Бір штук қызғалдақ

ФотоСурет әлемі /
Эээээхь студенттік өмір ай, біз баяғыда студент кезімізде қандай едік.
Деп айтып жатқанын жиі еститін едім оқу бітіріп кеткендерден. Сол есте қалған болуы керек, студент болғалы бері, ертең оқу бітіргенде мен нені еске аламын екен деп ойлайтынмын.

Ощм не керек, жәй ғана сырттай оқитын студенттер емес, нағыз студенттердің студенттері еді бұл топтың студенттері :) Оқуға кел десең келеді, далаға шығайық десең шығады, ішсең ішеді, шексең шегеді… xD Қайт жоқ Өңкей алқаштар епті. Қаңғудан алдына жан салмайтын топпыз.
Биыл міне диплом алатын жылымыз. Зуылдап үш жыл да өте шығыпты, тобымыз осы үш жылдың ішінде бар жоғы алты рет сессия кезінде жиналса да, университеттегі кездерімнің естеліктері ерекше болмақ. Бірінші сессияға келген бойда артынан осы кезді сағынатын боласыңдар, мұның бәрі артынан естелік болып қалады деп тынбастан қайталап, сессия кезіндегі әр күнімізді қызықты, жарқын өткізуге барымызды салдық. Ээээээхь тобым ай, сағынам ғо артынан сендерді, осы кездерді.

Естелік демекші, осы топтың жоспарсыз қаңғитын әдеттегі бір күнінің фото есебін жазып кетпекшімін. Ешкімге қызық болмаса да, артынан осы жазбаны өзім оқып, бір еске түсіріп алармын.

Кешегі қуған күн.
Кеше үйден түсқайта бірлерде шығып кеттім. Таңертеңнен бері WhatsApp жарылып жатыр, қайдасыңдар шығыңдар деп. Космоста Нұрсұлтан мен Асел күтіп отырмыз дегесін сол жаққа бардым. Үшеуміз жергілікті емеспіз, Екеуіміз Ақтаудан, біреуі Атыраудан. Сондықтан бір жерге шығатын болсақ ең бірінші үшейміз жиналып аламыз.
Қайда барамыз? Қайда? Жүр Мегаға, өй ғойш алыс, Гүлсезім сол жақта жүрміз дейді. Қалғандары қайда. Қазір келеді, кім кім, Гүлназ келу кере. Дастан, Медет, Ержан? Кешке хабарласамыз деді. Салават ше? Шаруаларыммен жүрмін дейді. Өөөөй жүр онда мегаға. Сөйтіп үшеуміз жәяу Мегаға тарттық. Президенттік паркінде «бірлік пен ынтымақтастық» күніне арнайы болып жатқан концерт те біз барғанда бітуге таяп қалыпты.
Орта жолдан туды түсіріп алдым суретке.

Мегада жиналып, су суан, хот дог жеп алып паркке шықтық.

Жиналып, не істерімізді білмей паркте отырдық.




Өйстіп біржарым сағат жүрдік. Нестейміз? Білмейм, кім бар басқа шығатын? Ержан бос па екен? Машинамен шықсын деш, соқшы. Қазір.
Ержан келе жатырмын дейді. Оооо

Ержан келе сала бәріміз опыр топыр машинасына мініп алдық, Океан жақта самса сататын жерге барайық деді біреу. Давай давай, маған екеу, маған біреу, маған да. Мороженое жейік? Давай, ала сал оны да. Машинада отырып самсамыз мен балмұздағымызды жеп алдық.


