Асыл сөздер

Асыл сөз /
Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсең кенедей жабысып алады, алыстап кетсеңіз көре алмай кетеді. Конфуцзы

Сүйіп үйлену ғана қызық. Әдемілігіне ғана махаббатсыз қызығып үйлену қара базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей. Ә.Нұршайықов

Анық түсініктілік сөйлеудің басты қасиеті. Аристотель.

Өз өміріңді құрту ең топастық. Ал оны тереңірек сезіну, ұғыну нағыз батырлық. У.Черчилль.

Шектен асқан ашу шошытады, орынсыз еркелету сыйлаудан қалдырады. Жұрттың бәрін ығыр қылмас үшін аса қатал болма, бірақ жұрт төбеңе шықпасын десең, аса момын да болма. Сағди.

Жыланның басын жаудың қолымен мылжалауға талаптан. Екі жақтың қайсысы жеңсе де, сен сауабына қаласың: жауың жеңсе, жыланның көзі жойылады, ал жыланның мысы басса, жауыңның түсі қашады. Сағди.

Әлдекімнің қабағына қара бұлт ұялатар хабар саған аян болса, ол жайында үндеме, оны біреу жеткізсін. Сағди.

Жаудың алдау арбауына бағынба, ант су ішкен қудың көпірме сөзін ақшаға сатып алма. Алдыңғысы зұлымдықтың торын құрады., екіншісі дүниеқоңыздықтың етегін тосады. Сағди.

Мақтау сөз тілерсегінен жел үрлесе қампиып, семіз боп көрінетін өлексе ет сияқты, топас, арамтамақ, хайуан, мақауға ғана ұнайды. Сағди

Егер жұмыстан кешірек келсеңіз, алдыңыздан әйеліңіз оқтаумен күтіп тұрса, онда ол сізге бәліш пісіріп берді деп ойламаңыз. Майна.

Егер сөз сүйектен өтіп ұрмаса, онда таяқтың да қажеті жоқ. Сократ.

5 пікір

Kan
ауыр сөздер екен.
AKA
Сүйіп үйлену ғана қызық. Әдемілігіне ғана махаббатсыз қызығып үйлену қара базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей. Ә.Нұршайықов
Красавчик!
AKA
Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсең кенедей жабысып алады, алыстап кетсеңіз көре алмай кетеді. Конфуцзы
Төмен адамдар деп кімдерді түсінейін?!
AKA
Мақтау сөз тілерсегінен жел үрлесе қампиып, семіз боп көрінетін өлексеет сияқты, топас, арамтамақ, хайуан, мақауға ғана ұнайды.
Жеткізе алмайтыным айтылыпты, ұғынғанға…
AKA
Егер сөз сүйектен өтіп ұрмаса, онда таяқтың да қажеті жоқ. Сократ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.