АСЫЛ СӨЗДЕР

Асыл сөз /
Маңғаздық, көкірегін көтеру рухани кеуіп бір пісу

Хайуан білмейді, білемін деп те таласпайды.

Ақымақ өзінің ақымақтығы үшін де басқаларға ашуланады

Егер ол құпия болмаса, айтудың да қажеті жоқ.

Бәрі адамның қолында, ал адам әйелдің қолында

Кек алудың ең тиімді тәсілі ұмыту.

Өзің білмесең басқаны үйрет.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. М.Қашғари

Сұлулық әйелдің бақыты, бағалай білмесе соры

Уақыт жүгін екінің бірі көтере алмас.

Қалта өзіңдікі болмаса, әмірің мен тілеуің жүрмейді.

Жалғыз ауыз сөз кейде жүз жауыздық жасайды. Д.Кугультинов.

Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім. Әбу Насыр Әл Фараби

Егер қызды жар еткің келсе қолымен сөзінен байқа, және ішкі жанын сезін. О.МакГрегор

Жігіттің де жігітін байқандар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.

Өмір бұл мүмкіндік, оны жіберіп алма. Тереза

Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру керек. Табандылық пен өзіңді өзің билеу, рух пен қайыспайтын қайсарлық ерліктің кепілі. Бауыржан Момышұлы

Адам бақытты болуға тиісті, егер бағы жанбаса сол адамның өзі ғана кінәлі. Л.Толстой

Мүсәпірдің ақысын жеме тозақта күйерсің.С.Сарайи

Неғұрлым керең болсаң, соғұрлым жақсы естисің. О.Бөкей

Әділдікті мойындау адал кісінің ісі. Б.Момышұлы.

5 пікір

Ais_97
Асыл сөздер керемет сөздер Мақсат аға +1!
AKA
Жақсы, бірақ қатесін бір тексеріп, шамалы оқуға тартымды етіп жазсаңыз. Сонымен қатар барлығының да авторларын көрсетіп отырсаңыз.
AKA
Егер қызды жар еткің келсе қолымен сөзінен байқа, және ішкі жанын сезін. О.МакГрегор
"...қолы мен сөзі және ішкі жанын" Жақсы, жақсы!
Бәрі адамның қолында, ал адам әйелдің қолында
Қызық екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.