Мен жайлы...100 факт)))

Ал, бастап жіберейік, шыны керек, бірден мұнда жазған жоқпын, сабақ оқып отырған едім, кенет көзім күнделігіме түсіп кетті де, 100 факт жазып көрейінші дедім… сөйтіп жүздің ар-жақ бер-жағынан біраз факт(солай деуге келсе) жазып шықтым:
1. Аты-жөнім-Сағынғалиқызы Тоғжан.
2. Мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылдың сүмбіле айының бесінші жұлдызында таңертеңгі онның шамасында дүние есігін ашыппын.
3. Туған жерім-Атырау облысы, Қызылқоға ауданы.
4. Студентпін.
5. Болашақ мұғаліммін.
6. Мына дүниеде жан-жақты болып, бар нәрсені білу арманым…
7. Өзімнің кей қылықтарымнан көңілім қалған күні жаңа өмірдің жоспарын жасаймын.
8. Ерекше өнерім жоқ.
9. Руым-Кіші Жүз, Ысық-Жақсыбай.
10. Отбасымызда 6 қызбыз.
11. Анам алпысты алқымдады…
12. Күнделікті тапсырмаларды орындап тұруға әдеттенгенмін.
13. ҰБТ-ға дайындалған кезде теледидар көрмеймін деген сертім бар еді, қазір өзім ешқашан тд қоспаймын…
14. Романтикалық фильмдерді ұнатамын.
15. Фантастика, атыс-шабыс дегендерді көрмеймін, көруге шыдамым жетпейді.
16. Өмірде көңілді жүремін.
17. Ренжісем, сөйлемей қоямын.
18. Жазуым(почерк) өзіме ұнаған емес.
19. Тез жазамын, мүмкін содан шығар әдемі емес болғаны))
20. Кітап дегенді мектеп кезінде өте көп оқитынмын, кітапханашы апаймен достасып-ап ем, интернет пайда болғалы сирек оқитын боппын(
21. Кітап оқуды қайта жаңғыртуды жоспарлап жүрмін.
22. Әкем мен анамның біршама кітаптары бар, болашақта солардың қатарын көбейтіп, шағын кітапхана жасағым келеді.
23. Психологияға қызығамын.
24. Психологиялық тестілерді жиі жасаймын. Сенемін.
25. Бірақ жауаптарын сол мезетте білгеніммен, кейін ұмытып кетем.
26. Жұлдыз жорамалды көре қалсам, міндетті түрде оқимын. Жақсы десе-сене саламын, жаман нәрселер туралы айтса-сенбеймін.
27. Әрине, қазақ тілін еркін меңгергенмін.
28. Орыс тілін түсінемін, соған қарағанда сөйлей алатын болуым керек. Араласатын адамдарымның арасында орыс тілінде сөйлейтіндер жоқ)
29. Ағылшын тілін үйреніп жүрмін.
30. Күнделік жазамын.
31. Өзіме көңіл аударғанды ұнатамын.
32. Көңілшекпін, біреулердің айтқан сөздерін бірден жүрекке аламын.
33. Енді олай болмайды деп, сан мәрте өзгеруге тырыстым.
34. Бірақ, етпен келген мінез, сүйекпен кетеді деген.
35. Жалғыздықта өткен-кеткенді ойлап, ішімді босатып аламын(жылап)
36. Бұрын мектеп кезінде өлең шығаратын болдым.
37. Әкеме, анама, бауырларыма әрбір мерекеде әр түрлі нәрселерді қолдан жасап, өлең шығаратынмын.
38. Қазір ондай шығармашылық ойым жоғалған.
39. 4-сынып бітіргенде, бастуышпен қоштасу кешінде анамның портретін салғанмын(ұқсады)
40. Лирикалық, жай әндерді ұнатамын.
41. Музыкамен сүйемелденген қара сөздерді тыңдаймын.
42. Диалогты кітаптарды ұнатамын.
