Ауған қызы

ФотоСурет әлемі /
Ассалаумағалейкум баршаңызға. Блогыма бірдеңе жазбағалы да біраз болыпты, жазу керек еді деп жүргенде тағы біраз уақыт өтіп кетіпті.

Бүгін интернетті шарлап отырып, мына бір суретке қайта тап болдым!

Негізі бұл суретпен алғаш рет сонау екімыңбесінші жылы танысқан едім. «National Geographic» арнасынан осы бір сурет жайлы, суреттегі қыз жайлы, суретті түсірген фотограф жайлы деректі фильм болған еді. Осы сурет жайлы жазғым келіп кетті. Неге екенін білмеймін, бұл сурет, суреттегі қыз, оның жанары, ооохь көз жанары, мөп мөлдір, терең, тұңғиық жанары… әй, ия не деп жатыр едім, ия сұмдық сурет, қарай бергім келеді.

Суретке түсірген фотограф Стив Маккарри 1984-жылы Пәкістан шекарасындағы Насир-Баг босқындар лагерін аралап жүріп, бастауыш мектеп ретінде қолданылып жатқан лашыққа тап болып, мұғалімнен лашықта біраз отырып, оқушылардің бірнешеуін суретке түсіріп алуға рұқсат сұрайды. Маккарридің назары бірден ауған қызына түсіп, ол қыз жайлы мұғалімінен сұрастырады.
Мұғалім бұл қыздың ауылын Совет тікүшақтарының шабуылынан кейін ата анасынан айырылып,
лагерге бауырларымен және әжесімен екі апта бойы жаяу жүріп жеткенін айтады.

Бірнеше минут суретке түсіріп, кейін сессиясы аяқталғасын пленкаларын киімінің етегіне жасырып тігіп, шекарадан өтіп Вашингтонға да жетеді.

Ауылына жеткесін, сурет National Geographic журналының мұқабасына «Ауған қызы» деген атпен шығып, содан бері бұл сурет ең танымал, ең атақты суреттердің біріне айналды. Бұл сурет сансыз мәрте басылымға шығып, ел жұрт бұл суреттегі қыз жайында көбірек білгісі келді. Сөйтіп өзі ештеңе білмесе де, ауған қызы ең танымал тұлғалардың біріне айналды. Дегенмен ауған қызы жайлы ақтарат тым аз еді, тек оның жасы сол кезде шамамен он үште екенін, әке-шешесі соғыстан қаза тапқан, босқындар лагерінде жүрген ауған қызы екені ғана мәлім еді.
Он жеті жыл бойы халық бұл қыз жайлы білгісі келіп, фотографқа тынбастан хат жазып, телефон соғады. Бірі ақшалай көмектескісі келетінін айтса, екіншілері бұл қызды асырап алғысы келетіндерін айтады, тіпті кейбір еркектер бұл қызды тауып алып үйленгісі келетіндерін де жазады.

Ауған қызын іздеу
Фотограф осы жылдар бойы суреттегі қызды іздестіріп, Ауғанстанға он рет барып таппай келеді.
2002-жылы соғыс, толқулар бәсеңдегеннен кейін National Geographic командасы мен Стив Маккарри ауған қызын іздестіруге тағы шығады. Бұл жолы олардың жолы болып, Ауған қызын Пәкістан шекарасындағы жақын маңдағы ауылдардың бірінен табады.
Сену қиын әрине, бірақ суреттегі әйел ауған қызы. Шамамен он төрт жасында күйеуге шығыпты, үш қызы, күйеуі бар. Суретте жасы шамамен отызда. Неге шамамен дерсіз, өзі жасының дәл нешеде екенін білмейді. Соғыс, аштық, босқындар лагеріндегі өмір, қиын өмір, ..., ((( ияяяя солай енді, жанарының жылтыры кете бастаған екен ((((




Айтпақшы ауған қызының есімі شربت ګله яғни гүл шәрбаты деген мағынаны білдіреді екен. Суретке өмірінде тек үш рет қана түсіпті. (2002)



Стив Маккарри әлемге танымал, әйгілі, менмін деген фотографтардың бірі. Жеке сайты мына жерде. Түрі мынадай!

