Жаңа нақылдар.

Асыл сөз /
Достар ойланып, толғанып осындай сөз жаздым. дұрыс, бұрысын айтып пікір жазсаңыздар.
«Жас күніңде тауып кірген есігің кез-келген уақытта ашуға да, жабуғада оңай болады. Ал ұлғайғанда қандай есікті болмасын ашу қиын, ашылса жабуда қиын.»

«Бір адам мың адамның жүрегін жаулап алуы мүмкін ал мың адам бір адамның жүрегін жаулай алмасы анық»
«Иманды адамға бүгінгісінен ертенгісі қымбат ал имансыз адамға ертеңгісінен көрі бүгінгісі қымбат»

«Ата-анасына жақсы қарай алған адам, өзгеге де жақсы қарай алады ал ата-анасына жақсы қарай алмаған жанның өзгені «бақытты етем» деуі бекершілік»

«Махаббат тек өзіне адалдық көрсеткен жандарға ғана шын бет бейнесін көрсетеді»

«Өмір сүру үшін еңбек етудің керегі жоқ бақытқа жету үшін еңбек ету керек»

12 пікір

ereke_enu
«Ата-анасына жақсы қарай алған адам, өзгеге де жақсы қарай алады ал ата-анасына жақсы қарай алмаған жанның өзгені «бақытты етем» деуі бекершілік»
Ұнады.
Jako
Бір адам мың адамның жүрегін жаулап алуы мүмкін ал мың адам бір адамның жүрегін жаулай алмасы анық»

Неге деген сұрақ еріксіз туады екен.
Kan
Мысалы: біз мыңдаған жанкүйерлер Мейрамбек Беспаевты жақсы көреміз. Ал барлығымызды Мейрамбек жақсы көреді, бізге ғашық деп айта алмаймызғой. Осындай жағдайда туылған сөз әрі бұл жерде жақсы көру емес жүрекпен сүю мағнасы көрсетілген.
m170785
ағасы жалпы жаман емес
Korkem
керісінше, «бір әке он баланы баға алар, он бала бір әкені сыйғызбайды» осы тектес мақалға келтірдім өз басым
Kan
Бұлда жақсы неге болмасқа!
didi0393
мәәә керемет сөздер екен! барлығы ла унады!
yesbolat83
Адамды ой түбіне жетелейтін өте керемет нақылддар. Құдды данышпандардың асыл сөздері секілді.
Kan
Рахмет пікіріңізге
Jako
«Жас күніңде тауып кірген есігің кез-келген уақытта ашуға да, жабуғада оңай болады. Ал ұлғайғанда қандай есікті болмасын ашу қиын, ашылса жабуда қиын.»


Керемет айтылған.
Kan
Рахмет сізге.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.