Осындай ұлы елденмін

Блог- Kan /
Күрделі күйік күйменен.
Шындыққа шылқып терлеген.
Алланы жалғыз бір деген.
Дінсіз өмір сүрмеген.
Барды жоқ деп көрмеген.
Өтірікті білмеген.
Қазақ деген елден мен.
Тұнып тұрған өнеге.
Алдым тәлім, тәрбие.

Өреңін өрге сүйреген.
Күндерде сонау күйбелең.
Еңсесін тіктеп түсірмеген.
Жүректі иман түйреген.
Пайғамбар жүрген жолменен.
Аққиқатты іздеген.
Осындай алып елденмен.
Тұнып тұрған өнеге.
Алдым тәлім, тәрбие.

Батырлықпен ерлеген.
Намысты қолдан бермеген.
Зұлымдыққа көнбеген.
Қайсар мінез ер дерем.
Қалыптасқан ертеден.
Жамандыққа ермеген.
Қазақ деген елден мен.
Тұнып тұрған өнеге.
Алдым тәлім, тәрбие.

Қасарысса қайтпаған.
Өсек -аяң айтпаған.
Ар-ұятын сатпаған.
Ақиқатты ақтаған.
Шындықты әркез жақтаған.
Салт-дәстүрін сақтаған.
Осындай ұлы елден мен.
Тұнып тұрған өнеге,
Алдым тәлім, тәрбие.

2 пікір

Kan
Пікірлеріңізді тыңдайық!
aliya95
Өте керемет. Жалпы қазақ деген жаны жайсаң, көңілі дастарқанындай кең, ұлын ұлықтап, қызын қылықтаған халыққой. «Мен қазақпын» деп кеудемізді керіп айта аламыз. Өзге елдерден шоқтығын биіктетіп тұратын бауырмалдылық та, қонақжай, шешендік те тек біздің елге тән. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қарт сәлем береді деген ұстанымымыз тағы бар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.