Мен туралы өзім айтамын

Мен туралы танымдық 100 факт: қызыл көйлек
Ертеректе, ерте дегенім бала күнімді айтам, дүниенің мәні мен үшін жаңа көйлекте еді. Ия, дәл солай деп білдім. Расында, бала екем ғой. Үстіме жаңа көйлек кисем төңіректе менен асқан бақытты жан болмайтын! Бақытты болу үшін бір ғана көйлек жетіп жатыр. Ал, қазір…
Мен туралы танымдық 100 факт: көйлек
Қазір бақыт тым қымбат тұрады. Қымбат дегенге оның нақты бағасын, құнын айтп тұрғам жоқ. Ешқандай ақшасыз да бақытты болуға болады. Қалай дейсіз бе? Өзім де білмейм… Дегенмен мен бір тиынсыз-ақ бақытты бола аламын. Ол маған қарап күлімдесе менен асқан бақытты адам жоқ. Тағы… Тағы мен шексіз бақытқа кенелуім үшін Аружанның (көршімнің екі жасар нәрестесі) түрін көрсем жетіп жатыр. Дүниенің бар байлығы сәбидің көз жасына тұрмайды деген осы шығар, бәлкім. Тағы мені бақытты қылу үшін аспандағы ай қажет емес. Бар болғаны бір ғана хабарлама жетіп жатыр. Ия, кәдімгі ұялы телефонға келген бір смс мені бақытты ете алады. Немесе бір ғана қоңырау. Сенің даусың. Мен бақыттымын!
Әжемді қуантудан оңай нәрсе жоқ еді. Жаны жәннаттан болсын ол кісінің. Апам, апам деген мамам ғо әжеме жаңа көйлек сатып әкелгендегі қуанышын көрсеңіз ғо. Сондай кезде әжем солай әрдайым қуанып отыру үшін тәулігіне ол кісіге 24 көйлек сыйға тарту керек деп ойлайтынмын. Артынан әжем ол көйлекті қалай киіп үлгеретінін ойлап тағы бас қатырушы едім. Сосын, мейлі қайда, қашан кисе де сол көйлекті сыйлауым керек дейтінмін. Қарт кіілерді бала секілді дейтіні осыдан ба екен. Мен де бала күнімде жаңа көйлекке шексіз, шетсіз қуанушы едім ғо. Бақыттың құнын көйлекпен есептеген бала, балғын қиялым-ай… Бір мезетке болса да сол кезге оралғым келеді. Себебі, қазір бақыттың құны тым қымбат болып тұр мен үшін. Дегенмен, осы жағдайдың өзінде өзімді жолы болғандардан санаймын. Қыз болып туғаныма, әйел болып жаратқанына Жаратушының сансыз шүкір. Жолым болды дейтінім, мен, сезімді қаласам бағындыра аламын. Табысқа жете аламын. Ақша табу да мұң емес. Ақылды да боламын қаласам. Ал, бақытты өзім туамын. Иә, иә. Туамын. Босанамын. Дүниеге әкелемін. Кішкентай ғана саусақтары, сүп-сүйкімді көзі, дөңгеленген басы, меніңкіндей ерні, мұрны папасынкіне ұқсай қойсын, қасы, кірпіктері, күлкісі де папасына тартқан кішкентай ғана бақытымды туып аламын. Сол үшін де жолым болған менің!