43. Сұрақ-жауап сайтында психологияға байланысты сауалдарға жауап жаза отырып, өзіме сабақ аламын)
44. Үйімнің кенжесімін.
45. Өзге адамдардың жасаған ісімнің тек қана результатын көргенін қалаймын, ешкімнің де іс әрекет барысын көрмегенін қалаймын.
46. Математикадан олимпиада есептерін шешкім келеді, бірақ шығарылу жолдарын түсінбей жүрмін әзірге)
47. Көп істерді тақалғанда істеймін(жаман әдет болса да)
48. Ерте тұру басты принциптерімнің бірі.
49. Бірақ интернет деген нәрсе кейде ерте ұйықтауға мүмкіндік бермейді(ол деген ерте тұруға кедергі).
50. Дебатқа жиі қатысып тұрамын. Есемді жібермеуге тырысамын(мақтанғаным емес)
51. Бірақ, өмірде пікірталасқа түсіп, айқайласқанды ұнатпаймын.
52. Қанша жерден өзімді дайындасам да, көпшіліктің алдына шыққанда бойымда қоқыныш билейді.
53. Әйтеуір сөйлеп шығамын.
54. Не айтып. Не қойғанымды білмеймін.
55. Соңында ел-жұрттың пікірінше ойымды жақсы жеткізген болып шығамын.
56. Неге бұлай екенін өзім де түсінбеймін.
57. Бірақ, өз аудиториямда мұндай қысылу болған емес.
58. Жүгіруді ұнатамын, бірақ ешқашан алдыңғы орынға іліккен емеспін.
59. Футбол, баскетбол, волейбол дегендердің ережесін ешқашан түсінген емеспін.
60. Шахмат ойнауды үйренгелі жүргелі 2 жыл болды.
61. Темекі тартатындардан көш жерде жүремін, аллергиям бар.
62. Біреуден бірдеңе сұрағанды суқаным сүймейді.
63. Сырға атаулыны алғаш таққаным 15 жасымда, бірақ мерекелік күндерде болмаса, қарапайым күндері сырға тақпаймын.
64. Машина айдағым келмейді.
65. Мотоциклім болса деймін.
66. Ұшаққа мініп көргем жоқ.
67. Қазақстанның барлық қалалларын аралап, көргім келеді.
68. Біреу көмек сұраса, қолын қайтара алмаймын.
69. Суда жүзіп көрмеппін.
70. Ең сүйікті сусыным-жаңа піскен ыстық сүт.
71. Көпшілік жиналған жерге барғым келмейді.
72. Мұғалімдермен өзгелер сияқты әзілдесіп сөйлесе алмаймын.
73. Жәндік атаулыдан қорқамын.
74. Бір күні боранды күні бір иттің жабысқаны бар, содан бері боранды күні иттерден қорқамын.
75. Көктемде құстардың шиқылы-ең әдемі дыбыс.
76. Біреуге жылы сөздерді дауыстап айта алмаймын.
77. Бірақ, біреулерден естігенді ұнатамын.
78. Ешкімге қызыққым келмейді, өйткені әркім өзінше жеке тұлға.
79. Қызыл, жасыл( салат), күлгін, алқызыл түстерді ұнатамын.
80. Қолдан бір ереккше нәрсе жасағым келеді.
81. Панда аюының бейнесін күшті көремін.
82. Органик деген сусынның қақпақтарын жинап жүрмін, сол аюды алу үшін(тірі емес әрине, ойыншық қой))
83. Біреудің басынан кешкен оқиғаларын оқығанды ұнатамын.
84. Интернетен кино көруге шыдамым жетпейді, ешқашан киноны интернеттен жүктеп те көрген емеспін.
85. Үйді жинағанда үйде ешкімнің болмағанын жөн көремін.
86. Адамдар алғашқы қадам жасамаса, араласып кетуім екіталай.
87. Қара түсті ұнатпаймын.
