Фоторепортаж: ҚазҰудағы ауа райы

ФотоСурет әлемі /
Әдетте спорт жаңалықтарынан соң ауа райы міндетті түрде айтылады. Түстен кейін сайтқа кіріп қалсам, bauka_007 спорт жаңалықтарымен бөлісіп жатыр екен. Спорт әлемінде жаңалықтар үйіліп қалғаны сонша, 7 жазбаны ол да болса ұрланған бірден салыпты. Ауа райын айтайын деп күтіп отырмын, күтіп отырмын, әлі тоқтамайды. Сонымен, енді менің кезегім келген сияқты ма деп отырмын. Олай болса, кеттік. Сіздермен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі ауа райымен таныстырып өтсем...Маршрут — кітапханадан жатақханаға дейін!



Ректорат. 14/15 қабат. Онда кілең бастықтар отырады. Конференц. залдары да бар.





Студенттер сарайы. Республика сарайы жөндеуге жабылғалы концерттер осында өтетін болған.



Артқа бір қараймыз



Алдымыз



«Тар жол, тайғақ кешу» жолы.



Сол жағымыздағы болашақ кітапхана, жаңа оқу жылына дейін бітеді. Барлық кітапханалар осында көшетін болады,дейді білгішбектер



Оң жағымыз: жәй жатқан жерлер. Ғимараттар экономика, филология, заң факультеті жатақханалары



Тағы сол жағымызға қараймыз: мұнда не көріп тұрсыздар?



Анау тұрған ғимараттың бірінші қабатында банкет өткізуге арналған үлкен залы, екінші қабаты асхана, үшінші қабатында интернет — зал орналасқан. ҚазҰу студенті күніне тегін бір сағат интернет пайдалана алады. Ақылы бөлімі де бар.





Bugin.kz тегін баннер ілетін жер тауыпты:) Мұнда «Казгуград» кинотеатры, дүкен, сұлулық салоны аталғандар қазір істемейді, кір жуатын орын, теннис ойнайтын зал, дирекция орналасқан.



Жатақханаға да келдік. ҚазҰу қалашығындағы ауа райы осындай! Жазбаға түрткі болған bauka_007 ға мың алғыс! Серік болғандарыңызға үлкен рахмет, жәй жүрсем 20 минут, тез жүрсем, 10 минутта жететін ем, сіздерге ҚазҰу қалашығын таныстырып келе жатып, уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қалдым. Жатақханама да тез жеттім :)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
P.S: ҚазҰуымды қимаймын. Бітіруімізге бір ай-ақ қалды. ҚазҰуды айырбастайтын тағы осындай бір жер керек.

39 пікір

Manas
Бірнші рет көріп тұрмын! Тамаша екен!
qyrmyzy
Рахмет:) Осында оқуды жазсын!
Manas
Аумин.Бүйырса!
kema
мәәә КҮШТІ))) Сендерде ТАМАҚТАНДЫРУ КОМБИНАТЫ бар ма?))) Қызық екен, комбинат деген сө қызық та)))
qyrmyzy
Бар ғой, бар:) несі қызық?
Shugyla
Тағы сол жағымызға қараймыз: мұнда не көріп тұрсыздар?
әжетхана???????
followme_alik
шо-та қатты қателестің, Шұғыла))
qyrmyzy
жооооқ, сыртта әжетхана жоқ (((
followme_alik
Тағы сол жағымызға қараймыз: мұнда не көріп тұрсыздар?
Үш Студент тұрған жол СПОРТ кешеніне апармақ.)))) Сағындым!!!… Рахмет, Қырмызы.Қай факультетте оқисың?
qyrmyzy
Иә, спорт кешені сол жағымызда, қазір ғана стадионнан келдім:) Мауқыңызды басып алыңыз:))))))) 5-жатақхана… көзіңізді ашып-ашып қараңыз.
followme_alik
Ол жатақханада қай факультеттің Қыздары оқитынын қайдан білейін_)))
qyrmyzy
хехе, ҚазҰуда оқыған болсаңыз, білетін шығар дегенім ғой:журналистика
followme_alik
Колледжін бітіріп алайыншы алдымен.)) _ _ _ Қыздарың әдемі)_ Ризамын.
Abylai
ептіііііі қайт СЖға қайт!
followme_alik
Қайт дейді, Өзі айына бір-ақ рет кірмек)
Chimaq
Oiulary keremet eken..tap-taza ,jym-jyrt ,ap-ademi eken...))
MSHERIMBEK
Аггитация науқаны келе жатыр...:)
Реклама үшін қанша алдың, айнам?:)))
qyrmyzy
о, епті, жарнамасы нес?!жіләәәп тұрған смайлик.һ:(((((((
AKA
Бұқақақа © :))))
AKA
Жап-жасыл!
Тағы сол жағымызға қараймыз: мұнда не көріп тұрсыздар?
Тауларды, шыңдарын қар басқан. Әдемі!
qyrmyzy
тағы, тағы, анықтап қарашиш
qyrmyzy
AKA
Оны байқадым, сәулетшілер мен құрылысшылар жиынында осының үлкен суретін көргем.
qyrmyzy
Енд Байқағаныңды айтпадың ба? Анау трамплин ба деп:)
AKA
Міне, мынау ғой. Ең бірінші соны көрдім ғҰә, мамандығым болған соң. :) Осы туралы жазамын деп әлі жүрмін…
qyrmyzy
әрине, жазшиш енд!
assetova
Шіркін-ай! Арман болып қалды ғой ҚазҰУ!!! хееееех(((
Ayala
Күшті екен, тамаша, барі керемет екен... Ғажап деп сүйсініп қарап келе жатып, ұжжжыс ана жатақхана балкондары ұжжжыс айқайлап тұрғооое... №5 жатақхана жоғарыға қараймыз не көріп тұрмыз? Менен +555555 тергоее…
qyrmyzy
Cағыныш соны көріп қалмаса екен деп отырмын:) Жатақхана болған соң сол, өздерің де үйде солай балканға нететін шығарсыңдар????
Bagashar
нетеміз ғой
kaz007
Түстен кейін сайтқа кіріп қалсам, bauka_007 спорт жаңалықтарымен бөлісіп жатыр екен. Спорт әлемінде жаңалықтар үйіліп қалғаны сонша, 7 жазбаны ол да болса ұрланған бірден салыпты. Ауа райын айтайын деп күтіп отырмын, күтіп отырмын, әлі тоқтамайды.

pana
адам жоқ болғаны ерекше әдемілік беріп тұрған сияқты))
qyrmyzy
Кешке қарай адам аз болады.
AL-ASTER
Неткен әдемі қала, неткен әдемі оқу орны, неткен әдемі жатақхана, неткен әдемі афффтыррр және оның посты.
qyrmyzy
ооо, амигоооо, Лолик, Блогқұрылтай, үлкен рахме! Сол қимай жүрмін әдеміііііі қалашықты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.