33 пікір

zhano_almuhambet
Сіз, бақытты қалай танисыз? Бақыттысыз ба? Бақытыңызбен бөлісіңіііііііііз
Jako
Ниетің жақсы екен, тілегіңе жет, қалқам!
zhano_almuhambet
Рахмеееет! Сіз үшін бақыт не немесе кім?))
Jako
Жанна, мен де бақыттың іздеушісімін, кеудемде жаным бардв іздеуден талмайтын да шығармын. Ол туралы ойым мынау.
БАҚЫТ — деген не ол? Мен біраз нәрсені көрдім, біраз уақытты еңсердім-ау десем де, бұл сұраққа оңай жауап бере алмаймын ба деп қорқамын. Мүмкін бар ақыл деңгейімнің жету шамасы осы-ақ болар. Иә, барша пенделер сияқты, мені де бұл сұрақ ойландырады, толғандырады. Сондықтан да осы бір асыл ұғымды жеке тақырып қылып алдым… Біз біреуге жақсылық тілегіміз келсе, ойланбастан оған БАҚЫТ тілейміз. Бірақ ол не? Мүмкін, бұл өмірге. Мына жарық дүниеге адам болып келгеніміздің өзі үлкен бақыт болар. Олай болса мен бақытсызбын деп, бәз кешіп жүргендерді қалай түсінуге болады. Мүмкін, байлық болар бақыт деген, олай болса сол байлықты көтере алмай қаңғып кеткендерді кайтеміз. Махаббат па десем Мәнжүнді қайтем сүйгеніне жете алмай қайғыдан қан құсқан, өнер ма десем Ақан серіні, Біржан салды қайтем өмірінің аяғы құсалықпен өткен. Міне, түсінбегендіктен талқыға салып отырмын.
КӨМЕКТЕСІҢДЕР, КӨП ТҮКІРСЕ КӨЛ ДЕГЕН. БІР МӘМІЛЕГЕ КЕЛЕРМІЗ.
БАҚЫТ — менің басымда бар ма? Бұны да білмеймін. Құдайға шүкір, керек десем бауыр еттерін кесіп беретін бір туғандарым
жанымда, отбасым да түгел. Елге қалай екенін қайдам, өзіме айдай жарым бар, Ұлым, келінім, қызым, немерем жалпы бір қазақтаймын. Басымда жай, астымда көлік, Өзіме жетерлік білім, нан табуға жетерлік жұмысым бар. Бірақ осылар әлгі бір БАҚЫТ деген ұғымға жатама екен. Бұл дегендер қажеттілік, қарапайым толыққанды қоғамның мүшесіне лайықты норма (қазақша баламасын таппадым) емес па. Сонда ол не? БАҚЫТ — сен қандайсың? Құйынбысың, құмбысың? Сағымбысың, желмісің? Таптым ба сені, таппадым ба білмеймін. Сондықтан да мен сенің іздеушіңмін!
Мына aitaber.kz/blog/dastyr/887.html жерден қарасаң біраз пікірлер бар.
zhano_almuhambet
Рахмет! Жанерке есімім, достарға Жано. Жанна деген кім деп ойланып қалыппын)))) Рахмет ойыңызбен, пікіріңізбен бөліскеніңізге. Адамның жан және тән қажеттілігі қанағаттандырылғанда бақытқа жетуге де болар… Сосын, сосын өзге қажеттілік туады солай өзге бақытқа талпынамыз, іздейміз… Бақыт әрнәрсенің құрамында, бөлігінде бар. Балмүздақта да, жауында да, қалыңдықтың ақ көйлегінде де бақыт бар. Су жаңа Nissanда да бақыт бар. Қызыл түсті әрине))))Кітаптың ішінде де бар. Әдемі әуенде де… вобщым көөөөп нәрседе бар
Korkem
Мынаның жалғасы барына сенімдімін.
zhano_almuhambet
Иә! Бар жалғасы. Тек сену керек))) Рахмет
Kan
Бақыт-сенің арманың, кей кезде бақытты болу үшін біреудің күлгені немесе сөйлегені жетіп жатады.
әр адамның ақыл ойымен оның бақытыда ықшамдалады. біреуге дүниенің қызығы ойнап күлген бақытты ал бірге байлық бақытты көзі болып көрінеді. ал мен үшін осы дүнеге келгенімнің өзі, адам болып өмір түсіргенімнің өзі бақыт.
zhano_almuhambet
Иәәәә! Толық келісем сізбен. Қосылам! Рахмет пікір үшін))) Бақытты күндер көп болғай
MSHERIMBEK
тамаша
zhano_almuhambet
Лахмееееет!!! Тағы бір оқырман қосылды! Алақай!
Jako
Естіртпей, сыбырлап, құпия түрде айтайын, бұл оқырманыңыз осы сайттың һәм біздің Админіміз болады.
zhano_almuhambet
Кешіріңіз,Jako қай оқырманды айтасыз? Tonukok пе? Біліп жүрем сол болса, рахмет!
Jako
Тоныкөк те, Қарасақал да, Садко да сол бір Админіміз)))
zhano_almuhambet
аааееее рахмет, құнды ақпарат үшін))) Мен мұндағыларды тани бермейм. Өзімді білем, енді админді де білем
Jako
Иә, өзіңіз Админді білсеңіз болды, қалғандарын қайтесіз)))
zhano_almuhambet
Жооооқ олай демедім ғооо… Пікір қалдырғандарды білем, бірақ танымайм. Мұнда лақап атпен емес пе көбісі
ereke_enu
Барлығымыздың бақытымыз — адам болып жаратылғанымыз секілді. Санасы жоқ шошқа болып жаратылғаныңызда қайтер едіңіз?)) Адам екеніміз, әлемде барлық мақұлықтан артық етіліп жаратылғанымыз рас болса, адамға лайықты әрекет жасайық! Саудың тамағын ішіп — жындының ісін істемей.

