ҰСТАЗДАРҒА АРНАУ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАУ
Сезілмеген қасиетті өзгеден,
Сырын білем көкіректегі көзбенен.
Ұстаздарды мектептегі сипаттап
Жыр жаздым мен жүрекжарды сөзбенен.

БалаБидей ауылдың даналары
Талай-талай асуларды алар әлі.
Мектептің мыңға жуық оқушысы
Бәрі – Ұлғанша апайдың балалары.

Кезі оның аз болар күлімдеген,
Бар баланы жақын тұтып «інім» деген.
Бибісара апай – мектептің ұлы ұстазы
Бәрімізге бастауышта білім берген.

Айтқан сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Райхан апай – ұстаздардың ұлысы
Бар сабағы есте қалар мәңгілік!

Сөздерінен жылы лебіз таралғандай,
Бәрімізге де ана бола алғандай.
Ешқашанда кек сақтап, ренжімейді
Мейірім мен шапағаттан жаралғандай.

Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де кол созғанын.
Шырын апай әрқашан да қалайды
Шәкірттері өзінен де озғанын.

Шаршамайды, қанша есеп сұрасақ та,
Кетіп қалды, кетпегенін қаласақ та.
Қанша ай бауыр басқан апайымыз
Бізге жол көрсетеді болашақта.

Өткізіп өз алдынан талай бала,
Бойына құйды ақыл ой мен сана
Ләйла апай сарп етіп күш-қуатын,
Ақылшы, тәрбиеші, болды ана

Әрбір оның сөзі ерекше дара шың
Тоздырды жолын үй мен мектеп арасын.
Мені қашан көрсе-дағы айтады
«Басың бар да, оқымайтын баласың!»

Өсе келе директордың ізін басар,
Жақсы апай, үлгілі етіп ісін жасар.
Директордан кейінгі адам Гүлшаһра апай
Практикантпен құрбысындай сырласар.

Біздерді тек алға қарай жетелеген,
Риза боламын Шолпан апайға мен.
Анамыздай әрқашан жанымызда
Жүреді жарқыраған жүзіменен.

Ұмытпаймын сізден алған тәлімді,
Жүрегімде сақтаулы тұр әр үлгі.
Сізден білім алғаннан соң, сізге ұқсап,
Өсу үшін салам енді барымды.

Қағазға өлең толтыра алмай, тола алмай,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Жан түсінбес бұл апайдың сырларын,
Үйретеді алгебраның қырларын.
Тәрбиелейді Айна апай мектепте
Бір үй толы қыздары мен ұлдарын.

Жанұя мен мектебін ол асыраған,
Жүзінен мейірімі шашыраған.
Дариға апай әлемдегі ең жақсы апай
Қайырымды, алтын адам, асыл адам.

Әрқашанда сабаққа асықтырар,
Келбеті де білім нұрын шашып тұрар.
Анар апай тілімізді жаттықтырып
Қазақтың бай тіліне ғашық қылар.

Көрмеден жұрттар оның ісін көрер,
Шеберліктің сырларын түсіндірер.
Мектептен шыққан небір шедеврлер
Рая апайдың қолынан мүсінделер.

География миға кірер білінбей,
Дауысы да оркестрдің үніндей.
Шара апай – білімді де ұлы ұстаз
Отырады анда санда күлімдей.

Ысыған жан-дүниеңді желдеткендей,
Тәнмен қосып жанды да емдеткендей.
Шырай апай бір қолымен бесікті емес
Мектептің оқушыларын тербеткендей.

Жұмыс істер ынталана, талаптана,
Ойлайтыны ылғи да – кітап, бала.
Білім қорын басқарған Шара апай,
Үй оның екінші – кітапхана.

Пендесіне Аллам да жақ болады,
Уақтылы болмаса да бақ қонады.
Қолымнан бір де көмек келмесе де,
Сіздерге әркез ниетім ақ болады.

Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.
Алдарыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «ҰСТАЗЫМ!» деп басымды иіп.

3 пікір

Yeld
КЕРЕМЕТ! Мен де мұғаліммін, риза болып қалдым, авторға Мың алғыс, өркені өссін!
Оқасы жоқ. Рахмет!
AbylaiEsimbai
Мұғалімдеріңе бір керемет сый жасапсың бауырым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.