Күнделіктегі суреттер

ФотоСурет әлемі /
Кеше бөлмемді жинап жүріп бұрыңғы күнделіктерімді тауып алдым. Негізі екінші сыныптан бастап күнделік жүргізеді екенмін. Сол әдетті тек сегізінші сыныптың ортасында бірақ қойдым ғой. Ол жақсы ма, әлде жаман ба білмеймін…


Оқып отырсам қызық! Әлемге PINK көзілдірікпен қарағанмын ба, әлде кішкентай баланың көзі көрген нәрселерді жаза бергенмін ба?! Түсініксіз… Бірақ қазір күнде көргенінді, білгенінді, сезгенінді, әрбір жаңа күннен алған әсеріңді түнде отырып жазып отыру деген еріккеннің ісі көрінеді. Алайда бұрын сондай болған екенмін :))

Күнделіктерімнің ішінде нешетүрлі суреттер, нешетүрлі жазбалар, нешетүрлі оқиғалар. Тіпті кейбіреулері нағыз кино :))

Кезінде кәдімгідей суреттер салған және бір қағаз болатын көшіретін сонымен көшірген де екенмін :) Көбісі махаббат пен достыққа арналған!

Дәл қазір күнделігімдегі жазбалармен емес, дәл осы суреттермен бөліскім келіп отыр.













30 пікір

Zhanat
нешінші сыныпта салынған суреттер? естелік деген жақсы, еске түсіріп қызықтайтын
erke_ky3
Бұл суреттерді 4-5 сынып аралығында жазған күнделігімнен түсіріп алдым ))
Ais_97
Керемет естеліктер жарайсың!
Abylai
Сәлеем еркеқыз (=_=)
күнделігің гүшті, баяғыда класстың қыздары осыған ұқсас дәптер беріп жіберетін еді толтырып кел деп, не іштің не жедің деген сұрақтарымен, жылтырақ ручкамен жазылған, осындай суреттері бар :)
көшіретін қағаз копировка ма? )))) қара пленка күйесі жұғатын? ))))))

Менің естелікке деп жинап қойған мусорларым екі пакет болды )))
erke_ky3
Сәлеееееееееееееем Абылай :))

Иә, «Анкета» деген нәрсе болатын, үйде ондайдың оншақтысы жатыр :)

Сол копировка ғой. Бір күні әкем үйге алып келді ғой деймін. Содан әбдән күйесі біткенше қолдандық қой (бір кезде кітап шығарғанмын сонымен, хехе тауып алып жатсам оныда жариялармын бір күні) :))

Екі пакет аздау екен, менде үлкеееееееен екі қорап. Анам өткен жылы «не мынау толған, отқа жағам» деп ұрсып жүрген болатын, бірақ әлі тұр ғой хиХи :))
Korkem
Охоооо, тамаша. Ақтару керек еді, еске түсірдің бір)))
AKA
Күшті, суретті жақсы салады екенсің. :)) Ұнады!
Togzhan
мяяя, күшті))
Өткен күннен бір белгі...)
Araika
Уау, күшті! Бірақ махаббат тақырыбы ерте мазалағанға ұқсайды, қазіргі күйіңе алаңдап отырмын:)

Менде екі күнделігім бар, тойдың қарсаңында көзін кұртуды қарастырып жүрмін. Бірақ, кейін 30-40 жылдан соң оқығым келетін сияқты…
erke_ky3
Оған себеп тәтелерімнің күнделіктері мен «Анкеталары» болған шығар. Себебі ата-анам далаға көп шығара бермейтін… Сонда тәтелерім альбомдарын, түрлі күнделік, анкеталарын беріп қоятын. Содан көшіріп алғандарым ғой. Бағана тіпті қарап отырсам мағынасын түсінбесемде көшіре берген өлеңдер мен фразалар толып жүр ғой олардың ішінде :))

Екінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі жазбаларымның барлығында тек Отан,туған жерге арналған өлеңдер мен суреттер :) Патриотка болғам ғой :D
Zhassiko
Бірінші сурет анкета ғой, балалық шағым есіме түсіп кетсе керек, бұрындары анкета толтырған кезде сол күнделіктің соңғы парағы құпия сақталушы еді, сүйгенінінң бас әріпін жазып, ал қалған әріптеріне клетка-клетка етіп, скобка қалдырып кететінбіз…
.
Лапата-күрек,
Сердца — жүрек,