88. Би билей алмаймын, мүлдем икемім жоқ)
89. Музыкалық аспаптарда ойнағым келеді.
90. Таза ауада серуендегенді ұнатамын.
91. Өмірде қатты сырлас, өтеее жақын досым жоқ.
92. 1 сыныпқа дейін суретке түспеппін, өйткені ауылда сол кезде фотограф болмапты.
93. Кішкене күнімде пысық әрі тентек болдым.
94. Қазір жуаспын(деп ойлаймын енді)
95. Балабақшаға барған жоқпын.
96. 3 жасымда, өзімнен 3 жас үлкен апамның арқасында жазу-сызуды үйреніп, есімімді жаза алдым.Әлі күнге айтады, алғашқы мұғалімің мен деп)
97.Өзімнен үлкендерге сіз дегенім болмаса, апа-аға дей алмаймын. Үйренбегенмін.
98. 3 мектепе оқыдым.
99. Ең жақсы көретінім-көктемнің шуақты күні.
100. Жыл сайын алғашқы қар-ерекше әсерін қалдырады.
Менікі жүзден асып кетуге шақ қалды ғой) Қызық болсын, болмасын мен осындай екенмін!

27 пікір

dimash
хех… оқып отырып біраз ұқсастық таптым))) кәдімгідей ұқсастықтарымыз көп екен, рас айтамын))) өзіне түсінікті математикалық тілмен айтсам 65-70 процент ұқсастық таптым, ендігі менің 100 факт жазуымның қажеті жоқ, а то көшірмеге ұқсап кетеді)))
Togzhan
Қалған 30 процент ерекшелігіңді білейік те ендеше)
dimash
соны жазып отырмын, бітіріп қалдым.
Aknyet99
Хехех ТВ қоспаймын дегенің қызық екен! Мен өлейін деп жатсамда компютер ойнап өлетін шығармын!
Togzhan
Компьютер мен теледидар екі түрлі нәрсе ғой!)))
Korkem
Жақсы жазыпсың, Тоғжан! Сені дәл мұндай ашық деп ойламаппын, мен үшін жұмбақтау ең...)))
Togzhan
Қызық… жұмбақтау?)
Aknyet99
100 факт мода боп кеткенбе?!
Daka_sss
мода болғаны жақсы емес пе?
Daka_sss
мен де таразы болғансың ба, ұқсас жақтарымыз көп екен)
Togzhan
Таразы-жұлдызыңыз ба? Менікі арыстан еді!
Daka_sss
ой мен 2 терезе ашып отыр едім))) нечаянно))))
ardak1996
Тоғжан апай жақсы, өте сауатты жазыпсыз…
Qarakerey
Тоғжан апай жақсы, өте сауатты жазыпсыз…
апай?
2. Мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылдың сүмбіле айының бесінші жұлдызында таңертеңгі онның шамасында дүние есігін ашыппын.
ardak1996
мен Тоғжан апай деймін… Меннен үлкенғой… және жақсы араласамыз, сыйлаймын…
Daka_sss
иа, дұрыс қой қарындасымның жазғаны))
Ais_97
Тоғжан керемет жазыпсың,100 фактың керемет екен!
Guka
Жақсы жазыпсың, Тоғжан! Ұқсас жерлеріміз көп екен))))
Togzhan
Мен көөөөп адамға ұқсайды екенмін ғой, өзі)
Guka
))))) Ұқсаған жақсы ғой)
Delfina
81. Панда аюының бейнесін күшті көремін. дейсің, сонда томпақ адамдар ұнайма?
Delfina
+1 саған Тоғжан, Ұнады факталарын.
Togzhan
Томпақ адамдар… кішкентай балалардың томпақ болғаны жақсы ғой...)басқасын білмим) тек әлгі аюды ұнататыным рас!
gulzhekon_98

))))))))))))
Togzhan
Оооо рахмет) Түрлерін көріп мәз боп қалдым ау)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.