Балалық сезім

ФотоСурет әлемі /
"Қандай керемет дүние, айналасына әртүрлі түстен тұратын жарық сәулесін шашатын құдіреті арқылы көздің жауын алатын! Адамзат баласының ойлап шығармайтын нәрсесі жоқ". Соңғы күндері Ерден бөлмесіндегі үстелдің үстіне орналасқан осы бір шамға қызыға қарап отыратын әдет шығарып алыпты. ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Оның ойын бөлмесіне сөйлей кірген анасы бөліп жіберді.
— Құлыным, ауылдың дүкені жабық екен. Қалаға барып азық-түлік алып келе аласын ба?
— Әрине, екеуміз демалыс күндері барып жүрген қаладағы дүкен емес пе. Апатайым, сіз еш қам жемеңіз. Мен өзім-ақ бара аламын. 7-ші автобусқа отырып, дүкеннен түсем, азық-түліктерді алып болғасын қайтадан сол бағыттағы автобусқа отырып ауылға қайтам.
— Құлыным сол, менің көкешім үлкен азамат болған екен ғой- деп анасы ұлының бетінен сүйді.
Ерден қолына мықты жіптен жасалған дорбасын, қалтасына анасының берген ақшаларын салып жолға шықты. Ауылдағы жалғыз аялдамаға кеп автобустың келуін күтті.
ФотоСурет әлемі: Балалық сезімФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Көп күттірместен № 7-ші бағыттағы автобус та келіп тоқтады. Ол оның артқы есігінен мініп, лық толы адамдардың арасына сүңгіп кетті.ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Алдыңғы жақтан кондуктор апайдың «Передайде ваши проезды. Оплачивайте за проезд» деген дауысы естілді. Өзін үлкен тапсырма алып бара жатқан үлкен азамат санап, үлкен кісілерше қалтасынан 5 тиынды суырып алып, қасында тұрған өзінен екі-үш жас үлкен жас шамасындағы қызға берді. Ол қызда осыны күтіп тұрғандай Ерденнен алып, алдында тұрған әйел адамға тапсырды. Қолдан қолға өтіп барған қарабақыры кондуктордың қолына түсті. Кондуктор ол тиынды осындай жолмен халықтан түскен ақшалары жиналған сөмкесіне салып, мойнына асулы бумасымен тұрған талондар арасынан бір данасын жыртып кейін қарай жалғастырып жіберді.ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Талоны қолына түсісімен көздерімен тескішті іздестіре бастады. Сәті түскендей компостер де дәл қасынан табыла қалды. Талонын тесіп болып, жанындағы бағанығы қызға көзі түсті.
ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
"Өзі сондай көркем. Үстіндегі мектеп формасы да өзіне құйып қойғандай, жарасып-ақ тұр. Шаштарын да орыс қыздары секілді қысқартып қиған, көздері де қазақ қыздарынікіндей қара емес, көкшілдеу. Мен бұл қызды бір жерде көрдім. Бірақ, қай жерде?"
«Приготовьтесь, следующая остановка — Продуктовая ». Автобус жүйткіп келіп Продуктовый аялдамасына да кеп тоқтады. Бұл аялдаманың бұлай аталуы дәл қасында азық-түлік дүкенінің орналасуы. ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Ерден аялдамадан дүкенге кіргенше шаштары келісім тауып ерекше үлгімен сәнделіп қиылған сол бір қызды ойлаумен болды. Өзінен әлдеқайда үлкендігі болса да ғашық боп қалған болуы керек. Бұрын соңды ол қызды қай жерден кезіктіргенін есіне түсіре алмай әлек.
ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Дүкеннің ішіндегі сан қилы түліктер мен тәттілерді көрген Ерденнің санасынан сәл сәтке бейтаныс қыз шетке қарай ығыса тұрды. Өйткені бұл жерде көздің жауын алатын дүниелер көөөп болатын.
Анасының тапсырған нәрселерін алысымен артылып қалған қайтарым ақшалар шетінен өзінің қалаған тәттілерін алды.
ФотоСурет әлемі: Балалық сезімФотоСурет әлемі: Балалық сезімФотоСурет әлемі: Балалық сезім
«Дәл солай! Қалай ғана есіме келмеген. Мүмкін емес қой ол. Иә, иә, дәл өзі. Сүйікті фильмімдегі сүйкімді кейіпкеріме ұқсайды екен ол қыз. Әттең, енді оны қашан және қайдан кезіктірем екен? „
ФотоСурет әлемі: Балалық сезім
Бейтаныс қыз “Гостья из будущего» фильміндегі Алисаға ұқсайды екен.
Бейтаныс қыз

13 пікір

qyrmyzy
о, настольгия!
didi0393
bombibom jevachkasy....yisi de, dami de keremet edi))) bul sagyzdardyn bir kudireti ertengi kuni de wainai beresin,irimeidi) 3 tengeden satyp alatyn edikkooooi)))
qyrmyzy
ertengi kuni de wainai beresin,irimeidi
)
qyrmyzy
лимонадты айтшиш
yesbolat83
Иә, сол уақыттың сағыздары сапалы ғой. Маған бомбибомның шоколодный түрі ұнайтын.
korwinin_kyzy
билет тесетінді айтшиш, сонгы жақтарын көріп қалдыққо, егер тесетін деп сөзді дұрыс қолдансам
yesbolat83
Компостер аты.
zhomart
Есеке, тамаша жазба! Қаламыңызға қанат бітіріп, осындай жазбалармен жиі бөлісіп тұрсаңыз нұр үстіне нұр болар еді…
Jako
Жақсы жазылған, суреттердің барлығы да сол уақыттың көріністерін көз алдыңа алып келеді.
yesbolat83
КСРО кезеңінде болғандар үшін бұл суреттердің әрине ыстық көрінері сөзсіз. Біздер де соңғы кезеңдерінде болғанбыз.
Jako
Дұрыс айтасың, бірақ қазіргіден бәрібір жақсы сияқты еді.
yesbolat83
Сізбен келісем. Бәрін айтпай-ақ, осы суреттегілерді мысалға алар болсақ, сол кездегі пепси мен сағыздардың сапалылығы, олардың дәмдерін айтсаңшы. Қазіргілер оларға жетпейді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.