Өсиет

Асыл сөз /
Бай өлерінің алдында ұлын шақырып;
Мен өлген соң балам, жұма сайын қыз алып, әр қалаға үй сал. Ас жесең, бал же!-деп айтқан екен.
Бай дүниеден өтіп, дүние мүлкінің бәрі қалып, тума туыстары дұниесінің жартысын, кітап, шұлыққа дейін алыпты. Ұлы әкесінің ацтқанын орындай бастайды. Жұма сайын қыз алып, әр қалаға үй салып, бал жеп, бүкіл қаражатын кетіреді. Ойға кетіп, мұңайып, бір тастың үстіне оырып, біршама уақыт өткен соң бір ақсақал келіп, сәлем сұрасып, хал сұрасып, жөн сұрасады.
Не істеп отырсың балам?
Жәй отырмын? Менен неңіз бар?
Сап балам! Жекірмей сөйлес! Шыныңды айт! Жүзіңде бір мұңның белгісі бар ғой, шырағым. Сырыңды жасырма. Бәлкім көмегім тиіп қалар! дейді шал.
Менім әкем өте бай кісі еді. Сол кісінің аманатын орындаймын деп, көк тиынсыз қалдым, міне көріп тұрғаныңыздай, кедей болдым! дейді жігіт.
Не деп айтып кеткен еді?
«Мен өлген соң жұма сайын қыз ал»-деді орындадым, "әр қалаға үй сал деді"-деді салдым, «ас ішсең, бал же»- деді, бұл аманатын орындап, әр күні бал жеп жүрмін, осыларды істеймін деп, ақшам таусылды
Шал жігітке қарап:
Сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің. «Жұма сайын қыз ал» дегені, "әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Ғұмыр ьойы тату тәтті өмір сүресің" деп айтқан. "Әр қалаға үй сал дегені, әр қалада достарың көп болсын, барғанда қонатын жерің болсын, сырлас адамың болсын " деген. «Ас ішсең, бал же дегені, еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» деген екен саған балам деп, өз жөніне кетіп қалыпты. Кейін жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетін сонда ғана түсініпті.

4 пікір

ereke_enu
Әр қалада бір-бір үйің болса, әлі кедей емессің)))
Kan
Жақсы өсиет екен
Jako
"Әкенің малы балаға мал болмайды"-деген бабаларымыз,әрине балада ақыл болмаса.
m170785
Дұрыс айтасыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.