Бәрі бұрын болғандай...


Бір ғана арман!
Қалғаны жоқтан құралған…
Бір ғана арман шақырып мені тұр алдан…



Тап осылай. Тура осы күні. Дәл күзде еді. Асығып. Аптығып. Біреуге асықтым. Көзімді сүрмелеп. Опа да ұмыт қалмады. Ернімде далап. Бірнеше сағат киім таңдау. «Не кием?» Сұрақ. Жауап жоқ. Сүйікті сырғам. Лағылдан. Жүзігім қайда? Алқа ше? Нешінші туфли мынау? Шашымды тарап шаршадым. Ақыры кешігіп шықтым. Телефон безілдеп қоя берді. Тап осындай күн. Тап осылай кездесуге шыққам. Жаңбырлы күн еді. Кептеліс те сол күнгідей тура. Бәрі де бұрын болғандай. Мен осының бәрін де өткергендеймін. Тек бір ғана өзгеріс. Телефонның даусы өзгеше шықты бұл жолы. Бұл жолы басқа адам. Бұл жолы басқа арман. Бұл жолы басқа өмір… Бәрі де басқаша болуы керек.

5 пікір

Korkem
Кез келген психологқа жүгінсеңіз немесе психологиялық оқулықтарды ашып қарасаңыз өміріңіздің мәні өзіңізге байланысты екенін жиі айтады. Адамның өмірі мәнді болу үшін не істеу керек? Көңілсіз фильмнен бас тарту керек, көңілсіз жазбаларды оқымау керек. Оптимистер қайғылы әңгімелерді сіз айтып жатсаңыз да естімейді, мұңлы жүзді көрмейді. Олар тек қуанышты сәттер мен бақытты моменттерді ғана бірден байқайды.
Мен, мысалы, көңілсіз жағдайларда өмірге деген құштарлығымды жоғалтып алуым мүмкін. Тек оны жарияға салған емеспін, түсінетін достарыма ғана сыр етіп айта аламын, мұңымды шағып жылап аламын. Жарияға салу деген өзгелерге өзіңізді бақытсыз етіп көрсету ғой. Ал адамның ойы орындалатын қасиет, сіз жайлы өзгелер жаман нарсе ойламасын, оған мүмкіндік бермеңіз.
Көңілсіз жазбаларды оқығым келмейді. Өміріңіздің бір бақытты тұстары бар шығар? Көңілді туған күн, Жаңа жыл, ата-ана, бауырларыңыздың арасындағы сәтті күндер, қуанышты күндер… Неге үнемі адамды ойландыратын, мұңға батыратын жазбалар жазасыз сіз? Барлық адам бақытты болу үшін жаратылған! Сізден көңілді жазба күтемін)))
beko
Қайғыны бөліссең азаяды деген сөздер есіме түсіп кетті. Мейлінше көп адамға бөлісу арқылы азайтпақ түгелі тауыспақшы болған шығар))
zhano_almuhambet
Рахмет, Көркем! Назарыңызға, пікіріңізге. Негізі өзімді оптимистердің қатарынан санаушы едім… Бірақ, кейде мұңнан арылу оңай болмай кетеді. Сондай сәтте жазамын. Оны жариялаудағы мақсатым өзімді бақытсыз етіп көрсету де емес… Керісінше, соның бәрін өткеріп мен қуанышқа жете аламын дегім келеді. Мүсіркеуге мұқтаж емеспін. Ал, мен жайлы жазбамнан соң адамдар жаман ойласа өз еріктері. Мен тосқауыл бола алмайм. Болғым да келмейді. Олардың ойынан менің болмысым өзгере қоймас. Бар нәрсені сол қаз қалпында жеткізген ұнайды. Соны күтем өзгелерден де. Шынайылықты.
Қазір менің "әлеміме" бір дауыл келді. Соның салдарынан осындай дүниелер туып жатыр. Менің де көшемде той болар. Келесі жолы сіз үшін көңілді жазба салуға уәде берем))) Алақай!
Korkem
Жанерке, (атыңыз неткен ғажап еді))) менің пікірімнің үстіндегі «Жауап беру» батырмасын басу арқылы, маған жауап жазасыз. Өйтпеген жағдайда, сіздің пікіріңіз поштама хат болып келмейді және мен мына постты ашпасам жауабыңызды мүлде оқымай кетуім мүмкін ғой))
zhano_almuhambet
Иә, сол батырманы басқан секілдімін. Негізі компьютерді дұрыс түсінбейм. Тек мәтін теруді оны басып шығаруды білемін. Жазбаларыма сурет салуды да білмейтінмін, Нұршат деген досым көрсеткелі пото салуға тырысам. Кейде сол потоларым еселеніп түседі))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.