Гитлердің сурет туындылары

ФотоСурет әлемі /
10 фото
Адольф жас кезінен суретші болуды армандапты. Жай ғана суретші емес, танымал суретші болуды. Сол мақсатының жолында 1907 жылы жас Гитлер Вена қаласындағы суретшілер академиясына оқуға түсуге келеді. Оқуға түсуге тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттерінен кейін, ол жарнамалық хабарландырулар және пошталық карталар сызумен күн көре бастайды. Бұл топтамада Гитлердің сәтті шыққан эскиздерін көре аласыңдар. Онда ғимараттар, натюрморт пен пейзаж, сондай-ақ жалаңаш натуралар бар. Айта кететіні, Гитлер академияға екінші рет емтихан тапсырып жатқанда, академияға түсу түгілі үшінші рет емтихан тапсыру мүмкіндігінен де айырылған екен.

Кім білсін, егер ол әсемдікке құштар суретші болып кеткенде, мүмкін тарих өзінің парағын басқаша мазмұндаған да болатын еді. Бір анығы, әлемді жаулап алу туралы жегі құрт оның басында бұл кезде кішкене басқаша қалыпта өрбіген сияқты көрінді.

10 сурет

13 пікір

AiEcPi
Өте әдемі суреттер екен, ал кейбіреулерін алып тастасаң ше?!!! Бұл сайтта қыздар да бар, оларға ыңғайсыз болатын болар!!!
e_zhalgas
алып тастамаймын, ыңғайсыз болса, айналып өтсін :)
AiEcPi
Жарайды, болды, өзің біл!!!
Arhun
Егер Гитеке суретші болып қалғанда, кім біледі, мүмкін әлемге болмаса да, еліне танымалы суретші болар еді…
Jako
Әттең-ай, бір тамаша суретшіні саясат жұтқан екен.Бірінші рет естіп отырмын, бұл адамның сурет салғанын.
e_zhalgas
саясат жұтқан болса мейлі ғой, бұл өзі саясатпен жұтылып қана қоймай, 60 млн адамның басын жұтқан :) уақақа
MSHERIMBEK
Әйел жылуын сезіне алмай кеткен деуші еді бұл жарықтықты:)
e_zhalgas
соңғы суретіне қарасаң, мына ойыңа күмәнденіп те қалады екенсің. сосын, ол өзіне қол жұмсағанда алдында әйелі болмап па еді? :)
MSHERIMBEK
Иәә, саған мұрт жарасады:)))
Azamat
Гитлер сурет салады деп кім ойлаған!
mairosh
соны айтам… қатардағы жауынгерден көтерілді дегенді естуші едім, суретшілік өнерін мен де алғаш білуім…
akil_kalta01
Мен бойы кешкентай адамдардан бәрін күтем, яғни Гитекеңде соның ішінде. Ол кісіні мықты журналист екен десе де сенер едім.
marghan_84
қызықты +1 менен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.