Торғай арзан,
Юсуп тарзан (ық-ық) (Бұрында сол кино болушы еді, Зейнеп ойнаған…)
Ағаби күлкілі
Айшагүл сүйкімді…
осындай қисық өлеңдермен анкетаны толтыра беруші ек..))
erke_ky3
хехехехе, есімде :)) Анкетаны толтырушы сен айтқандай
сүйгенінінң бас әріпін жазып, ал қалған әріптеріне клетка-клетка етіп
кетседе, ол кімді сүйетіндігін почти барлық мектеп білетін ғой :)) Кейде ұлдар, не қыздар алып алып сол торшаларды толтырып тастап жарты сынып ренжіп жүретін кездерді де бастан кештік...Қызық :)))
Ерке қыз жақсы екен осылай күнделік жазғаның.Мен де талай осы күнге дейін нешеме блокноттарға күнделік жүргізетінмін.Өткен жылы жазға дейін жазып келгенмін.Былтыр жазда Алматыға лагерьге барғанмын.Әдеттегідей қайда барсам да күнделікті тастамаймын ғой жанымнан.Оны да алып кеттім сонда.Ол күнделікті мен матрасымның астына салып тастап едім.Лагерьдің соңғы күні жиналып жатқанымызда матрастың астынан күнделікті көрдім, бірақ кейін қарбаластан асығып ұмытып кетіппін.Содан оны аспанда ұшып бара жатқанда есіме түсті ғой.Қырсықты қарасаңшы.Қатты жылағым келіп кетті сол үшін.Күнделігімде қаншама естеліктерім, сырларым, достарым, бәрі-бәрі жазылған еді.Оны әлі күнге дейін есімнен кетпей ойлай беремін… Оны кім тауып алды екен?Қазір кімнің қолында екенін бір құдай біледі…
erke_ky3
Оййй, қандай өкінішті :((
banzaika1990
осылай ескі кезді еске түсіретін нәрселердің болғаны жақсы ғой. Суреттеріңіз әдемі екен. Өз басым күнделік жазып көрмеппін. Мектеп кезінде бізде Анкета деген дүние модыда болатын. Өзі ойыннан қол тимей, үй тапсырмасын орындауға уақыт таппай жүргенде, «Ертеңге дейін толтырып әкел»- деп құшақтатып қоя беретін еді сыныптас қыздар.
erke_ky3
Хехе, дәл осы моменттер есімде :)))
qyrmyzy
Әлі де өмірге пинк көзілдірігіңмен қарайтыныңа сенімдімін:)))
MSHERIMBEK
Иәәә, тамаша қыз ғо, біздің Ерке:) Сәлеееееееееееееееееем деп басталғанда Абай жылап жіберетін шығар:))) Естеліктеріңмен бөліскеніңе рахмет, Айнұр)
mairosh
Әдемііііі ұнадыы маған)))) Суреттер ммммммммм…
Есімде мынаның бәрі фразалар емес пе?)
Еще «Анкета» деген болған, ішінде осыларды «фраза» деген бөлімге жазатынбыз)))
didi0393
меніңде есіме түсіп кеттіғой.бала кезімізде біздің «интернетіміз»осы анкеталар болатынтұғын. есімде анкетанын ішіне love is сағызының клатчтарын жапсыратынбыз, және
роза гүлін аларсың
оны суға саларсың
оны суға салғанда
мені есіңе аларсың дееген қанатты сөзді обезательно жазу керек болатын.уақыт зымырап өткенімен естеліктер жүректе қалады екеН, керемет кездер айй)))КӨнілім босап кеттіғоййййй
erke_ky3
:)) didi0393
бала кезімізде біздің «интернетіміз»осы анкеталар болатынтұғын
деген теңеуді күшті айттың :))
seit_96
тамаша маған ұнады
AL-ASTER
Ескі хаттарды оқу керемет, себебі оған жауап жазудың керегі жоқ деуші ма еді. Бұлар да сол сияқты керемет дүниелер.
Бұндай творчестволық жұмыстармен көп әуес болмағандықтан, жылда аяқтаған дәптер, күнделіктерді жинауға әуестік бар еді. Сегізінші сыныпқа дейін бағалар керемет, коллекциялау әдеті болыпты, тоғызыншы сыныпқа келгенде сабақ құлдырап, ақыры коллекцияға қосатын дәптер де қалмай қалыпты. Бірінші бетін ашса қазақ тілі, әрі қарай әдебиеттен біреудің өмірбаяны мен конспект, ортасында бір бақылау жұмысы жүр., соңғы бетінде бір есептердің черновой варианты. Сосын мектеп аяқтаған соң барлық жыл жинаған дүниені жинап алып құшық құшағымен қоқысқа лақтырып жіберіп, дене жеңілдеп қалған сияқты әсер болды.
erke_ky3
Күшті екенсің :)) Ал менде олар әлі қорап-қорап болып тұр :))
Aina
суретті жақсы салады екнсің. бұл заттар балалық шақтан қалған естеліктер гой
erke_ky3
Рахмет :) Салғаным бар, қара қағазбен бастырғаным бар естелік қой әйтеуір :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.