Сағат әлі бес болмапты, енді? Енді? Білмейм, енді? Білмейм. Қайда барамыз? Маған бәрібір. Енжан қайда апарасың? :) Қала сыртына шығайық. Давай қызғалдақ теріп келейік. Қазір бар ма екен қызғалдартар, қой ұшып кеткен шығар. Сонда да барып қарап көрейік, не бітіреміз бәсеуір. Давай давай.
Нурсикті былай шығарып алып, давай бензин алып берейік ұят болар. Менде дым тиын қалған жоқ. Менде де xD менде екі жүз теңге бар, менде де қазір екі жүз теңге шығып қалар. Қыздар да екіжүзден шығарсын :) Ощм сегіз жүз жиналды, мә Ержан бензин құйып ал xD
Кеттік қала сыртына уууууууу.
Мынау біздің море. Мынау ма? Мынау балота ғо, мынау көлшік, фууу исі жамааан. Море деп моренің беделін түсірмеңдер олай )) Еее әңгіме айтпаңдар, ол біздің море, мынау водохранилище ғо )))
Қайс қызғалдақ? Алдында келгенде толып тұр еді мына жердің бәрінде, ұшып кетіпті гүлдері. Қой бар шығар іздейік, тоноооу жаққа барайық. Әне қызғалдақ!!! Жоқ ол қызыл пакет қо )) Әне әне, жоқ ол да мусор, мінеее, жооқ ол емес. Іздейік енді.
Кел суретке түсейікші, мені түсір менііі


Сонымен қызғалдақ жоқ па? Табамыз қазір. Ооооооо мынаны қарааа. Неол неол, қызғалдақ па? Жоооқ кучкууунтай әдемі жұлдызқұрт. Ииии тасташ, жоқ нанғараш әп әдемі. Аааа фууу тастааа. Ұстамаа фууу. Не фу не фу, әп әдемі ғо. Суретке түсіріп алам.

Қооой дым қызғалдақ жоқ, бәрі ұшып кеткен. Іздеңдер іздеңдер ептілер!

Анаааааааау қырдың артында бар шығар, сол жаққа барайық. Ой мында да жоқ, дым жоқ, Анаууу жақта ше? Ол жақта мола бар. Табайық.
Іздеп бір сағат жүрдік, ақыры таппағасын кері кетіп бара жатыр едік, Нурсик бірдеме көріп қалды. ҚЫЗҒАЛДАҚ!!! ҚАЙС, ӘНЕЕ. Оооо ҚЫЗҒАЛДААААҚ! Машинатан қалай атып шыққанымызды білмей қалдық, миии әдемі. Бір штук. Әкел суретке түсіріп алайық. И жұлма жұлма, өсе берсін. Қойш сірә қурап қалады ғо.

Кеттік енді қалаға. Әлі ерте ғо, үйге барғым келіп отырған жоқ, мен де, мен де, мен де. Енді қайда барамыз? Давай гора любвиге барайық? Абылай неге үндемейсің? Ержаннан ұялып отырмын, манағы біз құйған бензиннің құнын давно ақтадық қо. Ержан? Барсақ барайық, әңгіме жоқ қо. Маған да бәрібір, жүр кеттік.
Сөйтіп Қаланың арғы шетінен, бергі шетіндегі Махаббат тауына да келіп жеттік. Негізі дейм да, мына төмпешікті гора деуге келмес.))) Еее әңгіме айтпаңдар!


Мені түсірш, мені түсірш :)))






Қооой қайттық үйге, ия қайтайық қайтайық. Сағат неше? Сегіз, мені үй жақтан түсіріп кете ғо. Светафордан түсіп қалшейш, давай давай әңгіме жоқ.
Үйге келіп жуынып алып, шәй ішіп отырсап WhatsApp тағы жарылып жатыр.

Шәйімді ішер ішпестен үйден атып шықтым, жолдан Әселге соғып, ары қарата Бауырсақ балаға бардық, сол жерде Нұрсұлтан мен Ержан отыр екен. Салават пен Дамир де көп ұзамай келді. Гүлдана мен Ару қайда? Келе жатыр, міне келді ғо. Гүлназды алып кетейік үй жағынан, Дастан қайда? Дастан келе жатыр. Кім бар тағы? Келеді ғо қазір. Қайда бармыз? Футбол көретін жерге барайық. Аренада контрамарка екі мың дейді. Мәә екімың жоқ менде, жүр онда боулингтің залына, сол жерде футбол көрсетеді. Жүр жүр. Не дид? Футбол көрсетпейміз дейді, өөөй, Кемерге ше? Жүр жүр. Не дид? Футбол көрсетеді, бірақ музика бақырып тұр. Таксим? Футбол көрсетпейді. Жүр онда Аренаға бара берейік. Ол жер уже забитый. Енді? Енді нестиміз? Жүр тайқазанға барып отыра берейік. Маған бәрібір.
Тайқазан!




