90-ыншы жылдарға саяхат.

ФотоСурет әлемі /
Тоқсаныншы жылдар менің балалық шағым болатын. Сол жылдардағы қайтып келмеске кеткен дуниелермен бөліссембе деп едім. Тоқсаныншы жылдары қандай еді? Бір бос бөтелкеге екі балмұздақ алатынбыз. Саябаққа 5 теңгемен үш-төрт бала болып барып, аттракционы бар, басқасы бар кешке дейін қыдыратынбыз. Ол кездері есімде! Жаңа дүние болғандықтанба? Сағыз қымбат болатын. Нан 20тиын болғанда, сағызды 15теңгеден алатынбыз. Бұл ең алғаш ұлттық банкнотымыз теңгені пайдалана бастаған кездегі баға болатын.

Ол кезде біз ойнаған ойыншықтар қандай еді?








Естеріңіздеме?






36 пікір

MSHERIMBEK
Денди, Сега, Тетрис құдай-ау көзіме жас алдым:))) Бұлар одан бері еді менің білуімше)
Erlan777
Тетрис мумкин одан бергі болар№ Алғашқы дендиім 94 жылы болған. Сеганы 97-де алдым.
Abylai
ААА сега тетрис тамагочииии турбо ловис аааа іііхіхіхі біртеңгееее
didi0393
MSHERIMBEK
О дааааааааа:)))) Менде болған мынадайлар:)))
banzaika1990
менде әлі де бар))))))))) жиеніме деп сылтауратып сатып алып өзім ойнап жүрм))))))))))
MSHERIMBEK
Мына мульт менің ең сүйікті көретінім еді:)
Abylai
СВОБОДУ ПОПУГАЯМ! жуухахаха
nurgazina
менің де!!! Попугай Кеша дисің ғо
MSHERIMBEK
Айтқандай мұндай посттарды ФОТОБАЯН түрінде жарияласаңыз!
Abylai
Менде бір сега, мортол комбат, соник ойыны болып еді. тетрисым болды. сосын төрт тамагочиііім.
VVVWWW
Әлі есімде, ең алғаш ұнатқан ғашығыма сыйлағын сыйлығым Турбо сағызы болатын (5 немесе 6 сыныпта)
qyrmyzy
да ну? Адамсың ба тошна?
qyrmyzy
Ловис, жіләдім
AKA
Иә, иә, иә, тетристі көп ойнадым, үйде таласатын ек… Ескі ақшаларды жинайтын ем бұрын, көшкен кезде жоғалтып алдым, қалды сосын.
qyrmyzy
нешеуін тоздырдық екен сол тетристің?!
zhomart
Сега көзіме оттай басылды. Қанша түндерімді соған арнаған едім
qyrmyzy
Марионың музыкасы әлі құлағымда…
Manshukn
100 теңгеміз болса бақытты едік қо, қазір 100 теңгенің құны жоқ)
Kan
Менің немен ойнағаным есімде жоқ. бар білетінім үйде жейтін не нан, не қант болмайтын. Ол күндер тым ауыр күндер болатын.
zhurttyn_balasy
Тоқсаныншы жылдары, әлі есімде ол кезде мен баламын, әкем жұмысынан бір қап картошка мен жуаны кезекте тұрып алып, маған ешқайда кетпей қарап тұр деп келесі кезекке кеткенде жұрттың апайлары көзімді жәутеңдетіп тұрып мені тонап кетіп еді. Содан бері әлі күнге дейін психологқа қаралып тұрамын.
MSHERIMBEK
муахахахах, тыбар:)))) Содан бері әлі тоналып жүрмін дещ):))
Kan
Меніңде сол күндерден алған әсерім әлі жүрегімді сыздатады.
MSHERIMBEK
Мына теңгелердің суретін көрсем, иісі мұрныма келеді:)
Uleke
ана тиындар ше, соларды еске алсаң, таттиии, еритип жейтин шоколадтын ииси келмей ме?))
Zhanat

мына сағыздарды қыздарға сыйлап сындырушы едик
AKA
Юпи қайда, юпи? :) Сұмдық сусын еді…
MSHERIMBEK
о даааа:) юписіз өмір өмір ме:)) анау бар еді ғой, ГАИлердің машинасының ойыншығы ше:) Артқа қарай басып тұрып жүргізесің де жіберіп қалсаң шуылдап тұрып жүріп кететін:)))
AKA
Нанандай ма?

Осындайлар үйде көп болатын, ағаммен жарысып ойнайМ ғо еще :))
akil_kalta01
Обыщым бірәз нәрсе еске түсті, біршамасы естен шыгып та қалган екен!
Бұрын аңғармаған екенмін 1 теңгеден 5 теңгеге дейін оң бетіне аямай майдалып тұрып "Қазақстан" деп жаза беріпті ғой. Сосын 1 теңгенің теріс жағына аямай сызып тастапты ғой. 1 теңгенің түк те құны болмайтынын жүректері сезгендей :))
mairosh
тэтрис, денди, сегааа(((( 3 тг 10 тг(((( көзіме жас алдым((( Балалық шақтыңбекетің қалдырдың өмір жолында арман көп оған жететің билет жоқ әттең қолым даааааа
Manas
Сеганы жәмәнннн ойнаушы едім)))ең қызық жеріне келгенде тоғы қызып кете беретін)))джостиктер 1 айға шыдамай марқұм боп кететін)
nurgazina
ескі банкноттар толып жаттар үйде… сірә, пайдасы жоқ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.