Жылап қайттым өмірдің базарынан!!!

Асыл сөз /
Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан маған ең ерекше естілетіні.Маған осы өлең қатты ұнайды!!!


Тағы да өкініш!!!



Жандарды жылы жүзді ұнатамын,
Барлығы баласындай бір атаның,
,, Жүзінен жаным неге мұң атады,
Жаным-ау,қайтсем сені жұбатамын?

… Бір ару автобусқа жылап кірді,
Қайтсем? деп қабағында сұрақ тұрды,
Қасын енді жете бергенімде,
Автобус мөңкіп кетіп, бір лақтырды.

Адамадар бір-бірімен қақтығысып,
Әлділілер,әлсіздер де жатты ығысып,
Өмір бақи тоймайтын кассаға әкеп
Адамдар әлгі аруды жатты қысып.

Бұзып-жарып қамалың адамдардың,
Қол ұшын беріп оған бара алмадым.
Келісіп аяғымды басқан жанмен,
Борышымды азаматтық тамамдадым.

Аулақ қылып қамалын назарынан,
Күндерім-ай?
Құр босқа қаза қылған!
Жұбата алмай біреуді бүгін тағы,
Жылап қайттым өмірдің базарынан!!!


Мұқағали Мақатаевтың (Жылап қайттым өмірдің базарынан!!!)кітабынан алынған

1 пікір

pari
Құр босқа қаза қылған!
Жұбата алмай біреуді бүгін тағы,
ар жағындағы бір жолын кім жеп қойды, соңғы 4 жолы аяқсыз керемет оқып келе жатыр едім келдім де тұтығып қалдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.