Заман және адам.

Асыл сөз /
Заман дегеніміз не өзі? Адам заманға тәуелді ме, әлде заман адамға ма? «Заман ағымнан қалмай», «заман талабына сай», "қазіргі заман баласы" сынды ұғымдар қаншалықты орынды? Заман дегеніміз адамның көз-қарасы, іс-әрекетінің нәтижесі емес пе.
Мысалмен түсіндіріп көрейін. Адам дегеніміз — құмырсқа, заман дегеніміз — дәу тас. Біздер сол тасты қандай да бір бағытқа домалатып әкелудеміз. Бір құмырсқа бағдардың қате екенін байқап қалып, қасындағысына айтса: «Осылай домалата бер, бәрібір бәрін жеңе алмайсың. Тасты кері домалатам деп, көпшіліктің қарқынымен тапталып кетесің, тіпті ешкім елең етпейді де. Айтқанмен, ешкім тыңдамайды.»-деген жауап алады. Осындай сәтте нағыз елім деген, осы заманға өзгеріс енгіземін деген құмырсқа тастың алдына шығуы қажет. Тіпті, рас, тапталып кетіп жатса да қате бағытта итеріп келе жатқан күш бір құмырсқаға азаяды, басқа екі ойлы болып жүрген құмырсқаларға үлгі болады.
Көп арманымның бірі стадион салғым келгенімен тәжірибелі деген адамдармен бөліссем, кейбірі қолдады, кейбірі «Сенің идеяң ешкімге қажет емес», «саған ешкім көмектеспейді, жақсылықты тегін жасағысы келетін адам жоқ қазір», "қазіргі заманда әркім бірінші өзін ойлауы қажет" деген еңсеңді түсіретін ойлармен алқынып тұрған көңілімді су сеуіп қана емес, артынан күл төккендей қылып өшіріп тастайды.
Оған тоқтап қалған мен жоқ, әрине, әрі қарай қолдау іздей беремін. Тек ағаларымның осындай көзқараста екені өзешіңді өртейді екен.
Есі дұрыс, дені сау ЕР адам өзін азаматпын деп есептегісі келсе міндетті түрде бүкіл ҚАЗАҚ еліне қызмет етсін! Елде болып жатқан іске араласып, өз үлесін қоспаған Ер азамат қалай тыныш ұйықтайды, қалай асап-асап тамақ ішеді? Армандаған арманың жайлы бүкіл әлеммен бөлісіп, соған қол созуға еш қымсынбауымыз керек қой. Күрескен адам ғана өмір сүруде. Бәріміз бірігіп Қазақ елінің өркендеуін, ұрпақтарымыздың тәрбиелі, отансүйгіш болып өсуін армандайықшы. Және де сол арманға бірге ұмтылайық, Ермін деп төсін қаққан ағайыным!

5 пікір

pana
тек орта адамға әсер етпейді, ортаны қалыптастыратын ішіндегі адамдардың ойы, күші, идеялары, демек кері әсер де жүреді,
Karakulov
менің де айтпағым сол — адам заманды өзгертеді, заман адамды емес.
Manas
Адам дегеніміз — құмырсқа, заман дегеніміз — дәу тас.

осы сөзді жазып алам)
AKA
Иә… "Іздесең — табасың, талаптансаң — жетесің, зейін салсаң — ұғасың" деген көкем :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.