Пуантилизм

ФотоСурет әлемі /
Пуантилизм – Францияда 1885 жылдары пайда болған сурет өнерінің неоимпрессионизм бағыты. Оның негізінде суретті әр түрлі бояуларды араластырмай нүктелеу арқылы салу жатыр. Бұл бағытта сурет салғандар Поль Синьяк, Анри Кросс, Люсьен Писсарро, Камиль Писсарро. Ал оның пайда болуына ықпал еткен Жорж Сёра. Оның осы бағытта салынған ең атақты еңбегі « Гранд-Жатт аралындағы жексенбілік күн» атты туындысы.



Қазіргі уақытта пуантилизм техникасын қолданатын суретшілердің бірі испандық Мигель Эндара (Miguel Endara). Оның ең атақты туындысы «Hero». Бұл оның өз әкесінің портреті. Оны салу үшін Мигель Эндара 210 сағат уақытын кетірген, шамамен алғанда 1 ай. Және осы сурет 3,2 млн. сия нүктесінен тұрады.





Мигель Эндараның басқа да туындылары





Ақпарат интернет желісінен алынған.

6 пікір

Korkem
мммммм жігітке жеті өнер де аз деген..))) тамаша туындылар +1
KILYZAMAN
Түйіп алдым түйіншегіме:
Оны салу үшін Мигель Эндара 210 сағат уақытын кетірген, шамамен алғанда 1 ай. Және осы сурет 3,2 млн. сия нүктесінен тұрады.
— өнер құдіретіне құзыреткен қиямет еңбек дерсің…
qyrmyzy
импрессионизм жайлы жазбаңды күтеміз
mairosh
мяяяя сурет жақсы көрем)))) керемет, ғажап,
mairosh
Осылай салып көру керек. Бос уақытта бәәәәәәәәәәрі үлгерем ғой. Ұнап жатр
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.