DIGIC деген не?

ФотоСурет әлемі /

Canon EOS 650d мен 60d-ны салыстырып қарау кезінде DIGIC-терінде айырмашылық бар екенін байқадым: біреуінде DIGIC 4, келесісінде DIGIC 5. Бірақ оның айырмашылығы түгіл оның не екенін білмедім.

DIGIC (немесе DiG!C) — Canon компаниясының сандық фототехникаларында қолданылатын арнайы интегралдық сұлба яғни процессор. Ол ағылшынның Digital Imaging Integrated Circuit сөзінен қысқартылған, қазақшаласақ: сандық түсірілімге арналған интегралды микросұлба.

Ең алғаш DIGIC Canon A520, Canon S1IS фотоаппараттарында қолданылған. Одан соң:
DIGIC II 2004 жылы Canon EOS-1D Mark II арқылы шықты. Ол алдыңғы аппараттарға қарағанда тез қосылды және автофокустың да жылдамдығы арты. Және DDR SDRAM жады пайда болды.
DIGIC III 2006 жылы шықты. Ол Canon PowerShot G7 и G9, SD750, SD800, SD850, SD900, A560, A1000 IS, т.б. фотоаппартарда қолданылады. Және де танымал Canon EOS-1D Mark III те DIGIC III процессорын пайдаланады.
DIGIC 4 2008 жылы Canon EOS 50D фотокамерасымен бірге шықты. Келесі маркаларда қолданылады:
Canon Digital IXUS 95 IS,Digital IXUS 990 IS;
Canon EOS 5D Mark II;
Canon EOS 7D, 50D, 60D, 500D, 550D, 600D, 1100D;
Canon PowerShot A1100 IS, A2100, D10,G10, G12;
Canon PowerShot SX1 IS, SX230 HS.
DIGIC 5 алғаш рет PowerShot SX40 HS аппаратымен шықты. Ол DIGIC 4-тен алты есе жылдам. DIGIC 5 Canon PowerShot G1 X, PowerShot SX260 HS қолданылады, ал EOS сериясында тек 650D-де ғана бар. Оның күшейтілген DIGIC 5+ деген түрі Canon EOS 5D Mark III және Canon EOS 6D-да қондырылған.

Ал енді осы жылы шыққан DIGIC 6 туралы айтып кетейік. Ол алғаш рет PowerShot SX280 HS және PowerShot SX270 HS аппараттарында орналастырылған. Алда оны зеркалды аппараттарға енгізілгендерін күтеміз.

Кейбір фотографтар процессордың жаңа түрлерінің шығуын маркетологтардың жұмысы, сапаға айтарлықтай қатысы жоқ десе, басқалары оның фотоаппараттың қосу-сөндіру, түсіру жылдамдығын едәуір арттыратынын айтады. Фотоаппарат алып жатсаңыз, бұған да бір қарап қоярсыз)))

1 пікір

MSHERIMBEK
өте пайдалы ақпарат екен. есте жүрсін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.