Тәрбие тұнып тұрған ғибратты хикаялар(4)

Асыл сөз /
Жоғалған жүзік

Бір жігіт көшеде келе жатса, қарт кісі топырақты сүзіп, әлдене іздеп, еңбектеп жүр екен. Күн батып, іңір қараңғылығы түсіп қалған кез болса керек.
— Не іздеп жүрсізі, ата? — деп сұрапты жігіт.
— Алтын жүзігімді жоғалтып алдым, — депті қария.
— Мен сізге көмектесейін,- деп жігіт те іздеуге кірісіп кетті. Әбден әуреге түсіп, шаң- топыраққа батқан соң, жігіт:
— Ата, жүзігіңізді дәл осы арада жоғалтып едіңіз? — деп сұрапты.
— Жоқ, үйде жоғалтып алғам, — дейді қарт.
— Онда неге көшеден іздеп жүрсіз?
— Өйткені үйде жарық жоқ, ал далада жарықтау,- деген екен әлгә кісі. Сол секілді кейбір адамдар өз бақытын, өмірінің мәнін исламның сыртынан іздейміз деп адасады. Исламнан сырт қалған дүние жоқ екенін, бүкіл болмыс атаулының Аллаһтың қолында екенін мойындауға ой- санасы жете бермейді.

Бұзақы аю

Бір бұзақы аю өткен- кеткенді соқтықпай құр жібермейтін болыпты. Сол өңірдегі тәртіпсіздіктің бәрі соның атымен байланысты бола бергесін үлкен аю оған кеп:
— Балам, саған теңтектігіндіқой деймін. Бірақ, сен былай жасап көрші, бүгіннен бастап сен жұртқа жақсылық жаса да, әр жасаған жақсылығыңның есебі ретінде бір тастан қапшыққа салып отыр. Қапшық тасқа толғанда маған көрсет. Жарай ма? — дейді. Оның қиын несі бар?- деп ойлаған бұзақы аю келісе кетеді. Сонымен дас аю жақсылық жасап, қапшықты тез толтырып, үлкен кісіден құтылғысы келкді. Ал, бұзықтықты сосын- ақ үлгереді…
Сонымен бір ай уақыт өткенде, қапшық та толды. Бұзақы аю үлкеннің алдындағы міндетін, уәдесін аман- есен орындап, енді озінің «сүйікті ісімен» айналасайын десе жамандық жасай алмай қалыпты. Бір ай бойы тек жақсылық жасаумен болған кісі жамандықты жатарқайды екен.
Рамазанда өзін теріс істерден тыйған әр адам имандылыққа бір табан болса да жақындайтын көрінеді.

Қарыз арқалаған ит
Ит көп қарызданады. Қанша тырысқанмен ол қарыздарынан құтылар жол таба алмай дал болады. Оны көрген Ешкі досы:
— Сен өтірік жынды бола қал. Ақшасын сұрағандарға меңіреу күй кешіп, мағынасыз әупілдей бер. Сонан соң олар: мына бишара жынданып кеткен екен, деп сенен үміт үзеді. Сөйтіп қиыншылықтан құтыласың, — дейді. Ит дәл солай істейді. Бәрі түңіліп, күдер үзіп кетеді. Бір күні ешкі келіп:
— Менің ақылыммен қанша қарызыңнан құтылдың. Енді менен алған ақшаңды қайтара сал, — дейді. Ит болса оған мәнсіз, мағынасыз "Әуп, әуп!" депті.
Біреуге жаман нәрсе үйретуге болмайды екен. Күндердің күні өзіңеқиын соғады.

3 пікір

yesbolat83
Тәрбие тұнып тұрған ғибратты хикаялар! Әсіресе, маған «Жоғалған жүзік» қатты әсер етті.
khairbek
Кешіріндер Жоғалган жүзік Қожанасырдын ангымесы((
Kan
Алһамдула керемет хикая
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.