27 қыркүйекте өткен «Талдықорған қаласы күні» мерекесі аясына орай фоторепортажым

ФотоСурет әлемі /
ФотоСурет әлемі: 1

ФотоСурет әлемі: 2

ФотоСурет әлемі: 3

ФотоСурет әлемі: 4

ФотоСурет әлемі: 5

ФотоСурет әлемі: 6

ФотоСурет әлемі: 7

ФотоСурет әлемі: 7

ФотоСурет әлемі: 8

ФотоСурет әлемі: 9

ФотоСурет әлемі: 10

ФотоСурет әлемі: 11

ФотоСурет әлемі: 12

ФотоСурет әлемі: 13

ФотоСурет әлемі: 14

ФотоСурет әлемі: 15

ФотоСурет әлемі: 16

ФотоСурет әлемі: 17

ФотоСурет әлемі: 18

ФотоСурет әлемі: 19

ФотоСурет әлемі: 20

ФотоСурет әлемі: 21

ФотоСурет әлемі: 22

ФотоСурет әлемі: 23

ФотоСурет әлемі: 24

ФотоСурет әлемі: 25

ФотоСурет әлемі: 26

ФотоСурет әлемі: 27

ФотоСурет әлемі: 28

ФотоСурет әлемі: 29

ФотоСурет әлемі: 30

ФотоСурет әлемі: 31

ФотоСурет әлемі: 32

ФотоСурет әлемі: 33

ФотоСурет әлемі: 34

ФотоСурет әлемі: 35

ФотоСурет әлемі: 36

ФотоСурет әлемі: 37

ФотоСурет әлемі: 38

ФотоСурет әлемі: 39

ФотоСурет әлемі: 40

ФотоСурет әлемі: 42

"Қазақ «Тойдың боларынан боладысы қызық», – деп бекер айтпаса керек.
Қыркүйек айының басында Талдықорған қаласының әкімі Ермек АЛПЫСОВ БАҚ өкілдерінің басын қосып, биыл Қала күні жаңа форматта, бір ай бойы өтетіндігін мәлімдегені белгілі. Мерекеге орайластырылған алғашқы шара қыркүйектің алтысы күні Өтенай ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Талдықорған әуені» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің Талдықорған әскери горнизоны сарбаздарына арналған концертінен бастау алып, содан бері жалпы саны 35 шара ұйымдастырылды. Қоңыр күзге рең беріп, қала тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлаған мереке қорытындысы облыс орталығында дүбірлеп өтті. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосатын облыс орталығына тек қана талдықорғандықтар ғана емес, Жетісудың өзге аудан, қалалары мен еліміздің өзге облыстарынан келген меймандар бас қосты.
Мереке облыс әкімінің орынбасарлары Тынышбай ДОСЫМБЕКОВ, Серікжан БЕСКЕМПІРОВ, облыстық мәслихат хатшысы Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ және шаһар басшысы Ермек АЛПЫСОВ бастаған қаланың Құрметті азаматтары мен ардагерлердің «Даңқ обелискісіне» гүл шоқтарын қоюдан басталды. Отан үшін жанын қиғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсеткен облысымыздың атқа мінер азаматтары бүгінгі бейбіт күннің шуағы майданда оқ пен оттың арасында жүріп, ел мен жерді қорғаған батырлардың маңдайтері, ерлігінің арқасы екендігін атап өтіп, жастарға патриоттық тәлім берді. Бұдан кейін меймандар Абай көшесінде орын тепкен Талдықорған әскери гарнизоны техникаларының көрмесін тамашалады. Ел экономикасының дамуы қорғаныс саласының тамырына қан жүгіртіп, шекара шебінде орналасқан облысымызды қорғаушылар заманауи техникалармен жабдықталғандығын қала тұрғындары мен қонақтары әдетте сырт көзден таса тұратын БТР, БМП, гаубица және Әуе қорғаныс құралдарын көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік алды. Бұл әсіресе шаһардың жастарына қайталанбас мүмкіндік туғызып, балғын балалар бір сәт өздерін сарбаз сезініп, әскери өмірдің қызығына кенелді. Содан болар мұндағы жұрттың қарасы көбейіп, техникаға отырғысы келгендер кезекке тұруға асықты.
Орталық алаңның шығыс қақпасында мемлекеттік саясаттың жарқын жемісі ұлтаралық татулық пен ынтымақтастықты дәріптейтін этномәдени бірлестіктердің қолөнер және аспаздық көрмесі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков бастаған меймандар шағын этноауылда ұйғырдың хошанынан ауыз тиіп, шешеннің «лезгинкасы» мен корей халқының ұлттық биін тамашалады. Бір сөзбен айтқанда көрме жұмысы еліміздегі әр ұлт өз мәдениетін, тілін һәм дінін сақтауға мүмкіндік алып, оларға конституцияға сай тең мүмкіндік берілгендігін айшықтады. Ал, алаң орталығы бейнебір балалар әлеміне айналып, мұнда былдырлаған тәтті тілді бүлдіршіндер «Әнші балапан» байқауында бақ сынап, ересектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Қошақаным қайда екен?», «Айгөлек», «Ақ мамам» және «Мектебім» әнін шырқаған байқауға қатысушы балалардың өнеріне қарап, алдыңғы буын әншілердің орнын басар дарынды өрендер өсіп келе жатқандығына көз жеткіздік. Талдықорғанның тағы бір ерекшелігі өзге облыс орталықтарымен салыстырғанда мұнда балалар көркемсурет мектебі мен жас техниктер үйірмесі жұмысын тоқтатқан емес. Сондықтан болар, жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығымен танысқан қала тұрғындары әр суреттің өзіндік ерекшелігін атап өтіп, балалардың ой-өрісінің кеңдігіне таңырқай қараса, болашақты болжаған жас техниктер ғарыш станциялары, кеме және өзге де заманауи техникалардың моделін құрастырып, көрерменнің ықыласына бөленді. «Балалар әлемін» ұмытылмастай қылып еске сақтау үшін орталық алаңда ойыншықтар әлемі, суретке түсу галереясы ұйымдастырылып, фотосуретшілер үшін бар жағдай жасалды. Мерекеге орай жас қылқалам шеберлері өз туындыларын меймандарға естеліке сыйлады."
«Жетісу» 27.09.13ж

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.