Байдың шұлығы

Асыл сөз /
Бай кісі өлімінің жақындағанын сезіп, баласын жанына шақырып, маңызды өсиетін атыпты;
«Балам мені мазарға шұлығыммен бірге көміңдер!» Баласы түсінбегенімен, мақұлдап қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат беріп, оны оқып; «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезінде хатты ашып оқы!» дейді.
Күн келіп, ажалы келген әкесі жан тапсырады. Баласын ой мазалап;«Мен енді әкемді шұлығымен бірге қалай көмемін...» деп ойын тежейді. Қанша молдаға, имамға барса да, бәрінің жауабы; «Жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!» деген жауап алады. Басы қатып отырғанда, есіне әкесінің қиналған кезінде ашып оқы деген хаты түседі. Дереу хатты ашып, оқиды;
«Балам байқағаныңдай, мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлығымды да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан!»…

7 пікір

khairbek
Осыны бір жерден оқып едым, Газеттен бе быр жерден Омырде болган қисса болса екен, а так ойдан щыккан киссалар керек емес
Jako
Қайреке, бұл әңгіме сіздің деңгейге тура келмес…
khairbek
да ладны забиязовай
Jako
Бұл нақыл әңгіме, оны құрастырмайды немесе ойдан шығармайды.Бұл әңгімелер атадан балаға насихат, нақыл есебінде айтылып, жазылып отырады.Сондықтан бұл өсиеттер копиға жатпайды, тек қана құлағы барларға қайталап айтылғаннан еш зиян болмайды, пайдадан басқа.Сіз сияқты бәрін білетіндерге қажет емес дегім келгені ғой, кешірерсің.
Соңғы өңделген уақыты:
khairbek
мен барын былемын деп штене айтпадым
Ak123
Аға, қатты кеттіңіз ғой.
Kan
Жақсы әңгіме менде бұрын сонды естігенмін. Түсіне білген жанға хибатты әңгіме. Мағнасы терең.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.