26 пікір

geofizik_001
жанары қандай өткір еді.
VVVWWW
Тек қана 2 сурет, бірақ бір адамның тағдыры, бүкіл өмірі десе де болады
jalyn
Иә, өткір. Ұзақ қарай алмадым. Оны шын өмірде көрсең мүлдем көзіне қарай алмасаң керек…
dimash
… Тек түсімде көрмесем екен. Көзқарасы жаман. Кейіннен ер адамға тартып кетіпті, көп қиналып женский гормондары азайып кеткеншығар десең… Бетінің беткі қан тамырлары кеңейген, ыстықтың әсері болса керек.
Ал фотографқа келсек, миының оң жақ бөлігі жақсы жұмыстесе керек, суретке түскенде оң жаққа қарай қисайтып түскен. Әйелінің ұқыптылығы шығар, киімі түзу екен, айтпақшы ауған қызы жайлы екен ғой жазба…
Көзінің түсін айтап, пигменті аздықтан сары-жасыл түсті. Тұңғиық теңіздей. Көп қараған адам батып кетуі мүмкін. Қарттыық ерте келіпті, бет бұлшық еттері сүйектен ажырай бастаған. Тек еріндерінде ғана өзгеріс аз. Видео көруге қызықпадым.
didi0393
димаш сенде талант деген жатыр екенго)сугиретке карап адамнын минез кулкын, денсаулыгы типти биреудин айелинин укыптылыгына дейин билип отсын. меникинде айтшыы)))хехехх
dimash
)))))) өткенде де біреудің суретіне қарап мінезіне дейін айтып таң қалдырғам)))
Ғабит Мүсірепов айтпақшы, адамның бет-әлпетінен біраз нәрсе аңғаруға болады-мыс)
сайтқа тіркелгенде жазан почтамды өшіріп, енді сайттан келген хаттарды оқи алмаған жямән екен
mairosh
осы медицинамен сөйлеуді тастамайсын ау:)
VVVWWW
Ия дейім-ау, медецина — ғылым, ғылым мен өнерді шатыстырмау керек (ол бұл суретке тек қана кәсіби дәрігердің көзқарасымен қарап тұр, оны әрине түсінуге болады). Мысалы Джакондаға қарағанда (да Винчи) да осыған ұқсас ойлар келетін болар (бұл енді мамандығына байланысты ғой). Өнерді түсінбейді деп жатырғаным жоқ, жәй ғана әр кімнің көзқарасы әр түрлі дегенім ғой
dimash
Мен жәй әзілдеп жазғаным ғой, VVVWWW брат :)
Abylai

Елестетіватрм мынадай Диалогты.
— Димаш, анау өтіп бара жатқан қыз қалай былай? фигурасы ничче а?
— Көзінің пигменттері көп, қан тобы екінші отрицательный, женский гармондары да нормадан жоғары, дене бұлшық еттері тым былжыр, шынықпаған, барып диагнозын айтып келейінші.
— өөөй кеЧ
dimash


