Адам атаның бес өсиеті

Асыл сөз /
1. Ұрпақтарыма өткінші дүиеге сеніп қалмауды айт, өйткені мен «мәңгілік қой» деп жұмаққа сеніп едім. Алайда Алла Тағала мені ол жерден шығарды.

2. Ұрпақтарыма әйелдері құмартқан әр іске бара бермеуін айт, өйткені мен әйелімнің қалауымен тыйым салынған жемісті жегеніме кейін өкіндім.

3. Ұрпақтарыма бір істі бастамай тұрып, бас аяғын толық мөлшерлеп алуын айт, өйткені мен ол істің бас аяғын алдын ала ойлағанымда бәлкім мұндай болмас еді.

4. Қандай да бір іске ниет еткенде, егер сәл күмән туса, шегініс жасай білген жөн. Өйткені мен тыйым салынған жемісті жерде іштей күмәндандым, бірақ бас тарта алмағандықтан, пұшайман күй кештім.

Бір істі бастамай тұрып, білетіндермен ақылдасыңдар. Егер мен алдын ала періштелермен ақылдасқанда мұндай жағдайға ұшырамас едім.

1 пікір

yesbolat83
Адам атамыздың (ғ.с.) бұл өсиеттерінен түйгенім — қандайда бір іске ниеттенген болсаңыз біреудің нұсқаған бағытын ақылға салып, егер күмән тудыратын жағдай болса дереу бас тартып, парасатты, ақылгөй адамдармен кеңесіп барып атқару керектігі.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.