Қорғаныс фильтрі

ФотоСурет әлемі /
ФотоСурет әлемі: быт-шыт болған линзаФотоаппаратың «көзі» саналатын объективіңіз жоғарыдағы суреттегідей болмас үшін қорғаныс фильтрін пайдаланыңыз.
Қорғаныс фильтрі объектив линзасын шаң-тозаң, су тамшылар, саусақ ізі, топырақ, механикалық зақымдалу сияқты нәрселерден қорғайды.
Сізге қандай фильтр керектігін объективіңіздің 1 ғана параметрі арқылы анықтайсыз. Ол – объектив диаметрі. Олар объективтің бетінде міндетті түрде жазылады: Ф57mm, Ф67mm, Ф77mm, т.б.
Фильтрдің 3 түрі бар: ультрафиолетті (таңбалануы — UV), скайлайт/skylight (SKY), и нейтральді (N).
Ең кең таралғаны ультрафиолетті фильтрлер. Алғашында ол пленкалы фотоаппараттарды біздің көзімізге көрінбейтін ультрафиолет жарықтарынан қорғау үшін қолданған. Яғни суреттің айқын болуына септігін тигізген. Ал қазіргі сандық аппараттарға ультрафиолеттерден ешқандай қауіп жоқ, сондықтан да UV-фильтр тек қорғаныс ретінде қолданылады.
Бірақ UV-фильтрлер суреттің сапасын кеміту мүмкін. Сондықтан да оның да сапалысын алу керек, яғни арзанға жүгіріп керек емес. Фильтрдің бағасы шамамен 2000 теңгеден басталады. Фотографтардың айтуы бойынша қазіргі нарықта Hoya, Cokin және LEE маркалары сапалы екен. Менің қолымдағы аппаратта төмендегі фильтр тұр (тек диаметрі 67мм).
ФотоСурет әлемі: kenike фильтрі
Қолыңызда фотоаппарттың линзасына қарап ойланыңыз немесе фотоаппарат алғалы жүрсеңіз есте болсын: зақымдалған жағдайда қорғаныс фильтрін ауыстырған тиімді ме, объектив ауыстырған тиімді ме?..

3 пікір

yesbolat83
Жаңа бастаған фотографтарға, сондай-ақ, әуесқойлар үшін де жақсы кеңес екен.
Korkem
Пытапарат алғанда оқып шығам, әзірге оқығаныммен түк пайда жоқ)
saryqazaq
Пытапаратпен бірге алу үшін бір оқып алғаныңыз да дұрыс
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.