Аққала соғу

ФотоСурет әлемі /
Бүгін апта күнінің демалыс болуына орай ауа-райы да тамаша болып тұр. Далада күн бұлыңғыр болғанымен +2 градус жылы, желсіз тымық, бір көктем күніндей жанға жайлылық бар. Аулада балам Бекасыл мен немерем Нұрасыл Аққала салумен әлектеніп жатыр екен. Ақ қар, сол қар астынағы кешегі жаз елесіндей болып көрініп тұрған жап-жасыл өскіндерді көріп шыдай алмай суретке басып-басып алдым. Сол суреттермен өздеріңмен бөліссем дедім. Сапасына алдын-ала кешірім сұраймын
1ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.
2ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.
3ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.
4ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.
5ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.
6ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.
7ФотоСурет әлемі: Аққала соғу.

17 пікір

beko
Уии)) күшті) Ал сіз солармен салыстыңыз ба аққала?
yesbolat83
Солай болар, Жако ағай кейде бала секілді боп кетеді ғо.)
Jako
Бала бола алсам ғой…
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
)))
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Балаларға көөөп аққала жасаңдар деп ауланы қардан тазартып алуға болады екен.) Есіме жақсы салдыңыз.)
Jako
Ха-ха-ха, иә болатын сияқты, бірақ ондай қар қайда?..
zhano_almuhambet
Аққала тұрғызу менің ең сүйікті ісімнің бірі. Жыл сайын көрші құрбым екеуміз үлкеееееен ақ адам саламыз ақ қардан. Ол өзгеше аққала. Сөйлей білетін аққала. Бірақ әзірге бір ғана сөз біледі… Тілі енді шығуда)))) Аққаланың қолына бір қағазды қыстырып қоямыз. «ШБИ мен сені сүйем» деген жазуы бар бір жапырақ қағаз. Басқа сөз білмейд әзірге. Сосын ол аққаламыз өте сәнқой. Ия. Модница кәдімгі. Түрлі гороховый, гүлді немесе түрлі түсті көйлек кигенді жақсы көреді. Аяғына сәнді топылай кигізіп қоямыз. Бәрі де акварельді красканың арқасында))) Көөөөөөөөп аққала болса екен біздің аулада да… Мына суреттерді қарап көре алмай отырғаным))))
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Басқа сөздерді үйрене бергенде көктем келіп қалып еріп кететін шығар)))
Korkem
Алдымызда қыс)) талай аққала саларсыздар әлі)
Jako
Иә, Алла қаласа балалармен таласып, жағаласып көреміз ғой,ілесе алсақ…
Delfina
Керемет! Аққала соғатындай қар жауса күшті ғой сендер жақта. Бізде ешқандай қар жоқ әлі.
Бір жағынан қызық екен асты жасыл шөп...)))(
Delfina
Бізде бір уыс болатындай да қар жаумады, аққала жасаудан жарыс жасаңдар Айтаберліктер)
Jako
Делфуша, сағындық қой…
Delfina
Бізда сағындық Жездеке Айтаберді… ощым сайттарды)))
jam
Мен де кішкентай кезімде аққала салуды жақсы көруші едім…
Jako
jam, қазір ше?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.