Өмірдің рахаты — идеялық мақсатты өмір сүру деп ойлаймын. Бірақ, біріміздің мақсатымыздың екіншімізге қарсы келмес үшін, түпкі мақсатымыз бір болу керек. Физикадан өткеніміздей, ток электрондардың белгілі бір бағытта реттелген қозғалысы кезінде пайда болады. Сол секілді, әркім өз бетімен маңырап жүрген қоғамда ешқашан жылжу болмайды. «Күш — бірлікте», «Бірлік болмай, тірлік болмайды».

Иә, айтып отырғаным тізе шығып, жыртылып кеткен тақырып болуы мүмкін. Сонда да артық болмас. Соңғы ауруларымның бірі осы еді, айып етпеңіздер) Расында, бір мақсатта еңбектеніп жатқан топты көре алмай, кіре алмай жүрмін. Кеш ояндым-ау…
zhano_almuhambet
Кен пiкiрiнiз ушiн рахмет! Устазымыздын созi есiме оралды. «Маман емес, АДАМ болындар!» дейтiн… Ойынызбен келiсем! Максатты омiрдi айтам. Омiр суру бастысы. Жай гана бар болу емес, омiр суру — бакыт! Ал, кеш ояну жайлыга келсек, ештен кеш жаксы емес пе? Ендi тездетiп уйкы ашу калды сiзге)))) Алгаааа, Ereke!
beko
Расында, бір мақсатта еңбектеніп жатқан топты көре алмай, кіре алмай жүрмін. Кеш ояндым-ау…
Осы пікіріңізден кейін, жекеге тоқылдатармын…
zhano_almuhambet
Ал, менің постыма қатысты «тоқылдатарын» жоқ па? Әлде мен естімей қалдым ба?
beko
сіз сияқты жылдам емеспін енді)) мен жәәймін мұнда)) сіз мұны жазғанда, мен жазып отқан едім негізі.))
beko
Мен туралы өзім айтамын
Жо жоқ, мен айтайынш сіз туралы)) жақсы жазыпсыз бикеш) енді жақсыдан кереметке өтуіне сол нәрселерге бірге ұмтылып, әрекет жасайтын, қоштап, сен мықтысың, бір сөзбен тірегіңізбен сол бақытқа жету одан бетер нұр болар еді. Тілектеспін…
zhano_almuhambet
Лахмееееет! Ниеттестер мен тілектестердің болғаны күштіііііі ғо! Алақай!
zhano_almuhambet
Мен туралы білуші ме ең?
beko
иа
zhano_almuhambet
Мен туралы сіз айтыңызшы? Тыңдайын…
beko
неге осы ңыз деп кеттік?)) Жанерке не а, қоңыраулатқан кезде ок?
zhano_almuhambet
Бір сыпайы қыз болғым кеп еді))))
maulen
Мен үшін бақыт — ол ана. Анамсыз бақытты елестете алмаймын. Кітап, көлік, ләззат, музыка дегендерді келесі орындағы бақыт десем де болар. Анаң берген дұрыс тәрбиені бойымызға сіңірер болсақ, ұлттық мүдде, ұлттық тіл т.б мәселелер болмасы хақ. Бұның өзіде бақыт емес пе?!
zhano_almuhambet
Иә, келісемін, Маулен! Рахмет пікір үшін!
raukash
Жанеркеее??? сен қайда жүр десем, мұнда тығылып алыпсың ғой)))))мына пәлсафаны кім жазып отыр десем))))))))Дұреесс)мынаны оқып отырып Саттар Ерубаевтың «Бақыт» деген әңгімесі есіме түсіп кетті)))
zhano_almuhambet
Рахмееет пікіріңіз үшін. Раукаш деген өзіміздің Раушан ба? Раука?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.