Фотоаулау

ФотоСурет әлемі /
Аптадан аса уақыт бұрын erke_ky3 соқты: «осындай да осындай фотоаулау болады екен, қатысасың ба?». Бізде өткәз жоқ, суретке түсір дегесін анық-қанығын білмей жатып келісе кеттік. Сөйтсе, КерекИнфо еркін блог жүйесінің атынан erke_ky3 , Батыр үшеуміз қатысады екенбіз.
Бұл не шайқас, не аулау деп отырған шығарсыздар?
Samsung Galaxy Camera ұйымдастырып жатқан жобаға 5 блог-тұғырдан 5 команда қатысып жатыр. Олар: Kerekinfo.kz, Massaget.kz, Yvision.kz Horde.me, және Gonzo.kz. Алғашқы жиын дүйсенбі күні болды. Қолымызға бір Samsung Galaxy Camera фотоаппаратын беріп қойды. Барлық суретті осы аппарат арқылы түсіру керек. Келесі күні сағат 9:00-де алғашқы тапсырма келді. Жасырылған жұмбақты шешіп, суретке түсіріп, кешкі сағат 21:00-21:30 аралығында Вконтакте желісіне салу керек болды. Алғашқы таспырманы оңай шешіп, ұятсыз әйелді суретке түсіріп алып жарияладық:
Келесі күні мына тапсырма келді. бірақ біз қате тауып мына суретті салып жібердік:

Бірақ бұған қатты қинала қойған жоқпыз. Өйткені көбі қате тапты және тапсырма да түсініксіздеу болды.
Одан кейінгісі қызық болды, Сүйінбай көшесінде орналасқан өрмекшіні іздеп біраз сабылып барып әрің таптық:
Өрмекшіден кейін бейсенбі күні кешкі сағат 21:00-де түнгі тапсырма келді, яғни түнгі түсірілім жасау керек. 1937 жылы шыққан темір атты тауып жұма күні таңертең жариялап тастадық да келесі ең соңғы тапсырмамызды алдық:
Бұл жолы қалған 4 команда жауабын тапқанда біз оңбай қателестік: . Келген тапсмырмадағы jpg форматын zip форматына ауыстыру керек екен негізі, сол кезде тапсырма түсініктірек болады.
Енді дүйсенбі күні жобаның жауабы шығады. Жалпы қызық болды. Тек ұйымдастырушылардың орыстілді болғандары болмаса, өйткені орысша жұмбақтарды шешуде қиындықтар көп болды. Осындай байқаулар қазақтілді блог-тұғырлардың арасында болса, қандай ақсы болар еді.
Осы уақыт аралағындағы басқа да түсірген суреттерімізді тамашалай отырыңыздар:






Егер бізді қолдасаңыздар вк-да лайық басып пікір қалдырыңыздар

10 пікір

zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы апта бойы бақылап отырды баттлды. Керемет болды. Сәттілік!
zhurttyn_balasy
Лайк! Лайк! Лайк! © дегенді үйреніп алдым :)
Korkem
Иә, мен екі қазақ тілді сайтына бірде дауыс беріп жүрмін. Массагет нмесе КерекИнфо ұтса да абырой болар еді))) Сәттілік тілеймін! Нәтижесі шыққан соң да жаза кетіңіз))
nurbanu_KAMAL
Сәттілік! Суреттер жақсы түсірілген
yesbolat83
Сәттілік! Сәттілік! Сәттілік!
yesbolat83
Соңынан санағандағы 1-ші және 2-ші суреттер қалай түсірілген (қандай тәсілмен)?
saryqazaq
Фотоаппараттағы «Дорожки света» деген режим. Яғни мануалда бұл выдержка режимі, түсіру уақытын өзіміз беру арқылы осындай сурет түсіруге болады. Мысалы жоғарыдағы суреттер 2-3 секундта түсірілген. Бұл үшін міндетті түрде штатив керек
yesbolat83
Күшті. Қолжетімді фотоаппараттарда ондай функциялар бар екенін білмеппін.
Dan4ik
гүл ғой суреттер, Сәттілііік!!!
Kan
Мен бір орысша сайыттың суреттеріне дауыс беріп жүрмін. Сендергеде дауыс бере алам ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.