Асыл сөздер

Асыл сөз /
Шайқап сөйлеме, алды артыңды байқап сөйле.

Орынсыз сөз орға жығады.

Арамдық қылып ішкен ас, ішіңе барып болар тас.

Адам жылқы мінезді; Бір күнде түлейді, Бір күнде жүдейді.

Жалғызға ұжымақ та жараспайды.

Жаман туыстан жақсы таныс артық.

Ар жазасы бар жазадан да ауыр. М.Әуезов.

Инабатты адам иттен де ұялады.А.Чехов

Досыңа достық қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол. Абай.

Аз сөйлер, көп тыңдап, хас асылдың баласы. Махамбет.

Адамның игілігі өмірде, өмір еңбекте.Л.Толстой

Іздесең табасың, алыстан аласың. М.Әуезов

Пайда ойламай, ар ойла, талап қылып артық біл.Абай.

… Арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар. Белес түбі бір асқар. Ғ.Мұстафин

Нағыз дос бақытсыздықта танылады. Эзоп

Еңбектің жеңбейтін ештеңесі жоқ.Дж. Бруно

Асты сұрап бергенше, сабап бер.

Еңбек түбі қуаныш, Сауда түбі реніш.Әділ бидің елін дау арламайды, әділ патшаның ауылын жау араламайды. Едіге би.

Мен айтпасам кім айтар, Хан алдында ел қамын. Бұқар жырау.

Біреуді жамандау үшін, балағаттау үшін, алдымен айнаға қарап ойланып ал. Горац

Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді. Фирдоуси.

Өзіңе ұнамайтынды өзгеге істеме. Біреудің кінәсі не? Аристотель

Қорқақтардың жанында бақытқа орын жоқ. М.Сервантес

Шындық шырағы дауыл соқса да сөнбейді. Ғ.Мұстафин.

Қайырдың жақсысы әрбір мұсылман баласының оқып білім алуы, содан соң өз білімін бауырларына беруі… Хадис.

Адамның басшысы ақыл, жетекшісі талап, шолушысы ой, сынаушысы халық, қорғаушысы сабыр, таусылмайтыны арман, ең қымбаттысы ар. Барлығының ардақтысы өмір. Ол бір ақ рет беріледі, жарқ етіп өте кетеді. Әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл.

4 пікір

Kan
Керемет сөздер жарайсың!!!
Zhanat
Әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл

ос сөздерді әр сәт сайын түсініп бағалай алмай қалудамын(((
m170785
оны жалғыз сіз емес, жалғыз мен емес, барлық адамзат бағалай алмаудамыз түсінбей.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.