Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста
Асыл сөз /
Жас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін. Жас әйел күйеуіне ‘Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар’ депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса — көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел ‘О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен…’ десе, ‘Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым’ депті күйеуі.
Басқаларды қалай көретініміз — тереземіздің тазалығына байланысты.
***
Мен бойымда қаным тулап тұрған жас кезімде, яғни есепсіз арман-қиялдың тереңіне сүңгіп жүргенімде дүниені өзгерткім келді. Жас келіп, бойдан әл-қуат кете бастағанда дүниені өзгерте алмайтындығыма көзім жеткендей болды. Сосын жастықтың әсерімен туындаған арман-қиялдарымды кішкене азайтып, өз мемлекетімді өзгертсем де жетер деген шешімге келдім. Бірак ол да өзгеретінге ұқсамады. Бойымды кәріліктің дерті билеп, оны мойындаған шағымда бойымдағы бар күш-жігерімді жинап, тек қана жанұямды, өзіме табын адамдарды өзгертуге тырысып көрдім. Бірақ өкінішке орай, бұл әрекетімнен де түк шыкпады. Ал дәл казір өлімнің аузында жатқанымда, алдымен өзімді өзгерткенімде ғой, оларға үлгі болып жанұямды өзгертуге болатындығын аңғардым. Кім біледі бәлкім дүниені де өзгертуге болар еді.
P.S. Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста. М. Ганди
19 пікір
Бола берсін көп мейлі,
Жақсы күйеу, ертегі ғой, ертегі!
Ертегі де бізге артық етпейді… (Мұқаңның жарнияланбаған жырларынан)
ақырзаман дей бергенше...Шындығында, адамның қолынан келеті көп. Бірақ, элементарлы дүниеден бастап, үлкенге көшу, үлкен іс туралы ойлағанда, кішкентай шаруаларды орындай жүру жетіспейтіндігі анық байқалады.