ГООООООООООЛ!
ГОООООООООЛ!
МУАААХАХАХАХАХА ГОООООООООООЛ!
Сағат неше? Үштен кетті, қооой қозғалайық, сен қайда мен былай, Гүлдананы шығарып саласың ғо, ия ия.
Сен қадай, мен былай, дауай онда аман бол. Сен ші Мен мына жаққа, Гүлназды алып кет. Сен? Мен балдармен кетем, дауай дауай, Нурсик сен қайда? Шанхайға бару керек, өөөй нестейсің алыс қо, біздің үйге қона сал, жүр Ару үшеуміз былай жүре берейік.
Иии қала беріңдер өзім барам ғо, қой жынды ма, түннің іші, жүр апарып тастаймыз. Осы жер жарайд. Қоой апарып тастаймыз ғо.
Мені мына жерге суретке түсірші


Сағат таңғы төрт, үйге де жеттік ау.

Қалған суреттер инстаграмда

51 пікір

Abylai
Алтысында аттестация тесті, дайындалайық посондар дайындалайық муаахахаха :)
Korkem
бұл жолғы «есебің» ерекше екен)
Delfina
Керемет! Группанның жақсы болғаны жақсы. Сырттай оқитындар негізі көп жинала бермейдіғой. Сендер жақсы екенсіңдер))
Ақтөбеде қыдырып қыдырып алып тіптен мақтамапсынғо))
Korkem
кімді сөз қылсаң сол келеді деуші еді, рас екен. Сұмдық өсектеватыр ек)))
Delfina
Көркемка құлағым шыңылдап жатқанда сен есіме түспепсін, келесіде сені бірінші айтатын боламын))))
Abylai
Ия бұл сырттай бөлімінде оқитын топ стереотиптерді сындырған топ еді, сабаққа кем дегенде отыз студент қатысамыз. Мұғалімдердің бәрі таң қалады, басқа сырттай оқитын топтар бес алтауы келеді, сендер шұбырып жүресіңдер деп.
Ақтөбе, эээхь ғашықпын ғо Ақтөбеге
MSHERIMBEK
Иооо, реалдағы өмір ат иә :) Жақсы қыдырыпсыңдар на :)
ZevsKO
«бәсеур»
Қаттым мына сөзге. Көп болды естімегелі
Delfina
Осы «бәсеуір» деген сөздің мағынасын түсіндіріп беріңдерші. Үйде қызым солай айтады мен оған қазақта бұндай сөз жоқ деп жүрсем))))
Abylai
Бәсеуір ))) Бұл сөздің диалект екенін білмеппін. Бәрібір деген мағынада қолданылады.
saryqazaq
Ақтөбе екен ғой.
«Енді қайда барамыз? Давай гора любвиге барайық? Абылай неге үндемейсің? Ержаннан ұялып отырмын, манағы біз құйған бензиннің құнын давно ақтадық қо» жыртылдым :)
«Махаббат тауындағы» «Жаппас» жазуы көзге оттай басылды
Abylai
Қап, Жаппас екеніңді ұмытып кетіппін ғо, жақыннан түсіретін едім суретке :)
Coolniyazov
менде бар ЖАППАС де жазылган фото))) уйге баргасын осы жерге салып жиберермин, озим Байулы-Таз-Жаппаспын)))
Abylai
туысқандарыңды тауып алдың ба? :)
Coolniyazov
байкасан мен руга ман бермеймингооооо
Соңғы өңделген уақыты:
Abylai
байқамадым
pari
гулянкаларың керім
Иәәәәәәәәәәәәәәәәәәә… КеРеМеТ. Шынымен гора дегенге келмес, төмпешікке ұқсайды екен.
qyrmyzy
Қартайғаныңда оқып, көзіңнің жасын сығып алатын пост екен :)
didi0393
кучт екен! кангу дегенге жетсин группамен!
расында да 1 штук кызгалдак па? ол кызгалдак Абылайдын келетинин кутип тургандай екен)))
