Өзім жайлы толық емес 100 факт:)

Айтаберге мүше болғаныма көп болған жоқ, сондада 2 пост жазып үлгеріппін. Енді өзім жайлы айта кету өз парызым деген тұжырымға келдім. Ал кеттік....:)

1. Толық аты-жөнім Сапаров Руслан Амангелдіұлы
2. Туған жерім Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.
3. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында жұмыс жасап жатқан жайым бар.
4. 01.01.1991 жылғымын.
5. Отбасымда ең үлкенімін.
6. Менен кейін 3 інім бар.
7. Ең кішкентайы мені танымайды десемде болады. (Ол туылғанда мен жұмыспен Қызылордаға кеткенмін)
8. Мамандығым есеп-қисап.
9. Қызылорда "Қызмет" колледжін бітіргенмін.
10. Ойымды жинақтай алмай отырмын. Өйткені бұл постты жұмыс уақытында жазып отырмын:)
11. Қасымдағы қыздар шәй жасап жатқан, пирожкидің исі ойымды қайта-қайта бұзуда:)
12. Музыка тыңдағанды ұнатам, әсіресе наушникпен тыңдағанды.
13. Дота және контр страйк ойынын ойнағанды ұнатамын.
14. Мінезіме келсем тез ренжимін және тез кешіремін.
15. Өзім көп сөйлей бермеймін, сөзге шорқақпын:)
16. Темекі шегемін, қоя алмай жүрмін:(
17. Өтірікті орнымен айтамын, бірақ достарыма қалжыңмен көп айтамын:)
18. Агент дегеннен жалығып кеттім
19. Жұмыста еріншек болып бара жатырмын.
20. Кейде өз-өзіме ұрсып қоямын:)
21. Алдыға қойған арман мақсаттарым көп. Аллаһ қаласа бәрін жүзеге асыруға тырысамын.
22. Мемлекеттік қызметке өтуге жазда бағымды сынамақпын. (Сәттілік тілерсіздер деген ойдамын:))
23. Аллаһ қаласа жазда Диплом аламын.
24. 2011 жылы ұялы телефонымды көп жоғалттым.
25. 2012 жылы құдайға шүкір әлі ешқандай затымды жоғалтқаным жоқ:)
26. Айтабер сайтына қалай келгенімді өзімде білмеймін:)
27. Автобус және маршруткаға мінгенді ұнатпаймын.
28. Менімен достасқысы келетіндер менің майл.рудағы адресім ruslan.saparov@inbox.ru
29. Автокөлік алғым келіп жүр.
30. Тамақтың исі мұрнымды жарып бара жатыр:) шыдай алмай отырм:) қой мен кеттім асханаға қалғанын кейін жазармын:)

8 пікір

Moldir_96
16. Темекі шегемін, қоя алмай жүрмін:(
Жақын арада қоясыз деген ойдамыз!)
21. Алдыға қойған арман мақсаттарым көп. Аллаһ қаласа бәрін жүзеге асыруға тырысамын.
СӘТТІЛІК!!!
22. Мемлекеттік қызметке өтуге жазда бағымды сынамақпын. (Сәттілік тілерсіздер деген ойдамын:))

Аңсаған армандарыңызға жетіңіз!
23. Аллаһ қаласа жазда Диплом аламын.
Құтты болсын, иншАллах!
30. Тамақтың исі мұрнымды жарып бара жатыр:) шыдай алмай отырм:) қой мен кеттім асханаға қалғанын кейін жазармын:)
АСЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!)
followme_alik
20. Кейде өз-өзіме ұрсып қоямын:)

---Қожадан үйренгенсің-ау))

27. Автобус және маршруткаға мінгенді ұнатпаймын.

---Кім ұнатады дерсің))

13. Дота және контр страйк ойынын ойнағанды ұнатамын.

— Жалығу мүмкін бе осы ойындардан?!

Мақсаттарың көп екен. Жақсы жазылған.Іске сәт. Жарайсың.
mairosh
Руслан өмірбаянымен танысып шықтық. Енді мінезіңізді жаза кетсеңіз. тез ренжим тез кешіремін дисіз. Болмашы нәрсеге де ренжисіз бе
PycJIaH
* mairosh бұл жазғаным толық нұсқасы емес, оныда жазармын күтіңіздер:)
Болмашы нәрсеге ренжімеймін, ондай қылық табиғатыма жат! Себеппен ренжимін!
Daka_sss
майлды жазғаннан кейін, міндетті түрде гаренадағы никты жазу керек еді)))
PycJIaH
уахахаха, воО дұрыс айттың менің акк Pyc1aN менімен бірге ойнағың келсе достыққа қосарсың:)
Daka_sss
не ғо, менікі stylish_001 немесе oLp.Style ес че всегда кв-да отырамын)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.