Беймарал сурет :)

ФотоСурет әлемі /
Әңгіме Windows XP жүйесімен бірге келетін стандартты суреттердің бірі «Безмятежность» (беймарал .) деп аталатын сурет жайлы болмақ. Шамасы бұл сурет әлемдегі ең көп таралған, қаралған суреттердің бірі шығар. Бұл суретте жап жасыл төмпешік пен қанық көк аспан бейнеленген. Сондай тыныштандыратын, сондай сондай ощм жақсы сурет.

Енді айтайын дегенім сіз бұл сурет жайында ойланып көрдіңіз ба? Бұл суретті кім түсіргені жөнінде, суретте қай жер бейнеленгенін білгіңіз келді ме (білгің келмесе де оқып шық, артық етпейді)))?

Бұл суреттің авторы Американдық фотограф Чарльз О’Риэр. Сурет 1996 жылы Калифорния штатының, Сонома аймағында түсірілген екен. Сурет орташа форматты фотоаппараттың көмегімен, ешқандай қосымша өңдеусіз түсірілген.

Араға он жыл салып 2006 жылы Қараша айында Goldin+Senneby көркемдік жоба Сонома аймағына барып, «Безмятежность» суретін дәл Чарльз О’Риэр түсірген нүктеден түсіріп қайтты.


1996 жылы түсірілген сурет


2006 жылы түсірілген сурет (біраз күмілжітті, десек те сурет күз мезгілінің соңғы айында түсіргенін естен шығармайық)

Сурет түсірілген аймақты көргіңіз келсе «Карты Google-ға» кіріп, 38.248966, -122.410269 координатасын енгізіңіз. Google Street View режимі арқылы сол аймақтың панорамасын көруге болады.

23 пікір

Aidar
Жақсы ақпарат!
Discovery арнасынан осы туралы, документальный кино карағам Ең бірінші сол кезде естігем!!!)))
Kinostrov
Я, менде жолдың бойы шықты, бірақ жанына бұрғанда көрінді
Kinostrov
Атыраудың коды кандай екен жакынна карайтын уйди
Abylai
maps.google.ru/ ға кіріп Атырау деп жазссаңыз тауып береді
Kinostrov
Ол жағын білем ғо, ана код жазған сияқты тауып алсам дим жақыннан
Abylai
координатасы шамамен 47.1167, 51.8833
pari
мен гугл карты арқылы өз үйімнің шатырын қарай аламын ба сонда?
Abylai
ия
pari
Щынба шынба Әбіл қалай мен қарап едім тееекк аудан көрінді оның өзінде атауы қалай қарайды қалай көре аламын толығырақ айтасыз ба?
Abylai
тек атаулары көрінсе, онда спутник режиміне өт, сөсын земля режимін қосымша қосып қойсаң онда тіпті типі үш өлшемді болады.

pari
менде тек спутник қосылып тұр, земляны қалай қосамын? сіз қараған шатырды осында суретке түсіріп салыңызшы көрейік қалай анық көрінеме екен
Abylai
міне, максимально жақындадқан жоқпын
aitaber.kz/uploads/images/00/00/14/2012/06/22/0e0950.jpg
pari
нма кереметқо мен ауылымды көре аламын ба аа?
Abylai
қарай аласың дедім
pari
мен көре алмай жатырмынғой маған земля мен спутник қосылған төте сілтемені бересіз бе?
pari
міне менде үйлер мындай болып көрінеді бұлдырап
неге анық көрінбейдіі шатырлар, осы жерін айта кетсеңіз және земля режимін қалай қосады?
Abylai
мүмкін ауылыңды спутник үлкен көлемде суретке түсірмеген шығар. орталықтан шалғай жатқан жерлерді сөйтеді негізі. Земля режимі не үшін қосылмағанын білейммін. төте сілтеме қойылмайды
Kinostrov
Андай код болмаса, осылай коринеді
pari
андай кодты қайдан аламын қалай білуге болады?
Nursultan2002
Maps google қызықтыра бастады.Қара қоян туралы жазыңыз Абылай!Мұнда сұрақ
Abylai
АШЫП БЕР БӘРІН, АЯМА
Abylai
мына пікірлерді минустаған қолданушы незатқа өкпеледі екен?
pari
соны айтам жәмән минустан кетіптіғо даты болса дат тақсыр деп келіп жөнін айтпай ма?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.