керемет! керемет пост!
naimankyzi
Штук деген орыс сөзінің қазақшасы ДАНА.Сөздікті ашып қарасаңызда осылай айтады. Қазақ болайықшы. Қазақша баламасы бар сөздерді қазақша білмейтін болсаңыз іздеу қиын емес қой.
Korkem
дұрыс айтады!
Abylai
Бір дана қызғалдақ :)
Jako
Әй, пәтуасыз ұрпақ-ай!..
Abylai
нағыз пәтуалы біздің топ
Jako
Ренжіп қалма Абылай, сенен салмақтырақ нәрсе үміт еткенімнен ғой…
Abylai
Студентпіз, оның үстіне сырттай оқимыз, жылына бір рет жиналамыз. «пәтуалы» ұрпақтың эталоны сіз бола қойыңыз, кейін айтып жүретіп боламыз, біздің аталарымыз студент кезінде сондай пәтуалы болып еді деп
VVVWWW
Сұрақтар:
1.Бұл қай қала (Ақтөбе ме?)
2.Қай мачты қарадыңдар (Футболды айтам)
3.Махаббат тауы қай жерде? (Я тож хочу)
Abylai
Ия Ақтөбе, Бавария — Барселона
«Тау» да Ақтөбеде
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Кімге бұйырды ол?
VVVWWW
А, ия үйіңізде тұз бар ма еді, аздап дәмін татып көріңіз
qyrmyzy
Тұз да әсер етпейтін болғалы қашан…
Abylai
Екі қыз таласып жатыр еді мен алам деп, білмеймін ары қарата не болғанын :)
Coolniyazov
ол менин ажеме буйырды)))) еки кыз оз шаруасымен жургенде машинага тастап кетипти… Ержан кызым жок деп маган керек емес дегесин мен аплып кеттим))))
Abylai
Менің қызым Алматыда, бірақ әжем бар деп сен алып кеттің ба? )))
Coolniyazov
менин де суйгенимде Атыда))))))
Abylai
(:
Соңғы өңделген уақыты:
mairosh
Жабықтағы суреттерді еске түсірдің:)
Coolniyazov
Мен озим осы жолы бир емес уш торт чемодан воспоминания алып келдим! кун сайын бир нар*, кун ара кыздардын пловы, беш, мантыыыыыыларын жеп, кунде кыдыру!!! тестти оте жаксы тапсырып сессияны бир кунде Абылай екеумиз жауып кайттык)))
Korkem
Біздің Абон сіз құсап екі-үштөртбес сөзге сыйғызып жаза алмайды
Coolniyazov
менде жазар едим, просто уакыт жок(((( а былай карасак осы сонгы сессиядан 734 фото жиналып калыпты бул тек менин тусиргеним)))
Abylai
сен көп мәтін керек емес дегесін оңдырмай қысқартып тастадым мына жазбаны, бұдан да көп еді )))
Соңғы өңделген уақыты:
Korkem
прям бітіріп тастадыңыз ғҰәә
qyrmyzy
))) тиіспесеңші балаға .))))
aseleka
мендеги естеликтер сендердеги естеликтер сиякты коп болмас, дегенменде биз топ ен керемет топ!!! Мен сендермен танысканыма, коп уакыт болмаса да сендермен бирге журип, бирге кыдырганыма оте бакыттымын!!! Достыгымыз ешкашан узилмес деп умиттенем!!! Сенен жан тебирентер жауап кутпеймин арине, сен нагыз приколист жигитсин гой арамыздагы))))) Р.S. Coolniyazov мырзага айтып жатырмын)))
маган унады
Kan
Ерікен балалар. Оданда пайдалы бірдеңеме айналыспайсыңдар ма? «ағама жеңгем сай» демекші. Ерігіп пос жазып 50 пікір жаздырған мықты екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.