Сұрап алған орын

Асыл сөз /
Бірде аялдамада тұрып 29 автобусты күтіп тұрғанмын, такси тоқтайын десем ол жерге бармаймын дейді, жұмысқа асығып едім, мамырдың 12 күні болуы керек. Бір сағаттай болды күтіп тұрғаныма, адамдарда күтіп тұрған лық толы. Әйтеуір келді күткен автобусым. Адамдар жапа тармағай кіріп жатыр, кіріп жатыр. Мен отырдым, менім қасыма зейнеттегі бір атамыз отыр, қарама қарсы бір келіншек отыр кішкентай баласымен, оның қасында бір жігіт отыр, іші толы адам. 3 Көше өтіп алялдамаға тоқтап, адамда кірді. Оның арасында бір апамыз кірді. Мен тұра бере орын беріп едім, отыра бер деді. Апамыз;"Әй бала тұрсаңшы, мендей шешең бар шығар? Тұрмайсың ба? Отыр енде солай омалып, отыр" деді. Студент балаға бедірейе қарап тұрып қалды, елдің бәрі ана жігітті түртпектеп қоймай қойды, орын бер деп, мыңқ етпейді, мен отыр десем отырмайды, ақыры отырды. Апамыз болса;«Керек емес маған сұрап алған орын, басы істесе кірмей жатып орын берер еді, мына балам ұқсап, инвалид емес қой атаңа нәлет, мендей шешең бар, менен ары кетсе не кіші не мен секілді. Сұрап алған орынның пайдасы маған керек емес, отырмаймын бәле болғыр». Әй балалар бұндай адамдардан орын сұрамаңдар, тілеп алған жоқ бұл орынды, дөкей әкесінің көлігі ұқсап тегі" деді. Ана баланы жерден алып жерге салды аузы көпіріп. Бұлқынып жұлқынып келесі аялдамадан жаңағы жігіт түсіп кетті.

***************************************************************************************************

Бірде тағы шұғыл жұмыстарыммен автобусты күтіп тұрдым. 141ші автобус болуы керек. Келді, жолаушылар аз екен. Мен терезе жаққа қарай отырып, бос орынға отырдым, қасыма екі құрбы қыз отырды, біреуі менім қасыма, біреуі менім алдымдағы бос орынға, келесі аялдамадан адам алып, жолпаушылар кірді. Барлығы тұрып егде адамдарға орын беріп жатыр, екі орыстың апалары қолдарында сөмке сөмке жүктері, кіріп, менім алдымдағы қыз орын берді, қасымдағы қыз отыра берді қаққан қазықтай. Менім қолымда жүктерім бар, ыңғайсызданып тұра беріп: «Садитесь» деп едім, «Я сейчас выйду, сиди сынок» деді. Ана қасымдағы орыс қызға тұр десем, отыр. Кемпір болса: Не надо сынок, не надо" деді. Кемпір болса сөйлей жөнелді: «Сейчас молодежь вялый, быстро устает, быстро не так воспренимает, у нас моложежь вялый, старших не уважает, ругается, спорит, не только вот эти мудаки, у меня есть внучка, она тоже такая, я ей говорю старшим надо место уступать, не спорить, а она баба зачем так, место найдет она сама здесь, кто то уступит» деп тұр. «Не надо так у них спросить, у них спроси как будто убить хотят, быстро нервничают сразу». «Это бесполезно сынок, значит родители это не замечают, они должны сами догадываться, а не ты» деп жіберді. Не дерімді білмей қалдым. Келесі аялдамадан жаңағы екі қыз иди наға салып түсіп кетті. «Смотри какая, я что говорю, бездарная» деді. Менім айтайын дегенім үлкенімізді құрметтейік дегенім. Сол егде тартқан адамдардың орнына ертең сіз болуыңызда мүмкін болашақ жастар. Жалғыз бұл жағдай емес, көріпте жүрміз, көше де сондай жағдай болып жатады, орын тұрмақ түгілі. Үлкен адамдарды, егде тарқан адамдарды балағаттап, сіз емес, сенге салып сөйлесіп, жаға жыртысып, боқтасып жатады. Болашақ жастар дейміз, болашақ жастарымыз мындай жағдай болып тұрса, қайдағы болашақ шығады, маңдайыңды тесіп жіберердей. Жалғыз мына орын алған жағдайды айтпай ақ қояйын, менімде балаларым бар, судан таза сүттен ақ демей ақ қояйын, қарап отырсаң осы жағдайлар, сөз таластырып отырады, сәл қитетсе ашуға булығады. Үлкендерімізді сыйлайық, сонда ғана болашағымыз жарқын болар.

Асқар Нығметов

4 пікір

qyrmyzy
Не де болса Достық көшесімен жүретін жолаушы екен:)
Bota_ABK
ar adamnin sana — sezimine bailanisti goi
keide orin bersende jakpai kalatin kezderde bar goi…
khairbek
ең артқа отрп алу кереккой НЕЙЧІ
banzaika1990
Досым айтушы еді "Өмірдегі ең жаман нәрсе — санасу" деп, жаныңдағыларға қарамай өз білгеніңді істе дейтін әрдайым. Бірақ кей кезде автобуста отырғанда, жанымда соқталдай-соқталдай, дап-дардай жігіттеріміз үлкен кісі кіргенде міз бақпай отыра берсе мен де отыра беремін, қайтер екен деп, бірақ көп жағдайда дәтім шыдамай тұрып кетемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.