Тойымсыз көз

Асыл сөз /
Бір кедей балықшы теңізге ау салып отырған жерінде, сол жерден өтіп бара жатқан хан балықшыны жарылқап:
«Дәл қазір ауыңа не түссе, соның салмағындай саған алтын мен теңгелер беремін»-дейді
Біраз уақыт өткен соң, кедейдің ауына ортасы тесік бір үлкен сүйек ілінеді. Хан балықшыға:
«Амал қанша, ауыңа жеңіл нәрсе ілінді»-деп кедейді алтын беру үшін сарайына апарады.
Қазынашы таразының бір жағына сүйекті, екінші жағына толған алтын мен теңгелерді қояды. Алтындар таразының ыдысынан асып, жерге шашылғанымен сүйек ауыр тартады. Мұнда бір құпия бар екенін байқап, уәзірлеріне данагөйді шақыртады. Сүйекті қолына алып, оған біраз уақыт көз алмай қарап тұрып:
«Бұл сүйек тойымсыз бір адамның көз шұқыры. Сіз бар алтыныңызды қойғаныңызбен сүйек бәрібір ауыр тартады. Өйткені көз тоймайды, оны топырақ толтырады. Ол көз сіздікі, көзіңізде тойымсыз, ала бергенмен де, тоймайсыз, көзіңізбен бірге тойымсызда өзіңіз»-депті.
Мұны естіген хан сүйектің үстіне бір уыс топырақ қояды. Сүйек тұрған таразының кесесі жоғары көтеріледі

3 пікір

tolkini
Жақсы жазылған, адам әрқашанда қанағатшыл болуы керек рахмет сизге
m170785
БӘЗ БІРЕУЛЕР СОЛ ҚАНАҒАТТЫ МІСЕ ТҰТПАЙДЫ
Kan
Қанағатты өзіңде бағалай біл. Бізде сен ескерті деп қанағатшыл болайық.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.