Сене білу, үміт арту - екінші өмір сыйлау.

Асыл сөз /
Мен спорт интернатында жүргенде тәртіпсіздігімнің арқасында көптеген жиналыстардың шақырулы қонағы болдым. Қанша ескертсе де еш тыныштала алмадым. Өзім шулағаныммен қоймай, қасымдағылардың да делебесін қоздыратынмын. Өзім 347 бөлмеде тұрдым, қабырғалас бөлме 345 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының кабинеті еді. Оған пысқырып қарайтын біз жоқ, боқтап-боралап, қағынып-қарғып, ышқынып-шыңғыып дегендей)) Бөлмеде не бар, барлығына ерекше қолданыстауып беретінбіз: керуеттерді бір-біріне тақап, жастықпен қырылатынбыз, көзді байлап алып «соқыр теке» ойнайтынбыз. Не керек, 7 сынып баласы не бүлдіре алса соның барлығын өтеп шығуға ұмтылдық қой. Оның барлығын директордың орынбасары естіп отырып қалай шыдасын? Қайта-қайта ұрысады, ашудан жарылардай болады. "Өз балам болсаң баяғыда-ақ жағыңды үйтер ем-бүйте ем"-деп, экранға түкірігін шашыратып тұрып долданатын. «Мен саған қанша рет ескерттім. Гүл қылам, болмасаң күл қылам. Не сен, не мен — екеуіміздің біреуіміз осы жерден кетеміз!» дейтін. Тура осындай ультиматумды директорға қойды. «Мектептен шығарылсын» деп рапортты бір емес, төрт рет ұсынды. Басқа балалар рапорт емес, бір-екі түсініктемеден кетіп жататын жүктерін арқалап, неге екенін білмедім директор мені «тағы да мүмкіндік беріп көрейік» деген үкіммен қалдыра берді жайыма. Жарты жыл сайын аттастация өтетінбіз мектеп-интернат оқушылары. Онда спорттық нәтиже, сабақ, тәртіп қарастырылатын. Менде спортта ештеңе болмады 10-11 сыныпқа дейін. Сабаққа әр бейсенбі сайын бармайтынмын.Тәртібімді көріп отырсыздар. Сол аттестациалардан мен таңырқауаға тұрарлық төрт жыл бойы аман шықтым. Есімде қалғаны әр кездескен сайын директор ұзақ әңгіме айтатын. Елдік, азаматтық, адамдық жайында көп тәрбиелеуге тырысатын. Аттестациядан өзгелер 5-10, әрі кетсе 20 минутта өтіп жатса менің кезегімде шамамен қырық минуттап созылып жататын.
Қазір сол директордың үміт артқаны есіме түскенде өзімнің орындалмас борышым бар екенін сеземін. Әр азамат іштей «адам болуым керек, әкемнің алдындағы борышым, ұятқа қалдырмауым қажет» деп ойлайды емес пе, міне, мен сол әкемнің қатарына директорымды да қосып қойдым. Мүмкін, осы бүгінгі жағдайым сол дирекорымның үміт артып, сене алуына тікелей тәуелді шығар, кім біледі? Егер сол кезде тәртіпсіздігім үшін шығарып жібергенде алдарыңызда *сабағым* деп зарлаған *физрук* жүрер ме еді? Қалай ойлайсыздар? Өз басым жоқ деймін.
Қорытындылай келе, әрқашан сене білейік, үміт арта берейік дегім келеді. Біреудің бір қатесін көріп қалсақ тұтастай құрдымға жібермей, екінші/керек болса мыңыншы/ мүмкіндік бере білейік!

Жақында ғана сол директорыммен әдейілеп кездестім жұмыс бабымен. Құшақ жая қарсы алды. Маған сенетінін айтты. Қазір Қазақ Спорты газетінде басшылықта екен, мақала жазуымды тапсырды. осы әңгімелер газет бетіне іріктеліп аттана жатар))

10 пікір

followme_alik
Ықыластық ниетің зор екен, Нұрлан.
Мүмкіндік… сенімнен алыстаған адамына мүмкіндік беруден тайынатындар не істемек… (((
Karakulov
Нақ сіздің үмітіңізді ақтамаған жандар нақ сіздің мүмкіндік беруіңізге зәру екенін есте сақтаңыз! — деп айта салщы соларға)
followme_alik
Зәрулікке көзін аларта қарайтындарды Пенделік жібермейді… (((
Karakulov
соңғы сөзіңізден түсінгеінім — соңғы сөзіңізді түсінбегенім. )) толығырақ айтсаңыз етті.
Ais_97
Сіз шыныменде дұрыс айтасыз Нұрлан,әрқашан сене білу керек!
Korkem
Жақсы жаздың, сенің бұл посттарды жазуыңа бір жағынан кезінде өзің секілді бұзық болған қазіргі оқушыларың түрткі болып жүрген секілді. Жасыратын не бар, өмірді басыңа таяқ тимейінше түсінбеу шындық қой. Болашағың жарқын, алдынан үлкен үміт күтер азаматтардың бірісің! ))
AKA
Жігерлендіре түседі екен. Кейде, «Ой, ол нашар оқиды, қолынан келмейді оның» т.с.с әңгіме айтатындарға ашуланамын. Қайта сол жамандаған адамдарын жақтаймын, қорғағым кеп тұрады. Сенім болу керек, егер саған үміт артып, сенім білдіріп отырған жандардың барын білсең, онда талпынасың, ұмтыласың алға.
alikona
Посттарын ұнайды, оқуға оңай, түсінікті етіп жазасын, рахмет, келесі посттарынды асыға күтемін!
Karakulov
рахмет айтарберліктер, қарапайым қылып жазатын себебім, қиыннан қиыстырып, әдеби сөздермен өрнектеп жаза алмаймын онша. Осы сайтта тәжірибе бөлісе жүріп, бірге дам жатармыз, бұйыртса!
Togzhan
Қызықты жазылған екен!
Тақырып тамашааа таңдалған, жазбаның ойымен тұспа-тұс)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.