Тәйт, флудтама!
didi0393
коркып калганы коринип тур кыздын.
mairosh
Бұл қыздың (әйелдің, келіншектің) қандай ерекшелігі бар сонда? Бірақ Стив Маккарри тамаша фотограф екен:)
VVVWWW
Бұл қыздың (әйелдің, келіншектің) ешқандай да ерекшелігі жоқ тек қана фотографтың шеберлігі ғана (бұны жәй ғана өнер туындысы деп қарау керек)
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Ауған қызының қазіргі кездегі (2002 ж.)суретіне қарар болсақ 30-жастағы келіншекке мүлдем келмейді. Өмірдің талай қыспақтарын басынан кешкені көрініп тұр. Бала кезіндегі қос жанарының мұңы әлі сол күйі сақталыпты. Қазір ол шамамен қырық жаста. Алдағы өмірі мәнді өткенін қалаймын. Аяп кеттім.
satirik92
Ауған қызының осы бір суреттің арқасында атағы шығуы суретшінің үлкен еңбегі және Алланың сыйы. Қызыл күлпара жамылғаны оның қайғы жамылғанының белгісі және өмірге келген соң өшпей оттай лапылдауының белгісі. Шашының алай-дүлей қалыптағы көрінісі бұл жанның ойының арпалысуы. Қалың қара қас пен кірпіктің тура фотоапаратқа қадалуы бұл жанның кез келген іске жан тәнімен берілетіні. Қарашықтың бірінші сызығының қаралығы бұл жанның өзін өзі қорғай білетін мінезге иелігі. Бір қабат жасыл реңк кез келген жерді гүлдендіріп жасыл бақтай жайнататыны.Ал ішкі сары түс бұл жанның сары уайымы. Ең кішкентай қара нүктенің ішіндегі жасыл оның қараны жарыққа айналдыратыны. Ернінің оң жағындағы төменгі және жоғарғы меңі бұл жанның өзі білмесе де бақытты екенін білдіреді. Ал кәрілік басқан суретіндегі қабағының түйілгені бұл жанның ойдан кәртейгенін меңзегендей.
qyrmyzy
Айтпақшы ауған қызының есімі شربت ګله яғни гүл шәрбаты деген мағынаны білдіреді екен

Жанары өткір екен, ұзақ (3-5секунд) қарап отыра алмадым. Босқындардың тіршілігін суреттейтін сурет. Танымал болған себебі мынада дп ойлаймын:
Бірнеше минут суретке түсіріп, кейін сессиясы аяқталғасын пленкаларын киімінің етегіне жасырып тігіп, шекарадан өтіп Вашингтонға да жетеді.
Яғни, ешқандай сурет басқа елге шықпауы тиіс. Ал фотограф бұл заңды бұзып, пленканы жасырып алып шыққан. Босқындар түскен басқа сурет жоқ шығар. Атақты суретке айналғанының тағы бір дәлелі — кері байланыстың болғандығы. Яғни, бірнеше жылдан соң кейіпкерді тауып, тура солай тағы бір снимок жасағаны :) Фотограф десе, фотограф екен.
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Біраз елдерде туристердің сурет алып шығуына қатаң тыйым салынған екен. Бір-екі шетелдік фотографтардан естігенім бойынша. Сол елден шығарда бүкіл затын тазартып беретін көрінеді. Сондықтан Стив Маккарри сияқты суреттерді неше түрлі жолмен аман алып қалуға тырысады екен. Керек десеңіз ноуттың қатты дискісіндегі барлық құжаттарды өшіріп тастайды дейді.
satirik92
Негізі журналистің батылдығы негіз секілді.
Korkem
Шынымен-ақ тас жүрек болғаным ба білмеймін, жүрегім дір еткен жоқ. Мен әлі мынадай таза профессионал фотоға түскем жоқ, жәй қызығып қалдым…
Jako
Әңгіме суреттегі қыздың көзжанары туралы болып жатыр екен, менде айта кетейін.Маған бұл көзжанар әбден таныс,өмірімде талай бетпе-бет жолыққан жанар.Аңшылар топ болып соңына түсіп,қашатын жер қалдырмай тығырыққа тірелгенде қасқырдың жанары дәл осылай ұшқын атып, тарпа бас салуға дайын тұрады. Мына жанар дәл соның өзі.Адамдардан әбден көңілі қалып, жауыққан, тарпа бас салғысы келіп тұрған жыртқыш көзқарас, басқа ештеңесі де жоқ.Көзінде ешқандай мұңда, ойда, тіпті саралау да жоқ, тек қана қапысын аңду, жыртқыштық қана бар. Тағдыр тәлкегінен тығырыққа тірелген жан.Бұрынғысы да, кейінгісі де сол бір көзқарас, мүмкін өзі қиналыстағы жанды, нан табу ермегіне айналдырған суретшіге деген өшпенділік болар, кім білсін…
Kan
Керемет жазба
calendula
Сурет ұнамады.
saryqazaq
Әдемі сурет. Жанарында қайғы-мұң мен үміт аралас екен. , Ауғанстан деген блог ашайық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.