F.lux-көзді экраннан қорғайтын бағдарлама!

IT information /

Қазіргі кезде компьютерді көп пайдаланамыз.Экранның көзге зиян екенін білсекте, компьютерсіз еш шаруамыз біткен емес.Оған арнайы көз жаттығулары да бар, бірақ оны көбіміз ерініп, жасай бермейміз.Сондықтан сіздерге F.lux бағдарламасы туралы айтқым келеді.
F.lux-бұл арнайы көзді экраннан қорғайтын бағдарлама.Яғни экран күн мезгіліне байланысты автоматты түрде өзгеріп отырады.Түсте экран жарық болып тұрса, кешке қарай бозара бастайды.
Мысалы мына суретте сары белгі түскі мезгілде тұрса, кешке қарай кеш мезгілінде тұрады.

Енді осы бағдарламаны Мына жерден жүктеулеріңізге болады.Бағдарламаның көлемі 1 мб тай болады.Алғаш орнатқаннан кейін көзіңіз үйренбеуі мүмкін, кейін үйреніп кетесіздер.
Бұл бағдарламаны өзімде қолданамын, пайдалы бағдарлама… Сіздерге де компьютерлеріңізге орнатуға кеңес беремін!!!

8 пікір

AiEcPi
Ия, рахмет, сен айтқан бойда осы бағдарламаны қолданайын деген шешімге келдім, +1!!!
Manas
Пайдасы тиеді ойлаймын!
AiEcPi
Ияя, мониторым сап-сары боп кетті!!!
Manas
иа,қазіргі уақытта солай тұрады, түске қарай өзгереді
dimash
Сіздерде де сондай экран сап-сары болып кетті ма?… бүртүрлі екен… Мұның қандай артықшылығы барЮ осылай сары болып тұрғанда көзді ауыртпайды ма?… Менде қазір сары болып тұр, дұрыс орнаттым ба?
Manas
иа, солай болып тұрады, мен де солай
AL-ASTER
Бұны қолданбадым, бірақ сап-сары болып кетсе, ол графикамен жұмыс жасайтын адамдардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін сияқты.
Маған ұнады, бұны қолданған кезде жанарым едәуір жеңілдікті сезінді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.