Каспий жартастары

ФотоСурет әлемі /
Бүгін жексенбі, әдеттегі жексенбілердің бірі болайындеп тұрған күн еді. Әдеттегіше түсқайта ұйқыдан тұрып, шәйтамағымды ішіп алып, әдеттегідей дым істемей паталогқа қарап жатыр едім. Бір кезде КЕНЕТТЕН жұмысқа барғым келіп кетті. Үш күн демалыс деген тым көп болды ау маған. Жұмысқа телефон соқсам гудок барып тұрды да, бір кезде үзіліп кетті, қайта соғып едім, желі бос емес дейді. Желі бос емес болса, жұмыста біреу болған ғой деп, киініп алып жұмысқа тарттым.
Бүгінгі күннің ауа райы ерекше керемет болды. +11 — +13 сынап бағанасынан жоғары еді. Асықпай жәяяяу жұмыс жаққа бара жаттым, біраз жүріп, жұмысыма жетуге үш аялдама қалғанда маршруткаға мініп кеттім. Неге? Білсем ғой шіркін, білсем ғой.
Жұмысқа барсам, офистер тас жабық, ешкім жоқ екен, бастыққа телефон соғып едім, бүгін жұмысқа шықпаймыз, демал деді. Демалғанда енді, ну енді, жарайд дедім. Әлі сағат екі, ауа райы тым керемет еді. Мына күнде үйге барғың келмейді екен. Магазиннен кола сатып алып, теңіз жағаға беттедім. Әдеттегі, күнде баратын 7-9-14 ашғын аудандағы жағалауға емес, баяяғы 4-шағын аудандағы жартастарға барайын дедім. Ақтауда тұрсам да, ол жаққа бармағалы үш-төрт жыл болып қалған екен. Студент кезімізде баратын едік. Тау, тас, жартас үстіне отырып алып, Каспийге қарап ээхъ дейтін жер еді.
Сөйтіп алдымен теңізді тауып алайын деп бірінші шағын ауданнан төмен түсіп, жағаға да жеттім. Теңіз асықпай, жәй ғана толқып жатыр. Бірақ адамдар көп екен, неге екенін білмеймін, адамы жоқ тыныш жерге барып біраз медитация жасағым келді. Тоноооооооу жақтағы жартастың арғыыыы жағы бұған таптырмастай жер еді. Бару қиын, темірлермен қоршаған, шамалы адам бара бермейтін ол жаққа.

Сол жақ жағалау:
ФотоСурет әлемі: Каспий

Оң жақ жағалау, анааау көрініп тұрған жартас жаққа жағамен жүріп барам ғой деп ойлағам, бірақ жағалаудың бәрін қоршап алыпты әркім. Яхта клубының териториясына кіре қойып едім, жоқ жоқ, болмайды бұл жермен өтуге деп ойбай салды охранасы.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Амал жоқ, жоғарыға қайта көтеріліп, қамыс, қоқыс, тас, балшықтарды, қираған үйлерді кесіп өтіп, бір дуалға тап болдым.
ФотоСурет әлемі: Қамыс

Айтпақшы жусан өсе бастапты ужы
ФотоСурет әлемі: жусан

Әрі-бері аралап жүріп, бір өтетін жер тауып алдым. Арғы бетіне өтсем, бір спорт кешеннің териториясына кіріп кеткен екенмін.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Мынау s3-іммен түсірген қисық панорамам.
ФотоСурет әлемі: Панорама

Ары қарата жүріп, теңізге жақындап алдым. Бұл жердің көрінісі де ерекеше екен.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Мына жолмен төмен түсіп, жағалауға баруға да болатын еді. Бірақ біраз экстрим болсын деп, әдейі үстімен жүруді жөн көрдім.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Мынау манағы сатып алған кока колам :)
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Міне жартастар енді көріне бастады
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Мына жерден көрініс керемет
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Арғы жағындағы көрініс одан да керемет негізі. Сондықтан бұл жерден тоқтамай одан ары жүре бердім. Негізі біраз жүріп тастаппын, мынаның бәрін өттім.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Осы жерден түсірген сфералы панорама бар екен мына жерде.

Ал алдымда мынадай электр кабельбер жүргізілген дуалдың қапталымен, мына жолдан басқа жол болмады, үйтіп бүйтіп, бір қолымда кока кола, бір қолыммен битон дуалға жабысып, ухь деп бұны да өттім.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Ол ол ма :) одан әрі жолды былай решоткамен қоршап қойыпты.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Ары қарата өтсем ба екен, әлде осы жерден кейін қайта берейін ба деп біраз ойланып отырып, қой не де болса соңына дейін барайын дедім. Алдымен тордың арғы жағына кока коламды өткізіп жібердім. Сосын сол жақ қапталымен, темір торға жабысып, құздан үша жаздап, әрең дегенде келесі бетке өттім.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Бұл бұл ма :) бұдан да сорақысы шықты алдымнан.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Мынадайдың бір емес, екі емес үшеуі бар екен әлі алда.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Не істесем екен енді. Кейін қайтқым келмей жартастың шетіне отырып алып, біраз теңізге қарап отырдым.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Біз кезде қайдан шыққанын білмеймін, бір сары ала ит атып шықты манағы мен келген жақтан. Темір тордан бері өтпей арғы жақтан абалап үріп жатыр. Өзім иттен қорқатыным бар еді, шегінерге жол жоқ болды енді. Не де болса деп, асқан ептілікпен бұл қоршаулардан да өтіп кеттім.
ФотоСурет әлемі: Каспий жартастары

