыс жасаған едім. мен де касийді ұнатамын, мен де каспийдің жаңасында тупо отырамын.

қай колледжі аяқтадыңыз?)
Abylai
36.Өйткені, әкемнің жұмысына байланысты әр жерге көшуімізге тура келді.

біздің жанұя да әкемнің жұмысына байланысты бес рет көштік))
Aknyet99
Ойбуу АБылай! Дон Жозье Моуриньо сияқты ұшқалақ екенсің!!!
Guka
Ияяяя… Ұқсастықтарымыз көп екен!
Guka
Маңғыстау Политехникалық колледжін
Abylai
құдайым ау жап жақын екенбіз ғой )) мен де политехты бітірдім )) бірақ 06 да тустім
Guka
Мамандығыңыз қандай?
Abylai
ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУ))))) кураторым Байесенова Гүлнар Мүсірқызы)))
Guka
АСУ-ма?! 3-ші этаждың тұрғыны болдыңыз ғой)))) Таныс фамилия. Кураторыңыз экологиядан сабақ берген жоқ па?
Abylai
иә АСУ, үшінші этаждың тұрғыны болғанбыз )) иә экология, география, валеологиядан береді ) ал сіз ше?
Guka
Кураторыңыз бізге 1 курста сабақ берген. Ой, биздер көшпенді группа болдық, көбінесе 221-ші кабинет жақта боламыз))) Кураторымыз Адилова Бақыт Ахметовна болды.
Abylai
Бақыт Ахметовна ма? тәрбие ісі жөніндегі орынбасары? )) таныс есімдерді естіп көздерім жәйнап отыр )))

ОООууу туууу шетте болған екенсіңдер ғо ))
Guka
Ия-ия! Дәл өзі! )))) Кейде 219 жақта қаңғыыыыып жүретінбіз)))
kuka097
Оууу мына жазба Бармысың бауырым боп кеттіғо))
Guka
Қайтеміз енді танитын адамдарымызды тапқанымызға қуанудамыз ғой!
banzaika1990
оуууу екеміз бір оқуды бірақ әр қалада оқыппыз ғооой))))))) 91болып 06да қалайша оқуға түсіп жүрсіз, өзім 90болып ап биыл әрең бітірдім ғой
Guka
92 болып 2007 де оқуға түстім. 14 жаста екенмін. Мектепке 5 жасымда бардым.
Guka
Оқу болғанда политехникалық колледжді ма? Алде мамандығымыз бір ма?
banzaika1990
мен Абылайға айтқан едім мамандығымыз бір екен деп)))))))))))))))))))))
Guka
оййй… маған жауап жазылғандай болды. Бәсеее түсінбей отырсам)))
banzaika1990
ааа сабаққа 5,5жасыңда барған екенсің ғой, өзім ұйықтап, ұйықтап бірінші сыныпқа 8жасымда әрең барғам сол ғой енді оқу бітіріп жатқаным)))))))))))))
Guka
Өте жай барған екенсіз ғой))))
Sabions
100 факт жазу мода боп кетті Айтаберде…
Guka
Мода емес! Қайта Айтабердің барлық қолданушысы жазса, өзіміздің достарымыз туралы көп мәліметтер біліп отырамыз!
Qarakerey
Алдымен мықтап тұрып қызықты посттарыңмен жұрт назарын аудартып алсаңшы, сосын сен туралы сұраныс бірден-ақ болады, о несі әй!
Guka
Біріншіден өзіңді дұрыстап таныстырып, сосын барып қызықты посттарды жариялаған жақсы сиқты. Әйтпесе, түске дейін қасыңда тұрып, әңгіме айтып, сосын салем беріп, танысқан адамдай боласың!
Daka_sss
"Өзім жайлы 100 факт" блогы сол үшін жасалса не істейміз?
Sabions
Жазуға міндетті емессің.бірақ таңдау өзіңде
Daka_sss
әрине таңдау өзімде, бұл блогты мен аштым, өзім білем. сен жазды екен деп қалғандары қол қусырып отырмайды ғой
Guka
Әркім өзі біледі және бұл мода да, міндет те емес деп ойлаймын!
ereke_enu
Сен де жарамайсың әскерге)))
Guka
Тусінбедім…
ereke_enu
Әзіл ғой) (")" — әзілдеп тұрғанымды білдіреді)
MSHERIMBEK
Тамаша резюме;))
Abylai
шал ау ақпанда жазылған резюмені енді қарастырып жатырмысың
Abylai
шал ау
АКА сәлем ;)
AKA
Шақырғаныңа рахмет, бұл жазбаны оқымаппын. :)
Guka
Жаңа корген болар…
AKA
Өте жақсы, ұнады. Аспаздық өнеріңіз бен түсірген суреттеріңіз жайлы да жазсаңыз құба-құп болар еді. :))
Guka
Рахмет! Соған жұмыстан қолымның босамай жургені… Арасында бір қарап кетеінім болмаса. Алдағы уақытта оны да көріп қалуларыңыз мүмкін))))
torpedaip
Ойбай ауууу, өзіміз жайлы 100 факт жазсақ жасыратын ештеңеміз қалмайды ау )))
banzaika1990
сізбен де біраз ұқсастықтарымыз бар екен. Мінезіміз, көзқарасымыз. ))))))))))
15.3 ағам бар.
— қызғаным отырғаным
30.Өйткені, бөлмемнің бір жары кітаптан көрінбейді)))
— оххххххх ішім күйіп барады, оқыр ма еді бәрін…
87.Шашым бұйра.
-оооооооооооооооо
бір сәт сіздің орныңызда болғым келіп кетті ғооооой
Guka
Сізді қызғаншақ па деген ойлар кетип жатыр)))) Жақсы ғой ағаң болғаны, бірақ 3 еуі 3 жақтан іздегенде… ЖАМАН!!! Сол бұйра шашты сізге бердім, ала қойыңызшы)) Шіркін ауысатын болса ғой!
banzaika1990
ой рахмет, бір қуанттыңыз ғой ))))))))))) ертен бәріне бұйра шашымды көрсетіп көрімдік сұраим мақтанып)))))))))))
Guka
Шашыңыз құтты болсын онда))))))
m170785
ал адай қыз қош келдің, айтабер
Guka
Рахмет, қош көрдік!))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.