Орны толмас естеліктер...

ФотоСурет әлемі /

Сәлем Айтаберліктер!

Қайырлы кеш, жаңаerke_ky3 -дың Күнделіктегі суреттер атты жазбасын оқып отырып, мен де естелік заттары салынған қорапты сағына аштым...Үйге құрбыларым немесе апаларым келе қалса бірден осы қорапты көрсеткім кеп тұрады, ендеше,құрметті айтабершілер, естелік дүниелерімді сіздерге де көрсетсем қарсы болмассыздар?!
Кеттік онда!
Ең алдымен 5-7 сыныптар аралығында қатысқан үйірмеде салған суреттеріммен таныстырайын,2-ақ сурет қалыпты,Бұл суреттер, еріген майлы шамды, неше турлі акварельмен боялған қағазға жағып, содан соң үстінен мақтаға жағылған қара гуашьпен боялып, одан кейін барып жұқпайтын пастамен сурет салу арқылы жүзеге асқан дүниелер!

Мынау енді… Күлмеңіздер, бұл сурет мамандығыма байланысты салынған, яғни бұрын пошташы болуды армандаған екем, осы жерде тоқтап күліп алайыншы

Бұл көріп тұрғаныңыздай күнделіктерім...Ішің оқуға ұяламын...

Оооооой, мыналарды бір тастауға қимаймын барғо, сондай жылыыы ашық-хаттар,осы мейрамды жақсы көретінмін...
Охх)))мына масканы өз қолыммен жасағам бір жылы,үйірмеде...
Мыналар, мамамның туған күніне қолдан жасаған ашық-хаттар… Мамам осыған «ең жақсы сыйлық-қолдан жасалған сыйлық, оның ешқандай бағасы жоқ!»деп мәз болатын)

Мына суретке 4 сыныпта түскем)))
Ал мынау менің ең алғашқы отбасылық суретім, ортадағы мен,10 айлықпын-ау дим...көзіме жас алғалы отырмын...
Мыналарға қарап бір жымияйықшы)))Бірінші суреттегіні ләгірде болғанда Арайлым дейтін сүйкімді қыз берген еді, екінші суреттегіні сыныптас досым берді, тіпті екеуміз мына суретті мектеп бітірушілердің 5 жылдығына әкелуге бәстескенбізАл үшінші суретті 4 сыныпта Баянсұлу дейтін дос қызым берген, екеуміз әлі күнге дейін ажырамас доспыз!мұны сақтап жүргенімді ол білмейді)))
Ал мына «пропускті» жаңа мектепке көшкенде алғанбыз,8 сыныпта… бас кезде, мектепке «строго» осы пропускпен ғана кіргізетін)
мынаны көрген сайын жарылам ше)бұны сыныптас досым,«КВНщик» өткен жылы Астанаға марапатталуға кетерімде күнделігіме қыстырып кеткен))

Осымен біткен жоқ,әлі талай заттарым бар, бірақ әлі Abylai -дікіндей 2-пакетке толған жоқ! Ерінбей оқығандарыңызға үлкееен рахмет!

21 пікір

Togzhan
Бірінші суреттерің тамашааааааааа)))
Күшті салады екенсің!
Маскаға тіпті сөз жоқ.
Jako
Алғашқы балауңызбен салынған екі сурет ұнады, жақсы салынған екен.
Ais_97
Керемет Әлия, естеліктерің керемет екен!
dimash
Естелік жақсы ғой, жақсы естелік<img
alikona
сурет салығын келіп еді маа, не ол?
pana
ерекше екен бәрі! қазір де салып тұрасың ба?
alikona
қазір салмаймын мүлде, тек осыларды көріп еске алып тұрамын, болды…
pana
қаз де салып тұрсаң күшті болатын сияқты, тастама)
Zhanat
ғашақтықтың ашық хаттары көп екен))))
alikona
өй, бұның тең жартысы құрбыларымның бергені)))))
ardak1996
қандай,ғажап)))
pari
Мәссаған.Кееремет.Менде бір альбом анкеталар бар еді., Соларды салып қарамасам.Бірақ сотка түсіруі шамалы
qyrmyzy
настальгиям ұстаса, күнделік, блокноттарымды ақтарад кем:) Біртурлі бокетем кейде. Мектеп кезіндегі тілек: қалаған оқуыңа грантқа түс, сабағыңды беске оқы. Студент кездегі тілек: оқуыңды жақсы оқы, жақсы жігіт жолықсын. Ал, ендігі өмірде қандай тілек айтылад кен… Рахмет, балалығыма баркелдім
қандай керемет, жылы-жылы және өте ыстық естеліктер десеңші… Керемет екен,Әлия!
AKA
Әдемі екен күнделігің! Жарайсың, керемет қызсың ғой. Ана* жақта күЧт сөйлесіп қоямыз, иә?
alikona
иа ана жақта))
Manas
Алия жолың бол
Жақсы қыдырып
айт звандайғо
что))апа бізді
а?))) ақшаң бітсе 
маған айт
Жолын
    болсын
с/м Нурманғали)

ай, КВНчик)))
alikona
онда неізі былай делінген:
Алия жолын болсын, жақсы қыдырып қайт, звондаймго если что, аха, бізді ұмытпа=)))ақшан бітсе маған айт)))жолын болсын, с/л: Нұрман!
Нұрманғали дегенді қайдан көрдін?)))))))))))))
Manas

Әшейін Нұрманғали деп жаза салғам))
Zhassiko
Крышалық етіп кткен ба саған?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.