Өзге елдегі қазақы сурет

ФотоСурет әлемі /
ФотоСурет әлемі: Өзге елдегі қазақы сурет

Мен бұл суретті қай жерде кезіктіргенімді білесіздер ме?
Ресейдің Астрахань қаласында.

Орыс елінің осы бір көне қаласының қақ ортасында орналасқан Аркадий саябағында (парк Аркадия) қыдырып жүріп ұшырасқанымда көзіме оттай басылғаны.
Кімнің салғаны белгісіз. Серуентоғайдың қабырғасына салынған бұл туындыны жергілікті қандастарымыздың еңбегі болар деп топшыладым. Әшейінде, әр нәрсеге сыни көзбен қарайтын мен, бұл суреттен бұл жолы кәсіпқойлылық пен кемшіліктер көргім келмеді. Ең бастысы, туынды авторының жүрегінен шыққандығы мені қуантты.
Жайлау, қазақтың киіз үйлері, өрісте жайылған түліктері… Бәрі, бәрі оның өне бойынан жарып шыққан Атамекеніне деген сағынышы мен махаббатын қылқалам арқылы жеткізгісі келгендей.

P.S. Өзге елде өз жаныңа жақын дүниені кезіктіру енді, тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

3 пікір

Jako
Иә, сурет шынында тамаша екен, бірақ мені оданда бетер ризалыққа бөлейтіні Еске, сенің патриотығың, азаматтығың. Осы бір нәрсені қалт жібермей қағып алып жариялап отырғаныңа шексіз ризамын.Еліміз дегенде бәріміз осындай болсақ қой шіркін…
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Сіз айтқан дәрежеге жету қайдааа. Рахмет, сізге.
ai85
Ағасы сіз нағыз қазақтың азаматысыз, мына жазбаңызды бүгін оқып тұла бойым шымырлап, көзіме жас келді. Бұл жас әлсіздіктің жасы емес, туған жерге, туған ауылыма деген сағыныш жасы. Өйкені мен ауылдан шыққан қазақтың қарапайым ұлымын,қалада тұрсамда ауылым жүрегімде,үлкен үйім,құтты мекенім ауылым. Ауылым-алтын бесігім! Достар Атамекенімізден асқан жер жәннәті бар ма өзі?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.