Ары қарата жолда бұл қоршаулар кездеспеді, өтуге қорқынышты бір екі ұшқалар жерлер болды енді, оны да өтіп кеттім. Жарты сағаттай жүріп кұздың ең шетіне де жеттім ау, ИИЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЗЬ көрініс керемет, биік, теңіз толқып жатыр, самал жел, жан жағымда ешкім жоқ, біраз отырдым теңізге қарап.


Біраз болғанда сұмдық болды дәл осы жерде, бір он минуттай отырғанымша болмап еді, тоноооооооу жақтан екі орыс жетіп келді. Охрана ма дейм. Қолдарында бір бір ходдогтары бар.
— Бұл жерге отыруға болмады, кет кет. деген мағынада қауқылдап бірдеңе айтып жатыр
— ептілер, отыруға болмайдысы нес, екі сағат жүріп келдім ғо осы жерге, отырайын да кішкене, сатып алған жерлерің ба деген мағынада бірдеңе айтқым келді да, жәй ғана «неге?» деп сұрақ қоя салдым.
— Бұл жер жекешелерген, біреудің жері дегендей бірдеңе айтты.

Барлық кәйпті бұзып жіберді ((( Жарайды, енді кейін қалай барам, манағы өткен жермен қайта өтпейм деген мағынада бірдеңе айттым. Жоғарыға шығарып, бір забордың есігін ашып өткізіп жіберді. Үш жүз метрдей жүріп, жолға шығып алдым. Ауа райы әлі де керемет еді, үйге жәяу келдім.

Ияяяя жекешеленген дейді, енді баруға болмайма сонда ол жаққа? (((

Қосымша: Каспийге қатысты суреттермен жазбалар массагетте мына жерде және мына жерде :)
Суреттерім инстаграмда

21 пікір

Abylai
Видео көрініп тұр ма?
Ak123
көрініп тұр
followme_alik
Дэн Османның ерлігін қайталайсың деп үміттеніп ем
Abylai
Студент кезімде, осы жартастан өрмелеп төмен түскен едім, одан артық экстрим тек ауылда тауға мініп түскенде ғана болған шығар.
Эхь, ауылымды сағындым (((
followme_alik
«Каспи(й)дің ар жағынан келге-е-е-ен Або-о-он» ©
ААААААаааааа, теңіздің самал жел соққан жағалауларын _сағындым) Жартас жартасымен, жекешеленген жер иелеріне зығырдан қайнайды-ақ) Езуге күлкі сыйлай білесің, бро_ алуладым :)
MSHERIMBEK
Лібәәә, Ақтауға кетем бір күні.
Былай сенің жағдайың Шығысқа сапар деген будда монахының желісіне ұқсап кетті :)
Abylai
аха аздап келед ))))))
VVVWWW
Немесе Амундсен мен Скоттың саяхатына
korwinin_kyzy
18-ші суретте Челахпа деп ойлап қалдым!
AKA
Уууу, видео сұмдық екен. Ұнады, кәдімгідей ұнады! Видеодағы көрініске қарап, сапарыңның олжалы болғаны көрінді. Жетінші суретте судың түсі әдДемі!
Coolniyazov
узын создин кыскасы кола ишпендер адасып кетесиндер ахахахахах))))
aseleka
Нурсик мактасайшы группаласынды осындай жазбалар жазып журген))))))
mairosh
ужс анау тордан өттің ба? үйстіп жүріп бір нәрсеге ұрынып қалмаш
Былайынша сурет видео керемет шыққан:) Ұнады.
qyrmyzy
Күштіііі. Видеоға тоймай қалдым) Айтам ғой, демалу білмейсіңдер… Анадай биіктіктен+анадай жерден қорқпай қалай тұрсың?
Көкпеңбек прям. КучТ демалып, ми тынығып қалатын шығарсыңдар…
Korkem
Видеоңа базар жоқ. Қазақстанның кез-келген қаласына баруға мүмкіндік туса ең алдымен Ақтауға, Каспийге тартам!
qyrmyzy
Мынау деген алға жылжу ғой :))) Шымкенттен аттап шыққың келмейтін…
Korkem
оох, көзім жарқ етті ғой. Тірімісің өзі?
qyrmyzy
Аид патшалығында интернет жоқ-ау… Соған қарағанда тірімін )
Gau
Жақсы қыдырыс бопты…
Madi
Жалғыз қыдырдың ба не? Біреуді ертіп алмадың ба?
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.