Абат-Байтақ кесенесі

ФотоСурет әлемі /


1-нұсқа дұрысы =)

2-сі

сеткасы
Бірінші синемлық жұмысым… әрине көп қателіктер кетті. Келешекте сол қателіктерді ескеріп жүретін боламын =)
Қолданылған бағдарламалар: CINEMA 4D және Photoshop
Толық пішінді суреті мында: 1-сі www.dropbox.com/s/wtvhg3i6tesiy34/%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B.jpg
2-сіwww.dropbox.com/s/ewolex0537qzy1j/%D0%B5%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D1%88%D0%B8%D0%BD%D1%83%D1%81%D0%BA%D0%B0%20.jpg
Қазақ викпедиясынан:
Сипаттамасы
Зират сәулетті – жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра мен конустық күмбезді Абат – Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды.
Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген, XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан. Құлпытастар композияциялық және сәндік шешімдердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы ретте 1848 жылы салынған құлпытас қашау шеберлігімен таң қалдырады. Кейбір көлемді – сәндік элементтер ағашты ою әдісімен жасалған.1893 жылы әйгілі құмдауыт блоктерінен ойып салынған құлпытас сирек кездесетін түрге жатады. Абат – Байтақ ескерткішінде қазақ тілінде арабша графикалық құлпытас жазуы мен тамға ойып жазылған.
Зерттеу мен қорғау
Абат – Байтақ кесенесі туралы алғаш рет XVIII ғасырда подпоручия және инженер Ригельман айтқан болатын. Оның деректерінде және тарихшы П.И.Рычковтың деректерінде кесене «Байтан» деп аталынған. Толық түрде ескерткіш Я.Я.Полферовтың Орынбор ғылыми архивті комиссиясының мүшелерімен және ғалым Жозеф Кастаньемен суреттелген.
Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты.
1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына алды.
Зерттеулерден кейін Абат – Байтақ кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион тенге және кірпіштерді күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион тенге бөлінді. Кесенені толық қалау үшін ұсталарға 32 мың кірпіш тағайындау қажет болды.

19 пікір

Yasin
Архун, өнеріңе дән ризамын
pari
тамаша жұмыс! Сапалы!
followme_alik
патриоттығым ұстап кетті. Рахмет, Arhun.
Arhun
Қуаныштымын онда =) рхмт, followme_alik!
Arhun
демода барлық қаружарақтары бар… бірақ бұл прога фильмге арналған секілді Кеңесізге мың рахмет, Mzafar!
Arhun
ех, біраз үшдіжасағыш жасблогелрерді жиіп қазақтың бұрыңғы сәулетін, немесе рухани дүниелерін жандандырып модельдеп жасасақ қой, шіркін =)
qyrmyzy
тамаша ұсыныс!
beko
ех, біраз үшдіжасағыш жасблогелрерді жиіп қазақтың бұрыңғы сәулетін, немесе рухани дүниелерін жандандырып модельдеп жасасақ қой, шіркін =)
Мәссаған, не деген мақсат десеңші, осындай мақсаттамын менде, бірақ сайт жағынан…
3d жағы болса, қабілетім (опыт) жоқтың қасы, қызығатыным баршылық болғанымен, мына жалғанның уақыты бәріне жеткізуге болады ма екен деген сұрақпен жүремін.
Korkem
Дыжындкен))) ерінбей қалай сызасыз осыны?)
beko
Бұл жерде сызатын дегеннен гөрі, құру десек сай келер деп ойлаймын, себебі бұл жерде шынымен өзің қолменен соны қалап тұрғызып, шөптерді отырғызып шыққандай боласың. Бірақ өмірдегіден жылдам, және кез келген уақытта өзгерте алу сол жасағаныңды. Оның үстіне өте қызықты, себебі өз фантазияңмен, есебіңмен жұмыс жасайсың.
Яғни Көркем, сен сонда Архунның қасында болғанда, сол Абат байтақ кесенесінің тек алды жағынан ғана емес, сонымен қатар, артын, ішін, жалпы көріністі алыстан, жақыннан да көре алатын едің. Өте қызық!
Korkem
Оның рас енді. Алдыңға пікіріңде айтқаныңдай қызығушылық болса бұлай жазбаған болар ма едім, кім білсін?! Менің қызығушылығым басқа ғой. Мендегі жәй таңданыс қана)
Сосын
Абай байтақ кесенесінің
тақырыпта Абат деп тұр ғоее
beko
Аха, шынымен де асығып қате тастап кетіппін. Қатені түзеп қойдым. Рақмет.
beko
Бірінші нәтиже үшін жап-жақсы ғой, жарайсыз, еңбегіңіз көкке өрлей берсін. Мақсаттарыңыз дәл уақытында орындалуына тілектеспін!
kuka097
Ебаа таң қалдым.РЫСПЕК саған АРХУН!
AKA
Еңбек! Комптың алдында отырып автокадпен ұзааақ отырамын менің өзім, сізге тіпті қиын шығар. Ұнады, мен де осындайды үйреніп алғым келеді және жоғарыдағы ойыңызды құптаймын.
Arhun
Пікірлеріңізге, ойларыңызға, тілектеріңізге барлықатырыңыздарға рахмет!
енді қызығушылығы барларға дема версиясын орнатып істеулеріңе болады
www.maxon.net/downloads/demo-version.html
мында бланкіні толтырып, жүктеп алуларыңызға болады
1 айлық тегін кілті бар
Qarabala_95
Уау! Керемет.!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.